Жануарлардың бөліп шығару жүйелері.Жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3 А Бөліп шығару

Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мұғалімнің аты жөні: Бекназарова Б.О.

Күні:

Сабақ тақырыбы

Жануарлардың бөліп шығару жүйелері.Жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 7.1.5.3 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар орындай алады:

  • омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың зәршығару жүйесінің құрылсын салыстырады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

  • омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың зәршығару жүйесінің құрылысын талдайды.
  • омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың зәршығару жүйесінің құрылыс ерекшеліктерінен кесте толтырады

Пәндік лексика мен терминология

Жиырылғыш вакуоль, нефридия, бүйрек, несепағар, қуық, үрпі жолы, ыдырау өнімдері, несепнәр, тер бездері, тер без саңлаулары

Диалог/жазу үшін пайдалы бірқатар үзінділер

Амебаның зәршығару жүйесі ..... .... Ақсұламаның зәршығару жүйесі .....

Шұбалшаңның зәршығару жүйесі болып табылады ......

Омыртқалы жануарлардың зәршығару жүйесі болып табылады .......

 Бағалау критерийлері

  • Омыртқасыздар және омыртқалылар өкілдерінің зәршығару жүйесінің құрылысын біледі.
  • Берілген өкілдердің зәршығару жүйесінің құрылыс ерекшеліктерін түсіндіре алады.
  • Әр түрлі ағзалардың (омыртқалылар мен омыртқасыздардың) зәршығару жүйесінің құрылысындағы 3-тен кем емес ерекшеліктерін кестеде анықтай алады.

Құндылықтарды дарыту

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық
  • Өмір бойы оқу

Пәнаралық байланыстар

Заттардың тотығуы кезінде химиямен байланыстырады. Заттардың тасмалдануы және диффузия кезінде физикамен байланыстырады.

АКТ қолдану дағдылары

Оқу үрдісін электрондық ресурстармен визуализациялау

Microsoft PowerPoint

Бастапқы білім

«Жаратылыстану» курсынан ағзалардың тіршілік қасиеттері мен фотосинтез үрдісі жайлы түсініктері бар, фотосинтез үдерісі туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

0-5

  • Оқушылар тыныс алу мүшелерінің ерекшеліктерін салыстыру үшін омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың ішкі құрылысының барельефті модельдерін қарастырады.
  • Мұғалім оқушылардан барельефті модельдерден бөліп шығару мүшелерін тауып, олардың аттарын атауды сұрайды.(құрттардың, моллюскалардың, бунақденелілердің, балықтардың, қосмекенділердің, жорғалаушылардың, сүтқоректілердің)
  • Мұғалім оқушылардан бұл жануарлардың бөліп шығару мүшелерінің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар екенін визуальды сұрайды.
  • Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Барельефті модельдер

(құрттардың, моллюскалардың,

бунақденелілердің, балықтардың, қосмекенділердің, жорғалаушылар-дың, сүтқоректілердің)

Оқу таныстырылымы

Мағынаны тану

5-15

15-20

20-30

30-35

1. «Биолоандия елінде» жаттығуы

Оқушылар мұғалімнің презентациясын көреді, оны талдайды және туындаған сұрақтардың тізімін дәптерлеріне жазады. Презентацияны талдап болған соң, оқушылар сыныпқа сұрақтарын қояды. Жауап беруге қиналып жатса, мұғалімнің өзі жауап береді.

  • «Биопазл» жаттығуы

Білімдерін қорытындылау үшін жануарлардың бөліп шығару жүйесі бойынша оқушылар жұбына омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару органдарының қиылған карточкаларынан кесте құрастырады. Кестені дәптерлеріне жапсырып қояды.

Жануарлардың систематикалық топтары

Зәршығару мүшелері

1.Омыртқасыздар

  • Қарапайымдылар
  • Амёба, кірпікшелі кебісше

Жиырылғыш вакуоль

  • Буылтық құрттар

Нефридия немесе жұлдызша тәрізді түтік

2. Көпжасушалылар (омыртқасызар/омыртқалылар)

1) Бунақденелілер

Мальпиги түтікшелері

3.Омыртқалылар

  • Балық

Бүйрек, несепағар, аналь тесігі

  • Жорғалаушылар

Бүйрек, несепағар, аналь тесігі

  • Құстар

Бүйрек, несепағар, клока

  • Сүтқоректілер

адам

Бүйрек, несепағар, қуық, зәршығару өзегі

3.Жануарлардың бөліп шығару жүйесін салыстыру.

Оқушылар қосымша материлдарды талдайды. Дәптерлеріне ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсететін кесте сызады.

Омыртқасыздар

Омыртқалылар

Ұқсастығы

Айырмашы

лығы

Оқу таныстырылымы

Қосымша 1

Қосымша 2

Рефлексия

35-40

  • Қорытынды қалыптастырушы бағалау

Дескриптор:

Сурет бойынша омыртқасыздар және омыртқалылардың бөліп шығару мүшелерін дұрыс анықтайды

Суреттегі омыртқалы және омыртқасыздардың бөліп шығару мүшелерінің ерекшеліктерін салыстырады

  • Рефлексия

Суреттегі гномиктерді таңдап мимикасымен сабақты қалай түсінгендерін білдіреді

Қосымша 3

Оқу таныстырылымы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар жасайды: омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың бөліп шығару жүйесінің құрылымын салыстырады.

Көпшілік оқушылар жасайды: жануралар мен өсімдіктердің бөліп шығару органдарын атайды.

Кейбір оқушылар жасайды: бөліп шығару органдарының эволюциясына тіршілік ортаның әсеріне баға береді.

Сабақтың басында Барельфті модельдердің көмегімен ЗБР-ді анықтайды. Сабақтың ортасында таблицаны толтыру арқылы сабақты қорытындылайды. Сабақтың соңынды қорытынды бағаны өзара сұақтар қою арқылы бағалайды

Заттардың тотығуы процесін қарастырғанда химиямен, заттардың тасмалдануы және диффузия кезінде физикамен биология пәнінің байланысы қарастырылады. Жұппен жұмыс олардың жұмысын басқа оқушылармен және мұғаліммен талқылау басқа оқушылардың пікірін сыйлауды, сыныптастары мен және мұғаліммен тиісті қарым-қатынаста болу қабілетін дамытады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Жануарлардың систематикалық топтары

Зәршығару мүшелері

  • Омыртқасыздар
  • Қарапайымдылар
  • Амёба, кірпікшелі кебісше

Жиырылғыш вакуоль

  • Буылтық құрттар

Нефридия немесе жұлдызша тәрізді түтік

2. Көпжасушалылар (омыртқасызар/омыртқалылар)

1) Бунақденелілер

Мальпиги түтікшелері

3.Омыртқалылар

  • Балық

Бүйрек, несепағар, аналь тесігі

  • Жорғалаушылар

Бүйрек, несепағар, аналь тесігі

  • Құстар

Бүйрек, несепағар, клока

  • Сүтқоректілер

адам

Бүйрек, несепағар, қуық, зәршығару өзегі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу