Тірі ағзаларда тыныс алудың маңызы. Тынысалу-энергия көзі. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Азмаханова В.Б

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тірі ағзаларда тыныс алудың маңызы. Тынысалу-энергия көзі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Тірі ағзаларда тыныс алудың маңызын сипаттау

Бағалау критерийі

Әр түрді ағзалардың тынысалу құрылымдарын біледі. Тынысалудың маңызын түсіндіреді,зерттейді

 Сабақ мақсаттары

  • Барлық оқушылар ең алдымен тыныс алудың не екенін және оның маңызын талқылайды (айтылым және тыңдалым дағдылары)
  • Көптеген оқушылар тыныс алудың маңызын сипаттайды (айтылым, тыңдалым және жазылым дағдылары)

Кейбір оқушылар аэробты және анаэробты тыныс алуды салыстырады, тірі ағзалар үшін анаэробты тыныс алудың маңызын сипаттайды (айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары)

 Бағалау критерийлері

Оқушылар тынысалудың ағзадағы маңызын түсіндіреді. Тынысалу типтерін өзара ажыратып, ауызша-жазбаша сипаттай алады

 Тілдік мақсаттар

 

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Тыныс алу, энергияны босату, демді ішке тарту, дем шығару,

көмірқышқыл газы, оттегі, глюкоза,

энергия,

тыныс алу жиілігі, бұлшықеттер.

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

глюкоза +оттегі → СО2 +Су (+энергия)

  • Тыныс алу энергияны босатады.
  • Тыныс алу - ...
  • Оттегі болмаған жағдайда анаэробты тыныс алу болады… .
  • Оттегі болған жағдайда аэробты тыныс алу орын алады ….. .
  • Өсімдіктерде тыныс алу …. .
  • Омыртқасыз жануарларда тыныс алу ….. байланысты емес.
  • Омыртқалы жануарларда тыныс алу органдары …… байланысты.
  • Бұлшықеттер көп мөлшерде оттегіні ......... үшін қажет етеді.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Тынысалудың дұрыс жүзеге асуының ағза денсаулығына әсерін түсінеді. Дұрыс тамақтану мен дұрыс тынысалудың жолдарын,маңызын түсіндіреді. Ұрпақ денсаулығын сақтау арқылы ел болашағына үлес қосу мәнін түсіндіре алады

 Пәнаралық байланыстар

Химия-биология

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, ғаламтор желісі,компьютерлер

Бастапқы білім

Оқушылар «Жаратылыстану» 6 сынып курсынан жануарлар мен өсімдіктер оттегін тыныс алу үшін қолданатынын біледі. Оқушылар тыныс алу процесінің ауадағы оттегі мен ағзадағы көмірқышқыл газы арасындағы алмасу процесі екендігін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10мин

Сабақ мақсатымен таныстыру

(К) Оқушыларға «дұрыс» немесе «бұрыс» деп жауап бергізу арқылы тынысалудың маңызына тоқталу.

Блиц-опрос

Сабақтың ортасы

10-25мин

25-35мин

35-40

(Д) «Лимон батарейка ролінде» тақырыбында практикалық жұмысты көрсетемін. Ол үшін арақашықтығы 2 см болатын мыс сымдарын,лимондар, электр лампасы қажет болады. Төменде суреттегі құрылғыны жасаймын.

В)

(Г) Оқушылар топта ағза үшін энергияның не үшін маңызды екенін, энегрия көзі ретінде қоректік заттардың шикізат ретінде жасушаға керек екенін талқылайды. Ол үшін ең алдымен олар төмендегідей сұрақтарды талдауы тиіс:

 1. Өсімдіктегі газалмасу

 Өсімдікте арнайы тынысалу мүшесі жануарлардағыдай емес.Оттегі тамыр,жапырақ,сабақ арқылы енеді.

 - Осы аталған үш мүшенің қайсысы оттегіні басқаларына қарағанда көбірек сіңіреді? (Жапырақ арқылы,дәлірек айтқанда-лептесік арқылы. Жаңбыр кезінде лептесік жабық болады)

  - Жапырақ алақанында күндіз қандай құбылыстар жүреді? Тынысалу (оттегі мен көмірқышқыл газының алмасуы) және фотосинтез ( оның өнімі оттегі болып табылады.)

 - Түнде жапырақ тақтасында қандай құбылыс жүреді? (тек тынысалу.)

 - Неге жылыжайларда көмірқышқыл газын жасанды түрде ,ал жарықтандыру электр лампасы арқылы жүреді? (Фотосинтез құбылысын тездету үшін (жарық пен СО2 газын мөлшерге жеткізу үшін және өсімдіктің белсенд өсуі үшін

 2. Жорғалаушылар,құстар және сүтқоректілердегі газалмасу

 - Жорғалаушылар,құстар және сүтқоректілердегі тынысалу мүшесі не деп аталады?(Өкпе.)

 - Өкпені ауамен толтыру қалай аталады? Біз жасаймыз... (Демалу.)

 Өкпеден қан оттегіні керекті жасушаларға алып кетеді. Оған қоса сол жасушалардағы көмірқышқыл газын қабылдап алып, өкпеге қайтарады. Сондықтан әр жануар үшін қылтамырлардың маңызы үлкен.

  - Өкпеден ауаны шығару қалай аталады? Біз жасаймыз... (Тыныс шығару.)

 3. Балықтың тынысалуы

 Балықтар суда еріген оттегімен тыныс алады. Суда еріген оттегі мөлшері ауадағымен салыстырғанда аздау болады.

 - Балықтардың арнайы тынысалу мүшесі не деп аталады? (Желбезек.)

 Балықтар суды үнемі бір бағытта қозғап оны кері бағытта қозғау арқылы суда еріген оттегіні желбезекке бағыттайды. Балықтар ауаға шықса өледі.

 4. Бунақденелілердің тынысалуы

 - Бунақденелілердің арнайы тынысалу мүшесі не деп аталады? (Трахея.)

 - Бунақденелілердің құрсақ бөлігіндегі оттегіні трахеяға бағыттайтын мүше аһқалай аталады? (Дыхальца.)

 5. Біржасушалы жануарлардың тынысалу ерекшеліктері

 Біржасушалы жануарлар суда еріген оттегімен тыныса алады немесе диффузия үрдісін пайдаланады

 - 5-ші сыныптағы Жаратылыстану ғылымынан еске түсірейік.

 Диффузия дегеніміз не? (Диффузия – бұл бір молекула түрінің келесі молекулалар түрінің қозғалысы есебінен біркелкі таралуы.)

 Бұл жасушаға сыртқы ортадан оттегі енуі үшін диффузия үрдісі іске асады дегенді білдіреді

Қорытындысында оқушылар тұжырымдар жасайды:

Тынысалудың маңызы:

Оқушылар тұжырымдар жасайды, флипчартқа жазып талдайды

-Жуылып,сүртілген лимондар.

-Ұзындығы 10 см,қалыңдығы шамамен 0,2-0,5 мм болатын мыс өткізгіштер;

-Қағаз қыстыруға арналған темірлер

-Қалта шамы

http://chemistry.about.com/od/chemistryhowtoguide/a/fruitbattery.htm

http://na-uroke.in.ua/5-166.html

http://na-uroke.in.ua/5-166.html

Сабақтың соңы

40-45 мин

(К)Осыдан кейін оқушылар ортақ идеяларды қосып, тынысалуға ортақ сипаттама береді

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Формативті бағалау арқылы оқушылардың белсенділігін анықтау

Оқушыларға тынысалудың адам өмірі мен денсаулығы үшін жоғары маңызды екенін түсіндіру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу