Омыртқасыздар және омыртқалылардың тыныс алу мүшелерін салыстыру. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2С: Тыныс алу

Мектеп: Қызылорда қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сапарова А.С.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

10

Сабақ тақырыбы

7.1.4.4 Омыртқасыздар және омыртқалылардың тыныс алу мүшелерін салыстыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Омыртқасыздар

және омыртқалылардың тыныс алу мүшелерін салыстыру

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • әртүрлі тыныс алу жүйелерінің құрылысын анықтайтын болады

Қатысушылардың көпшілігі:

  • әртүрлі тыныс алу жүйелерінің құрылысын арасындағы айырмашылықты түсінетін болады

Кейбір оқушылар:

  • әртүрлі тыныс алу жүйелерінің құрылысын артықшылығы мен кемшілігінің сәйкестігін анықтайтын болады

 Бағалау критерийлері

  • әртүрлі тыныс алу жүйелерінің құрылысын анықтайды .
  • әртүрлі тыныс алу жүйелерінің құрылысын кемінде үш артықшылығын талдайды және анықтайды.

Тілдік мақсаттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқытудың тілдік мақсаты:

Оқушылар орындай алады: Оқушылардан суретте көрсетілген әртүрлі тыныс алу жүйелерінің құрылысын кемінде үш артықшылығы мен кемшілігін жазады. Сонымен қатар әртүрлі тыныс алу жүйелерінің құрылысын артықшылығы мен кемшілігінің сәйкестігін анықтайтын болады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қазақша

Ағылшынша

тыныс алу

respiration

газ алмасу

gas exchange

оттегі

oxygen

демтесік

spiracles

желбезек

gills

трахеи

trachea

бронхи

bronchi

өкпе

light

 

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Омыртқасыз жануарларда тыныс алу ….. байланысты емес.

-Омыртқалы жануарларда тыныс алу органдары …… байланысты.

-Бұлшықеттер көп мөлшерде оттегіні ......... үшін қажет етеді.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

«Мәңгілік ел» құндылығы:

Біздің қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім

Мектеп құндылығы: Ынтымақтастық – жарқын болашақ үшін бірлесу

 Пәнаралық байланыстар

-физика: газдардың қозғалуы тұрғысында ;

-химия: оттегі молеукуласы мен органикалық заттар арасында қосылыстардың түзілуі мен энергияның босап шығуы.

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушыларға презентация арқылы ақпарат беріледі.

Ғаламтордың көмегімен тапсырмалар орындайды және тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинақтайды.

Бастапқы білім

Оқушылар жануарлар мен өсімдіктер оттегін тыныс алу үшін қолданатынын біледі. Оқушылар тыныс алу процесінің ауадағы оттегі мен ағзадағы көмірқышқыл газы арасындағы алмасу процесі екендігін біледі

6 сынып «Биология»

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

5-10мин

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен шаттық шеңбер құру арқылы оқушылардың арасында татулық атмосферасын құру.

Миға шабуыл

-Тынысынызды ұстап өзініздің сезімдерінізді белгілеңіз

-Нені сездіңіз?

-Тыныс бізге не үшін қажет?

-Қай газ және неліктен ол бізге қажет?

-Қандай жолдармен оттегі біздің ағзамызға кіре алады?

-Тыны салу органдары барлығында бірдей ме?

Оқушылармен бірге оқу мақсатын анықтау

Проблемалық сұрақ

Тыныс алу – барлық тірі ағзалардың қасиеті мен сипаттамасы.

Түрлі даму кезеңінде тұрған жануарлар бірдей тыныс алады. Алайда тыныс алу жолдары әр түрлі болып табылады.

Қай жануарларда бірінші болып тыныс алу органдары пайда болды?

Топтық жұмыс:

(Т) Әр топқа әртүрлі тыныс алу жүйелерінің құрылысын демонстрациялайтын схемалар беріледі. Содан кейін оқушылар берілген схемаларды салыстырады, тыныс алу жүйелерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтары бар кесте толтырады.

Жануарлар топтарының атауы

Тыны салу органдары

Құрылымдық ерекшеліктері

Бір жасушалы ағзалар

 Жоқ. Бүкіл дене қабатымен тыныс алады.

 

Ішекқуыстылар

 Жоқ. Бүкіл дене қабатымен тыныс алады.

 

Жәндіктер

 Трахея

 Әрбір сегментінде демтесіктер бар.

Балықтар

 Желбезек қақпағы, желбезек .

 Желбезектер желбезек доғалармен және желбезек талшықтармен.

Құстар

 Өкпе, бронх, ауа қапшықтары.

Өкпе – кеуекті, тығыз. Бронхтар өкпеге тармақталған және ауа қапшықтарын құрайды.

Сүтқоректілер

 Трахеялар, бронхтар, өкпе, альвеолдар, диафрагма

Өкпе – кеуекті , бронхтар өкпеге тармақталған, альвеолдар капилярлармен оралған.

С = барлық сыныпты оқыту

ТЖ = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс

Э = оқу эксперименті

Д = мұғалімнің демонстрациясы

T = мұғалімнің түсіндіруі

ЖЖ = жұптық жұмыс

ҚБ = қалыптастырушы бағалау

= қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер

Балықтардың және бунақденелілердің схемаларын осы жерден табуға болады:

http://www.biology-resources.com/insects-02.html

http://www.biology-resources.com/fish.html

Сүтқоректілердің өкпесі және шегіртке бойынша нұсқаулықтарды осы жерден табуға болады:

http://www.nuffieldfoundation.org/practical-biology/ventilation-systems

Сабақтың ортасы

10-13 мин

13-27

(Т немесе Д) (Э) Оқушылар балықтың тыныс алу мүшесін және сүтқоректілердің өкпесін препарациялайды (кесу)

(С) балықтың тыныс алу мүшесін және сүтқоректілердің өкпесінің арасындағы айырмашылықты бүкіл сыныппен талқылайды

Жұптық жұмыс.

(ҚБ) Оқушылар тыныс алу бойынша омыртқасыздар мен омыртқалылырдың тыныс алу мүшелерінің ерекшеліктері туралы кітапшаны (брошюра) жасайды

Балықтар бойынша:

http://www.bu.edu/gk12/adam/Fish_Dissection_instr.htm

[]Қойдың өкпесі мен балықтың желбезегін скальпельмен кесу уақытынды жұмыс жасауды ұқыптылығын қамтамасыз ету.

Жұмыс үшін халат, резеңке қолғап және қорғаныш көзілдірік қажет.

Сабақтың соңы

27-37

37-40

(ҚБ) Оқушылардан әртүрлі тыныс алу жүйелерінің құрылысын сызбаларын құрастыруды сұралады

Оқушылар құрастырған сызбаларын өзара салыстырып, қателерін түзете алады.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үйге тапсырма беру.

Жергілікті жердің өсімдіктерін анықтайды және тозаңдану түрлерін ажыратады.

ҚБТ

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар әртүрлі тыныс алу жүйелерінің құрылысының айырмашылықтары мен артықшылықтарын жаза алады.

Оқушыларға жабық және ашық сұрақтар қойылады

Мұғалім оқушыларды ауызша бағалайды. Топтық жұмысты оқушылар критерийлер арқылы бағалайды. Жұптық жұмыста оқушылар әртүрлі тыныс алу жүйелерінің құрылысының тізімін өзара бағалайды.

Оқушылардың сызбаларының құрастыруы бағаланады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Микроскоппен, заттық шыны, микропрепаратпен жұмыс жасағанда абай болу. Сабақ барысында белсенді оқыту әдістерін қолданудан бұрын оқушының көңіл күйлеріне назар аудару

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу