Бунақденелілер, балықтар және адамның тыныс алу жүйесі. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша №1
Тынысалу дегеніміз - ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі. Құнарлы заттардан энергия алу үшін оттегі қажет. Сондықтан тыныс алу үнемі жүзеге асып тұруы тиіс.
Жәндіктер атмосфералық ауаны – трахея (кеңірдек) жүйесімен жұтады, ал суда тіршілік ететін дернәсілдерінде екінші реттік трахея не кутикулалы желбезек дамиды.
Балықтардың тынысалу мүшесі – желбезек. Желбезек желбезек доғаларынан құралады. Әр доғаның бір жағында желбезек күлтесі, екінші жағында желбезек талшықтары орналасады. Желбезектің осындай нәзік бөліктерін желбезек қақпағы жауып жатады. Балықтар суда тіршілік ететіндіктен суда еріген оттегімен тыныс алады, ол суды толассыз жұтумен болады. Тыныс алу кезінде жұтылған су желбезек саңылауы арқылы желбезек бөліктерімен ұласады да желбезек күлтесіндегі майда қан тамырларға судағы оттегі сіңіп, ондағы көмірқышқыл газы ығыстырып шығарады. Көмірқышқылына қаныққан ауа желбезек саңылауы арқылы сумен бірге сыртқа төгіледі.
Тынысалу жүйесінің орталық мүшесі - өкпе. Одан басқа ауа жолдары: мұрын қуысы, ауыз қуысы, аңқа, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және ауатамырлар қажет. Ауа тарататын барлық жолдар ішкі жағынан кірпікшелі эпителиймен астарланған, ол кірпікшелердің қимылымен қатты тозаң бөлшектерін шығарып тастайды. Мұрын қуысы қантарату қылтамырларымен мейлінше жабдықталған және оны иіс сезу рецепторлары бар сілемейлі, кірпікшелі эпителий астарлайды. Сондықтан ауа мұрын қуысында шаң мен ұсақ ағзалардан тазартылып, дене температурасын қабылдайды, оның иісін анықтайды. Ауыз қуысы дегеніміз — тынысалу жүйесінің мұрын уақытша жұмыс істемеген кезде (мұрын бітелгенде, мұрыннан қақ бөлінгенде, қан ақанда, т.б.) пайдаланылатын сақтама жолы. Аңқа дегеніміз - ауыз және мұрын қуыстарының қосылған жері. Ол тынысалу және асқорыту жүйесінің ортақ бөлімі - жұтқыншаққа ұласады. Жұтқыншақтың соңғы ұшы тармақталады. Бір тармағы — өңешке қарай, екіншісі көмекейге астасады. Көмей (көмекей) шеміршектерден түзілген, олардың ең үлкені қалқанша шеміршек (еркекте өндіршек). Мүның арасындағы маңызды шеміршек - көмей қақпашығы (көмей шодыры). Ол асты көмейге жібермей, өңешке қарай бағыттайды. Көмекей құрамына шеміршектерден басқа дауыстық ағзалар жиынтығы енеді. Ол екі сілемейлі дыбыстық байламнан құралады да, олардың аралығында дыбыстық саңылау орналасады. Әңгімелесу кезінде саңылауды байламдар жауып қалады да ауа олар арқылы күшпен қысылып шығып, дыбыс түзіледі. Байламдар неғұрлым (көмейден үлкен) ұзын болса, дыбыс соғұрлым жуан болады. Дыбыстың еркекте-жуан, әйелде көбінесе жіңішке болатыны сондықтан.
Көмекей жартылай сақиналы шеміршектерден тұратын түтік - кеңірдекке ұласады. Кеңірдек өңештің алдыңғы жағында орналасады. Сондықтан ішкі жағында және жартылай сакиналар аралығында жұмсақ дәнекер ұлпатек болады. Соның арқасында ас жентегі кеңірдек шеміршегіне қысым түсірмей, өңешпен еркін жылжиды. Кеңірдек екі ауатамырларға тармакталады. Ауатамырлар шеміршек сақиналарынан құралады. Олар бұрынғысынан да ұсақ ауа тамырлық тармақшаларға (бронхиолдарға) тармақталып, өкпе ішінде «бронхиолды ағаш» түзеді. Ауатамырлық тармақшалардың ең ұсақтары өкпе көпіршіктері - альвеолдармен аяқталады. Көпіршіктердің әрқайсысын қан тарату қылтамырлары торлап жатады. Оларда веналық қан болады, ол оттегіне қанығып, артериялық қан болып шығады. Гемоглобин көмірқышқыл газды беріп, оттегін қосып алады (карбогемоглобиннен оксигемоглобинге айналады). Өкпе көпіршіктері және веналық қылтамырлардын кабырғасы арқылы газ алмасады. Өкпе альвеолдар жәрдемімен өте қан ұяшықтарға бөлініп, газалмасатын үстіңгі қабаттың көлемін өте ұлгайтады. Қанның оттегіне қанығуына өкпедегі ауа құрамы алмасады. Атмосфералық ауа (тыныс алғанда) құрамында 21% оттегі және 3% көмірқышқыл газы болады. Өкпе арқылы (тыныс шығарғанда) өткен ауа құрамында 16% оттегі және 4% көмір қышқылы қалады. Ауадағы азот мөлшері өзгермейді (74%). Өкпе қызметың маңызды көрсеткіші ӨТС-өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы. Бұл өте терең тыныс алған соң адамның тыныс шығара ала-I ми пуп мөлшері. Оның орташа мөлшері 3,5 л немесе 3500 см3. Жаттыққан адамдарда ӨТС бұдан көбірек (5-7 л және одан артықтау) болады. ӨТС неғұрлым жоғары болса, өкпе соғұрлым жақсы қызмет атқарады.
Өкпе жұптасқан мүше. Оң жақ өкпе үлкен және үш бөлікке, ал сол жак өкпе жүрек есебінен екі бөлікке бөлінеді. Өкпені сыртынан тегіс дөнекер түптек (ұлпа) - өкпесіріқауызы (ішкі) қаптайды. Ол өкпемем тұтасып кеткен, оларды ажыратып алу мүмкін емес. Кеуденің (қабырғалар, қабырға аралық бұлшықет және көкет) ішкі жағына сыртқы тарақ - сыртқы сіріқауыз тұтасып кетеді. Сіріқауыздың екіта-рақтарының аралығында мөлшері 1-2 мм шағын кеңістік бар. Бұл -сіріқауыздық куыс. Оған сіріқауыздық сұйықтық толы болады. Соның арқасында өкпе кеудеге берік жалғасатындықтан, біз тынысалу қимылдарын іске асырамыз. Егер қабырға аралық бұлшықеттер мен көк ет жиырылса, одан кеуденің көлемі және соғни сөйкес өкпенің көлемі арта түседі. Сөйтіп тынысалу жүзеге асады. Егер қабырға аралық бұлшықеттер мен көк ет босаңсыса, онда кеуде мен өкпенің көлемі кішірею есебінен тыныс шығарылады. Тынысалу жүйке гуморальды жолмен реттеледі. Тынысалу орталыгы сопақша мида орналасады. Ол тыныс алу және тыныс шығарудың рефлекторлық алмасуын реттейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?