Жануарлардың бөліп шығару жүйесі. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


Омыртқалы жануар кластары

Бөліп шығару жүйесінің мүшелері

Балықтар

Бүйрек-несепағар-қуық- зәр шығару өзегі

Қосмекенділер

Бүйрек-несепағар-қуық-клоака

Жорғалаушылар

Бүйрек-несепағар-қуық-клоака

Құстар

Бүйрек-несепағар-клоака

Сүтқоректілер

Бүйрек-несепағар-қуық-зәр шығару өзегі

Жануарлардың жүйелілік топтары:

Бөліп шығару мүшелері

1. Қарапайымдар

1. Амеба, кірпікшелі кебісше

Жиырылғыш вакуоль

Сақиналы құрттар

Нефридии – түтік тәрізді жүйе

2. Көпжасушалылар (омыртқасыздар)

1) Жәндік

Мальпигий түтігі

3. Омыртқалылар

1) Балықтар

Таспа тәрізді екі бүйрек, екі несепағар, қуық, аналь тесігі

2) Қосмекенділер

Бүйрек (2), несепағар, аналь тесігі.

3) Сүтқоректілер

Адам

Бүйрек (2), несепағар (2), қуық,

зәр шығару өзегі.

«Жануарлардың бөліп шығаруы» тақырыбына дидактикалық материал

Дидактикалық материал авторы: Попова Т.К.

Бөліп шығару – бұл организмде ыдыраудың соңғы өнімдерін босатып шығару процесі

Қандай заттар организмнен шығарылуы керек? (тіршілік процесінде түзілген заттар, сұйық, көмірқышқыл газы, қорытылмаған ас қалдықтары).

Түрлі жүйелік топтағы жануарлардың ыдырау өнімдерін шығару қалай жүретінін қарастырайық

Негізгі түсініктер.

Осморегуляция – организм немесе жасушадан артық судың шығарылуы.

Диффузия – заттардың концентрациясы жоғары аймақтан концентрациясы төмен аймаққа таралуы

Осмос – концентрациясы жоғары аймақтан концентрациясы төмен аймаққа жартылай өткізгіш мембрана арқылы еріткіштің қозғалысы (су).

Сабақ үдерісінде кесте толтырамыз.

Бөліп шығаруға қатысатын процестер мен мүшелерге шолу.

Жануарлардың жүйелік топтары

Бөліп шығаруға қатысатын мүшелер мен процестер

Бөліп шығару жүйесінің механизмі

1 Қарапайымдар

Жиырылу вакуолі

Диффузия мен осморегуляция

Қарапайымдар. Қарапайымдардың бөліп шығару органелласы жиырылу вакуолі болып табылады. Цитоплазмадағы зат алмасудың сұйық өнімдерін жинақтап шығарады. Бұдан басқа жиырылғыш вакуоль қарапайымдардың қоршаған ортадан денесіне өткен артық судан да арылтады. Қарапайымдардағы экскреция қызметі осморегуляция қызметімен бірге жүреді немесе организмнің ішкі ортасын үнемі тұрақты сақталады. Теңіз қарапайымдарының кірпікшелі кебісшеден басқасында, паразиттік түрлерінде жиырылғыш вакуоль болмайды. Зат алмасудың сұйық өнімдері бүкіл дене бетімен диффузия арқылы шығарылады.

Ішекқуыстылар – бөліп шығару және осморегуляция үшін арнайы мұшесі болмайды. Зат алмасудың негізгі өнімдері – жасушадан тікелей суға көмірқышқыл газы, аммиак диффузия жолымен шығарылады.

Жалпақ құрттар. Жалпақ құрттарда алғаш рет арнайы бөліп шығару жүйесі пайда болды. Олар жіңішке иілген түтіктер немесе протонефридии өзекшелері, негізгі қызметі- осморегуляция болып табылады.

Бөлектенген протонефридии ұштары бөліп шығару тесігімен аяқталатын көптеген тармақталған түтікшелерден тұрады. Жасушадағы қажесіз сұйықтықтар алғашында кірпікшелі эпителий жасушаларына диффузиялы өтеді, кейін түтікшелеге, бөліп шығару тесіктері арқылы организмнен шығарылады.

Жалпақ құрттар типі

Иілген түтіктер

Протонефридиальды тип

Сақиналы құрттар

Сақиналы құрттардың негізгі белгісі денесінің сегменттелуі болып табылады. Бөліп шығару мүшесі-нефридии. Олар әр сегментте жұптасып орналасқан. Әрбір нефридии бір сегменттен басталады да, бөліп шығару тесігімен келесі сегменттен аяқталады.

Сақиналы құрттар типі

Жұп иілген өзекшелер

Нефридиальды тип

Бунақденелілер типі

Бунақденелілер әртүрлі мекен ортада тіршілік етуге бейімделген сондықтан бөліп шығару механизмі де әртүрлі. Оның бірі құрлықта - су шығынын алдын алу. Бұл үшін бунақденелілер дене бетінен су булануын азайтатын, өткізбейтін хитинді кутикула қаптайды. Бунақденелілердегі бөліп шығару мүшесі - мальпигий түтігі, ерімейтін өнім несеп қышқылын түзеді және шығарады. Мальпигий түтігі ішек бойында орналасқан түтік болып табылады. Түтіктердің бір ұшы тұйықталған, екінші ұшы ішекке ашылады.

Омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйесі әрі қарай күрделенген түрде сипатталады

Балықтар класы.

Омыртқалылардың бөліп шығару жүйесі екі жұп бүйректен тұрады, олар капилляр арқылы өткен қаннан сұйық қалдық өнімдерін бөліп алады. Әрбір бүйректен несепағар шығады. Несепағарлар қуыққа жалғасады. Қуықтағы зат алмасу өнімдерінің қалдықтары зәр шығару өзегі арқылы шығарылады. Бүйрек капиллярлар тығыз торлаған көптеген бүйрек өзекшелерінен тұрады. Қандағы сұйық қалдық өнімдер диффузия есебінен бүйрекке өтеді.

Балықтардың бөліп шығару жүйесі қызыл-қоңыр түсті, таспа тәрізді тұлғалық екі бүйректен тұрады. Олар омыртқалар мен торсылдақ аралығында орналасқан. Бүйректе қаннан сүзілген қалдық өнімдер екі несепағармен ағып, қуыққа келеді, одан зәр шығару өзегі сыртқа шығарылады.

Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың бөліп шығару жүйесі. Қосмекенділердің жабыны шырышты тері болғандықтан, осмос заңы бойынша қоршаған ортадан көп мөлшерде су денесіне өтеді, артығы бөліп шығару жүйесі арқыл шығарылады.

Қосмекенділердің тұлғалық бүйректері дене қуысында омыртқаның екі жанында орналасқан. Несеп бүйректен несепағар арқылы клоакаға түседі, қуыққа жиналады. Бақалар тәулігіне терісі және несеп арқылы дене салмағының 3/1 дейін қалдық өнім бөліп шығарады.

Бауырымен жорғалаушыларда су сақтау үшін айтарлықтай өзгерістер боды. Тұлғалық бүйректер орнына жамбас белдеуде бүйректер пайда болды. Айырмашылығы оның сүзілу бетінің кішірек болуы. Зат алмасудың соңғы өнімі несеп қышқылы болып табылады.

Құстар мен сүтқоректілердің бөліп шығару жүйесі

Бөліп шығару – жамбас белдеу бүйректері. Құстарда қуық болмайды, зәр шығару жолында несептің жиналуы құстар ұшқанда дене салмағын артырар еді. Қуық болмағандықтан нәжіспен араласқан қоймалжың түрінде несеп жиі бөлінеді.

Сүтқоректілерде, барлық амниоттар сияқты жамбастық бүйректер болады. Қан арқалық аортадан бүйрек артериясы арқылы бүйрекке келеді. Қан тазаланып болған соң бүйрек венасы арқылы артқы вена қуысына өтеді.

Осылайша бөліп шығару жүйесінің эволюциясы арнайы маманданған мүшелер түзілуге бағытталған. Организмнің тіршілік әрекеті процесінде түзілген қажетсіз, зиянды заттарды шығаруды қамтамасыз етеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу