Өсімдіктердің тыныс алуы. Биология, 7 сынып, презентация.


Еріндерінді қатты қысып,мұрындарынды қолмен жабыңыз

Бірнеше уақыт (2-3 мин)тыныш күйде отырыңыз.

Сұрақтар:

1. Өзіңізді қалай сезінесіз? Қандай сезімде болдыңыз, сипаттап беріңіз?

2. Бұл немен байланысты қалай ойлайсыз?

3. Қанша уақыт тыныс алмауға болады?

4 . Қалай тыныс аламыз?

Сабақ тақырыбы

Өсімдіктің тыныс алуы

Оқу мақсаты:

Өсімдіктердегі тыныс алуды зерттеу

Тыныс алу

Аэробты

Анаэробты

оттекті

оттексіз

Глюкоза + оттегі = көмірқышқыл газ + су + энергия

Анаэробты тыныс алу

Глюкоза = сүт қышқылы + энергия

Сұрақтарға жауап беру:

1. Өсімдіктің арнайы тыныс алу мүшелері бар ма?

2. Тыныс алу кезінде қандай газ сіңіріледі және шығарылады?

3. Өсімдіктің тыныс алуы дегеніміз не?

Тыныс алу процесінде өсімдіктің көмірқышқыл газын шығаруы

Тәжірибе басында

1 тәуліктен кейін

Тыныс алу процесіне қатысатын өсімдік мүшелері

өркендер

тамыржеміс

тұқым

Фотосинтез бен тыныс алу

Барлық көп жасушалы организмдер сияқты өсімдік жасушаларының құрамында аэробты тыныс алудың жасуша орталығы — митохондрия бар. Сондықтан барлық өсімдік жасушалары тыныс алады және тыныс алу кезінде оттекті сіңіреді. Тыныс алу фотосинтезге қарама-қарсы процесс. Тыныс алу кезінде органикалық қосылыстар ауадағы оттектің көмегімен тотығып, энергия және көмірқышқыл газы бөлінеді. Тыныс алу жасушаның энергетикалық қажеттілігін өтеу үшін керек. Әсіресе ол өсімдіктің фотосинтезге қатыспайтын мүшелері — тамыр, сабақ және гүлдері үшін маңызды. Тыныс алу және фотосинтез процестерінің энергетикалық қарқындылығын салыстырамыз. Қалыпты күн жарығында өсімдіктер оттекті сіңіргеніне қарағанда 20—30 есе көп мөлшерде бөліп шығарады. Фотосинтез нәтижесінде бөлініп шығатын энергия мөлшері тыныс алу нәтижесінде бөлінетін энергиядан ондаған есе көп болады. Ал жарық жоқ кезде өсімдіктер оттекті көп сіңіреді. Сондықтан да дәрігерлер өсімдігі көп бөлмеде ұйықтауға болмайтындығын ескертеді.

Фотосинтез процесінің нәтижесінде 1 м2 жапырақта 1 сағ ішінде 1 г органикалық зат түзіледі. Жер бетінде бір жылдың ішінде 400 млрд т органикалық зат өндіріледі. Көмір, шымтезек (торф), мұнай фотосинтез процесінің нәтижесінде осыдан миллион жыл бұрын пайда болған. Біраз жыл өсіп түрған 10—12 ағаш, бір адамды жыл бойына оттекпен қамтамасыз ете алады екен.

- Не білдім? Нені үйрендім?

-алған білімді өмірде қалай қолдануға болады?

- Қандай дағдылар дами бастады?

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу