Өсімдіктердің бөліп шығару өнімдері Зертханалық жұмыс «Өнген тұқымның мысалында өсімдіктердің бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу». Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өсімдіктердің бөліп шығару өнімдері

Зертханалық жұмыс «Өнген тұқымның мысалында өсімдіктердің бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу

Сабақ мақсаттары

Өсімдіктердің бөліп шығару өнімдерін талқылау

Фотосинтез үдерісіндегі түзілетін соңғы өнімдерді қарастыру

Өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеуді үйрету

Бағалау критерийлері

Өсімдіктердің бөліп шығару өнімдерін біледі

Фотосинтез үдерісіндегі соңғы өнімдерді біледі

Өсімдіктердің тыныс алу мүшелері мен өнімдерін біледі

Тілдік мақсаттар

Өсімдіктердің бөліп шығару өнімдерін анықтайды және ауызша сипаттау кезінде, айтылым дағдыларын дамытады.

Пәндік лексика мен терминология:

Лептесік, жасымықша, тынысалу, фотосинтез, булану, газалмасу, бөліп шығару өнімі, оттегі, көмірқышқыл газ, су.

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы:Фотосинтез кезінде өсімдік бөледі ....

Өсімдік тыныс алу кезінде бөледі .....

Өсімдік буландыру кезінде бөледі.....

Лептесік ......

Жасымықша ......

Құндылықтарды дарыту

Құрмет: оқушылар сабақ барысында өзіне және өзгелерге кедергі келтірмейді. Мұғалімнің және өзгенің пікірін тыңдап, өз ойын білдіреді.

Өмір бойы оқу: зертханалық жұмыс жасау барысында, зерттеушілік дағдыларын дамытады. Жасаған зерттеушілік жұмысына өзіндік рефлексия жасайды.

Азаматтық: өсімдіктердің бөліп шығару өнімдерінің қоршаған ортаға маңыздылығын түсінеді.

Пәнаралық байланыстар

География пәні бойынша қырықжапырақтар мен мүктердің тіршіліктің девон және карбон кезеңдерінде пайда болуына назар аудару.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтордан видеокөрініс көрсетіледі

Бастапқы білім

«Жаратылыстану» курсынан ағзалардың тіршілік қасиеттері мен фотосинтез үдерісі жайлы түсініктері бар, фотосинтез үдерісі туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сабақтың мақсаты тақтаға ілінеді.
  • Терминдермен жұмыс.
  • Бағалау критерийлері үлестіріледі.

Презентация

5 минут

3 минут

Сабақтың ортасы

4 минут

3 минут

3 минут

3 минут

3 минут

5 минут

3 минут

3 минут

IІ. Мағынаны тану.

(Т) Оқушыларға фотосинтез үдерісіндегі лептесіктің маңыздылығы туралы бейнематериал көрсету арқылы тақырыпты ашу.

Оқушыларға түсіндіру жұмысын жүргізу:

  • Өсімдіктердің бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің соңғы өнімдері.
  • Өсімдіктердің бөліп шығару ұлпасы: сүт жолы, шайыр жолы, безді түктер.

ІII. Зертханалық жұмыс.

(Т) Оқушыларға өсімдіктегі оттегі, көмірқышқыл газы мен судың бөлінуі туралы зертханалық жұмыстың маңызын түсіндіру.

IV. Жеке жұмыс.

Оқушыларға зертханалық жұмыс парағын тарату.

  • Зерттеу сұрағы:

1.Өсімдіктер үшін суды, оттегіні, көмірқышқыл газын бөліп шығарудың маңызы қандай?

2. Бөліп шығаруда өсімдіктердің қандай мүшесі негізгі қызметті атқарады?

  • Оқушылар зертханалық жұмыстың болжамын жазады.

Өнген бидай тұқымдары бар шыны ыдыстың түтікшесі енген

сынауықтағы сұйықтық лайланады деп болжам жасауы мүмкін.

  • Зерттеу жұмысының айнымалылары:
  • Тәуелсіз
  • Тәуелді
  • Бақыланатын
  • Құрал-жабдықтар:
  • көлемі 300-400 мл 2 шыны ыдыстар;
  • шыны ыдысты жабуға арналған резеңке тығынды;
  • сынауық (тығынды);
  • «П» тәрізді иілген шыны трубкалар, химиялық стакан, барий гидроксиді, бидайдың өнген тұқымдары.
  • Қауіпсіздік шаралары:
  • Қауіп неден төнеді
  • Қандай қауіп бар
  • Сақтану шарасы
  • Жұмыс барысы:
  • Шыны ыдысқа 50-60 г өнген бидай тұқымдарын салып, оны шыны түтікше және құйғы қойылған тығыз тығынмен жауып, 1-1,5 сағатқа қойып қояды.
  • 1-1,5 сағаттан кейін шыны түтікшелердің бос ұшын барий гидроксидінің ерітіндісі бар сынауыққа түсіріп, құйғы арқылы су құйып, салыстырады.
  • Өнген бидай тұқымдары бар шыны ыдыстың түтікшесі енген сынауықтағы сұйықтықты бақылау.
  • Зерттеу нәтижелері :
  • Бақылаудағы зат
  • Бақылауға дейін
  • Бақылаудан кейін

V. Бекіту.

  • Қорытынды
  • Талдау

https://www.twig-

bilim.kz/film/photosynthesis-6384/

Қосымша 1

Сабақтың соңы

2 минут

VІI. Рефлексия:

  • бүгінгі сабақта не білдіңдер?
  • бүгінгі сабақ несімен ұнады?
  • бүгінгі сабақтан соң өздеріңе қандай қорытынды шығардыңдар?

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз ? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті төменірек оқушыларға жұмыс барысында қолдау көрсетіледі. Сұрақтар деңгейленіп қойылады.

Зерттеу сұрақтары арқылы.

Бекіту тапсырмасы.

Биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері. Сергіту сәттері мен партада дұрыс отыру ережелері, 3-4 және 7-8 сабақтарда көзге жаттығу жасау.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттың кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды баға

Ең табысты екі сәті қандай еді (білім беру мен оқуды қараңыз)?

1:

2:

Сабақтың қандай екі сәтін жақсарттым (білім беру мен оқуды қараңыз)?

1:

2:

Мен сабақта сынып және жекелеген адамдар туралы нені білдім, мен келесі сабақта нені әңгімелеймін



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу