Өсімдіктердің бөліп шығару өнімдері Зертханалық жұмыс «Өнген тұқымның мысалында өсімдіктердің бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу». Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.
Сыртқа бөліп шығарушы ұлпалары мен өнімдері
Безді түктер. Эпидермистің жасушаларынан пайда болады. Олар эфир майларын, шайырды, және т.б. заттарды жинап қана қоймай, оларды өсімдік денесінен газ түрінде, сүйық және қатты күйінде өсімдік денесінен сыртқа шығарып отырады.
Шірнеліктер. Өсімдіктердің мүшелерінің сыртына көмірсулардың (тәтті сұйық зат – некткар немесе шірнелік) ерітіндісін бөліп шығаратын бездер. Шірнелік негізінен гүлдің бөліктерінде кездеседі. Шірнеліктерден бөлінетін қантты сұйықтар гүлдің тозандануын қамтамасыз ететін бунақденелілерді өздеріне еліктіреді. Шірнелік жасушаларының цитоплазмасы қою және оларда зат алмасу белсенді жүреді.
Гидатодтар. Бұл сулы лептесіктері, жапырақтың өткізгіш ұлпаларымен байланысты тамыршасы-талшық шоғы. Олар жапырақтың шетінде, көп жағдайда иректелген тісті жиектерінің ұштарында орналасады. Олар су тамшыларын және онда еріген тұздарды бөліп шығарады.
Гидатодтар арқылы су тамшыларының бөлінуі гуаттация деп аталады. Бұл құбылыс өсімдіктерде транспирация баяулап, артық су жиналған кезде (шық) байқалады. Гуаттация арқылы өсімдік өзінің денесіндегі артық судан және тұздан арылады.
Ас қорыту бездері. Ас қорыту бездеріне бунақденелілермен қоректенетін (шықшылдық, дүңгіршек және т.б.) өсімдіктердің сыртқа бөліп шығарушы ұлпалары жатады. Бездер бөліп шығаратын сұйықтық құрамында бунақденелілерді қорыта алатын ферменттер, қышқылдар болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?