Өсімдік қозғалысы, тропизм, таксис. Биология, 7 сынып, презентация.
Өсімдіктердің қозғалу себептерін (тропизмдер, таксистер) түсіндіру
Термин сөздер
1. Тропизм-Тропизм- Tropism2. Таксис- Tаксис-Taxis3. Настии-Настии-Infusion4. Геотропизм-Геотропизм-Geotropism5. Плагиогеотропизм-Плагиогеотропизм-Plagiogeotropizm6. Аэротропизм-Аэротропизм-Aerotropism7. Термотропизм-Термотропизм-Thermotropism8. Хемотропизм-Хемотропизм-Hemotropizm9. Фототропизм-Фототропизм-Phototropism10. Эпинастий-Эпинастий-Epinasty11. Хемотаксис - Хемотаксис-Chemotaxis12. Термотаксис-Термотаксис-ThermotaxisСырттан тиген бірбеткей әсердің ықпалынан өсімдік мүшелерінің белгілі бағытқа қарай қозғалуын немесе майысуын тропизм дейміз. Өсімдіктің мүшелерінің бірнеше тропизмдері болады.
ГЕОТРОПИЗМ — өсімдік тамырының жер салмағы бағытымен жарыса немесе оған кері не көлбеп өсуі.
Үш түрлі геотропизм түрлері кездеседі: * оң геотропизм, * теріс геотропизм * плагиогеотропизм (трансверзальдық)
а) Оң геотропизм — өсімдік тамырының жер салмағы бағытымен жарыса өсуі — қағылған қазық сияқты жер центріне қарай тік енуі. Мысалы, бұршақ тұқымдас өсімдіктердің бірін-бедені алайық.
ә) Теріс геотропизм — өсімдік тамырының жер астына емес, үстіне қарай өсуі. Бұған кейбір өсімдіктің ауа тамыры мысал болады: орхидея
б) Плагиогеотропизм — өсімдік тамырларының жерге көлбей немесе жантая өсуі. Мысалы, көбінесе Қазақстандағы шөлдерде өсетін екі түрлі өсімдікті:
ГИДРОТРОПИЗМ — өсімдік тамырларының құрғақтан топырақтың ылғалды жағына қарай өсуі. Тамыр бұрылған жағындағы ылғалды және ондағы еріген минерал тұздарын қабылдап, өсімдік әрқилы қоректік заттармен өзін қамтамасыз етеді.
АЭРОТРОПИЗМ — өсімдік тамырының топырақта болатын оттегінің көп жағына қарай қисая өсуі. Соның арқасында тамырдың топырақтағы тыныс алуы жақсарып, өсімдік жақсы өседі.ТЕРМОТРОПИЗМ — тамыр ұшының өз тіршілігіне қолайлы жылуға қарай өсуі. Бұл — оң термотропизм. Егер топырақтың жылуы қалыпты жағдайдан асып немесе төмендеп кетсе, ондай жағдайларда тамыр ұшы ол бағыттан кері қайтып, өзіне қолайлы жаққа қарай бүрылады; бұл — теріс термотропизм. Осы қасиеттің нәтижесінде тамыр өзіне су және ондағы еріген минерал тұздарының сіңуіне қолайлы температуралық жағдай табады, яғни тіршілік процесін қамтамасыз етеді.ХЕМОТРОПИЗМ — өсімдік тамырының бір бағытта әсер ететін химиялық затқа қарай немесе одан кері майысып өсуі. Мұның біріншісі — оң хемотропизм, екіншісі — теріс хемотропизм. Өсімдік тамыры әрқашанда өзіне керекті концентрациясы бар минерал заттарына (тыңайтқыш затқа) қарай бұрылады. Соның нәтижесінде өзінің тіршілігіне кажетті әрқилы қоректік заттарды қабылдап өсе алады. Ал, хемотаксис — барлық денесі арқылы жылжуы: балдырларда. Хемотаксис деп, сонымен қатар, жоғары сатыдағы өсімдіктердің аналық мойнына тозаң түсіп өсуін де атауға болады.
ФОТОТРОПИЗМ — өсімдіктің жер үсті өркендерінің жарыққа қарай иілуі. Жарық жаққа қарай өсімдік мүшелерінің иілу, өсімдік мүшесінің біркелкі өспеуінен де болады. Өсімдіктің жарық жағындағы клеткалары әлсіз өседі де, ал жарық түспейтін жағы жылдам өседі. Бұл құбылысты байқау үшін мектеп жағдайында мынандай тәжірибе жүргізуге болады. Бидай немесе бұршақты терезе алдында өсіру, Өсіп шыққан өркендер терезе жаққа, жарық бар жаққа қарай иіледі.
Настилер — өсімдіктің өсу қозғалысының бірі, бүл кезде өсімдікке әсер бір жақты болмай, барлық жағынан (қоршаған орта) диффузданып әсер етуінен болатын қозғалыс. Настилер жеке фактордың әсер ету бағытына қарай жеке мүшелердің емес, өсімдіктің жалпы қимыл жағдайы өзгереді. Әдетте өсімдіктің қозғалысы өсуге , байланысты. Настикалық қозғалыстардың кейбіреулері (мысалы, мимоза) тургорлық жағдайға байланысты екені белгілі.
Эпинастий — жапырақтың, күлтенің үстіңгі жағы тез өсіп, жапырақ алақанының және күлте жиектерінің төмен қарай ашылуы. Гипонастии бұған керісінше болады. Настиге, сондай-ақ, гүлдердің түнде немесе күндіз ашылулары жатады, мұндағы негізінен қимыл туғызушы температуралық жағдай. Сейсмонастииге тургор қозғалыстарын айтуға болады. Бұны мимоза жапырақтарынан, насекоммен қоректенетін өсімдіктерден, қымыздық, шыбын жұты немесе дионадан байқауға болады Қимылдың бұл түрі мимоза өсімдігінде жақсы зерттелген, Сілкінудің немесе басқа жолмен тітіркенудің әсеріне мимоза жапырағының негізгі сағағы төмен қарай иіліп, екінші реттегі сағақтары жақындасып, жапырақтары қосарланып жинақталады. Механикалық әсерге жауап ретінде мимоза клеткалары өте тез тургорлық күйін жойып, жапырақтар салбырап қалады.Өсімдіктер мен жануарлардың тітіркенгіштіктерінің әрекетіне жауап қайтаратын осындай қозғалыстар таксис (гр. taxis - орналастыру, реті бойынша орналастыру) деп аталады. Ағзаның химиялық заттар (тұздар, қышқылдар, т. б.) әрекеті - хемотаксис деп аталады. Ал ағзаның қоршаған ортаның езгерісіне жауабы - термотаксис, ағзаның жарық деңгейіне жауабы - фототаксис деп бөлінеді.
Кестені толтырыңыз:
Үй жұмысы
1. Өсімдік қозғалыстарына байланысты ребус жасау2. Термин сөздерді 3 тілде жаттауӘлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды