Жануарлардың бөліп шығару жүйелері.Жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


Көпжасушалы жануарлардың зәр шығаруы және зәршығару жүйесінің құрылысы

Жануарлар ағзасы айналадағы ортадан қорек, газ және суды үздіксіз денеге жеткізіп, оларды өңдеп, одан өз тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті заттарды алады. Сырттан келген және өңдеуден түзілген қажетсіз заттарды денесінен шығару да тіршілік үшін өте қажетті процесс. Ол заттар шығарылмаса, ағза «қоқыс жәшігіне» айналып, ластанып, уланар еді және көлемі, салмағы шексіз өсіп, ешбір қимыл-қозғалыссыз шөгіп жатар еді. Бұл сөзсіз тіршілікті жояды.

Ағзада түзілетін әр түрлі зиянды заттар қатты, сұйық және газ күйінде болады. Газдың ағзадан шығарылуымен таныстық. Ал басқа зиянды заттардың денеден шығуының өз жолдары бар. Оның құрылысы мен күрделілігі жануардың даму деңгейіне байланысты.

Құрттарда (ақ сұлама, шұбалшаң) зәршығару мүшесінің дене ішіндегі ұшы кеңірек кірпікшелі жұлдызша тәрізді болып жіңішке түтікке айналады да, оның ұшы тері жабыны арқылы сыртқа ашылады.

 Ұлуда зәршығару қызметін шапанша қуысына ашылатын бүйрек атқарады. Оның құрылсы күрделірек болғанымен, ол шұбалшаңның жұлдызша түтіктеріне ұқсас.

 Шаянтектестерде зәршығару мүшесінің қызметін жасыл түсті жұп без атқарады. Әр безден шығатын түтікше қан арқылы жиналатын зиянды заттарды мұртшалардың түбінен сыртқа шығарады.

 Өрмекшілер мен бунақденелілер негізінен мальпигий түтікшелері арқылы зәр шығарады. Дегенмен өрмекшінің көкірек бөлімінде бұйрегі болады. Ал қоңыздың тоқ ішек пен аш ішектің жалғасатын жеріндегі мальпигий түтікшелеріне денедегі зиянды сұйықтықтар жиналып, аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.

 

 Омыртқалы жануарлардың зәршығару жүйесі бір-бірімен ұқсас. Бүйректен несеп (зәр) несепағар түтігі арқылы қуыққа жиналып, одан клоакка арқылы сыртқа шығарылады. Дегенмен бұл жүйеде әр жануардың түріне қарай аздаған өзіне тән ерекшеліктер бар. Мысалы, құста қуық болмайды. Несеп бүйректен несеп түтігі арқылы клоакаға жиналады да, сыртқа жиі шығарылады. Бұл-құстың ұшуымен байланысты ерекшелік, яғни оның денесін жеңілдететін бейімділік қасиеті болып табылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу