Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Биология, 7 сынып, презентация.
Бөлім: 7.2C Тынысалу
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен алдын алу жолдарын танып білу (өкпе обыры, астма, бронхит, туберкулез, тұмау).
Оқу мақсаты: 7.1.4.6
Тыныс алу мүшелерінің аурулардың пайда болу себептерін және алдын алу шаралары сипаттау.
Топтық жұмыс. (Г) тыныс алу мүшелерінің ауруларының пайда болу себептері мен алдын алу шараларын презентация арқылы зерттейді.
1 топ – Демікпе және Бронхтың қабынуы. Тыныс алу мүшелерінің ауруларының пайда болу себептері мен алдын алу шаралары
2 топ - Тұмау және өкпе обыры. Тыныс алу мүшелерінің ауруларының пайда болу себептері мен алдын алу шаралары
3 топ - Қатерлі ісік және туберкулез. Тыныс алу мүшелерінің ауруларының пайда болу себептері мен алдын алу шаралары
Бағалау критерийі
Шылым шегудің өқпеге әсері https://www.youtube.com/watch?v=0tFHLRtk-98
Демікпе
Демікпемен ауыратын адамда тұншығу ұстамасы жиі болады. Дем алысында, сыртқа дем шығарғанда, шуыл немесе сырыл болады. Ішке қарай дем тартқанда бұғана және қабырға арасындағы тері ауаны қиналып тартқаннан ішке қарай сорылып, жабысады. Егер науқасқа ауа жетіспесе, оның тырнақтары мен еріні көгереді, мойын тамырлары білеуленіп тұрады. Әдетте ыстығы көтерілмейді. Демікпе ұстамасы аллергиялық реакциялардың салдарынан да болуы мүмкін. Балаларда демікпе әдетте салқын тиюден басталады. Кейбір жағдайларда, көңіл-күйдің бұзылуынан да немесе мазасыз жағдайлардан да демікпе ұстамасы болуы мүмкін.[2]
Демікпе алдында — тыныстың демікпесі болып өткен организмдегі хал-жай, күшті жөтел ұстайды: көбінесе тыныс жолдарының қабынып, қызарып ауруы түрінде немесе ұзаққа созылған өкпенің қабынуы түрінде, мұрынның аллергиялық ауруы немесе мұрын ауруының қалыптан тыс ауытқуы түрінде дамиды.
Бронхит.
Бронхит — бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі инфекция. Бронхит болғанда жөтелде шуыл болады, көбіне сілекей немесе қақырық түседі. Бронхит әдетте вирустан пайда болады.
Белгілері
Сілекейлі жөтел болады, ол айларға немесе жылдарға созылады. Кейде жөтел күшейіп, ыстық көтеріледі. Осындай жөтелге шалдыққан адам, егер онда туберкулез немесе демікпе сияқты созылмалы аурулар болмаса, созылмалы бронхитпен ауыратын болуы кереқ
Бұл ауру көбіне темекіні көп шегетін қарт адамдарға тән.
Созылмалы бронхит эмфиземаға соқтыруы мүмкін, ол өте ауыр, жазылмайтын дерт, мұнда өкпенің ұсақ ауа қалташалары істен шығады. Эмфиземамен ауыратын адамдардың дем алысы ауырлайды, әсіресе жұмыс істеп, қимылдағанда қиналады, оның кеудесі үлкен қапшыққа ұқсап қалады. бөшке кеуде
Эмфиема созылмалы демікпеден, созылмалы бронхиттен немесе темекі шегуден болуы мүмкін.
Тұмау
Тұмау — Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. influenza – “бас салу, шап беру”) – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады.
Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыстықта сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.
Өкпенің қатерлі ісігі (рагы)
Ісік, тін өсіндісі, бластома (tumoz) – өзінің қа-лыпты пішіні мен қызметін жойған, организмнің түрі өзгерген клеткаларынан құралған тіндердің патологиялық жайылып өсуі.
Онкологияда өкпе қатерлі ісігі ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзінде өкпе қатерлі ісігі жиілеп кетті. Қатерлі ісіктер арасында ер адамдарда өкпе рагы 2-ші орынды алады. Бұл ерекшелік: біріншіден ісіктің тез өсуінде, екіншіден ісік өкпенің дамыған қан және лимфа тамырлары арқылы адамның басқа мүшелеріне жиі метастаз беруінде.
Өкпе обырында негізгі ролді никотин алады. Темекі түтінінде көптеген қатты концерогенді әсері бар никотин туындылары болады. Ісік клеткаларында никотинге рецепторы болады. Құрылымы N-холинорецепторларға ұқсас. Шылым шегу никотинге тәуелділікті шақырады, сондықтан да одан бас тарту қиынға соғады. Шылым шегумен күресу үшін никотинді пластырь, никотинді сағыз қолданады.
Пневмония
Өкпенің қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол көбіне қызылша, көкжөтел, тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе жас балалар мен қарт адамдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады.
Қоздырушылары: вирустар (аденовирус, риновирус),
бактериялар (пневмококк, стафилококк, стрептококк)
Белгілері:
1. Бірден қалтырап, ыстықтың көтерілуі;
2. Дем алыстың жиілеуі, одан қырылдаған немесе сырылдаған дыбыстың шығуы.
3. Әр дем алып дем шығарған сайын мұрынның желбезегі көтеріліп басылып тұрады.
4. Дененің ысуы (кейде жаңа туған нәресте немесе қарт адамдар, әсіресе әлсіз адам-дар, ауыр екпе қабынуымен ауырғанда температура айтарлықтай кетерілмейді).
5. Жөтел (түсі сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр, не сілекейге аздап қан араласқан).
6. Кеуде ауырады.
Туберкулез
Адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру.
Қоздырғышы: Кох таяқшасы (микробактерия), жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1–10, ені 0,2 – 0,6 мкм.
Жұғу жолдары: Науқас адамнан түскен микробтары бар қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады
Ауруды анықтау жолдары: балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі (Манту реакциясы); Халықты жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен) тексеру
Емі: Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ), ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеуде терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістерді қолданады.
Мұрын арқылы тыныс алу
Ауа жылынады;
Мұрын ішіндегі талшықтар сырттан келетін вирустар мен микробторды ұстап қалады;
Шырыш микроорганизмдер мен вирустарды залалсыздандырады,
Өсімдік
Оттегі бөледі;
Көмірқышқыл газын сіңіреді;
Тыныс алу жолдары ауруларын тудыратын зиянды заттарды бойында ұстап тұрады.
Жұптық жұмыс
Рефлексия
ББҮ кестесінің 3-бөлімін толтыру.
Бүгінгі сабақтан өзіме пайдалы не үйрендім?
Кімнің жауабы қызықты болды?
Бүгінгі сабақтан алған білімімді мен …….. қолданамын
Үй тапсырмасы
Тест
«Тыныс алу жүйесі» тақырыбына кроссворд дайындау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?