Жануарлардың қанайналым мүшелері. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


Ақпараттық парақ

Тақырып: «Қан тамырлары: артериялар, көктамырлар, капиллярлар»

 Артериялар. Артериялар – бұл қан жүректен мүшелер мен ұлпаларға тарататын қан тамырлары. Жүректен алшақтаған сайын тармақталады, соңында ең кішісін –артериолалар пайда болады. Артерияның қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы. Ішкі қабаты – интима, базальді иілгіш мембранаға сүйенетін эндотелийден (өте тегіс эпителий) пайда болған. Ортаңғы қабат – тегіс салалы бұлшық еттен пайда болып, жақсы дамыған иілгіш талшықтары бар. Тегіс салалы бұлшық ет талшықтарының көмегімен артериядағы қуыстың өзгеруі байқалады. Иілгіш талшықтар артерия қабырғасының иілгіштігін, созылмалдылығын және мықтылығын қамтамасыз етеді. Сыртқы қабат – борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасынан құралған, ол қорғаныштық қызметті қамтамасыз етіп, артерияның бір қалыптылығына септігін тигізеді.

 Үлкен шеңберлі қанайналымда артерияның бойында оттегіге қаныққан артериялды қан жүреді, ал кіші шеңберлі қан айналымда көмірқышқыл газына қаныққан веноздық қан жүреді. Ең үлкен артерия, аортаның диаметрі – 25 мм, артериялардың – 4 мм, артериолалардың, ең кіші артерирялар, -0,3 мм болып табылады. Ірі артериялардағы қозғалыс жылдамдығы - 0,5 м/сек.

 Артериялдық жүйеде қан қысымы пульстік. Қалыпты жағдайда, ол ең жоғары систола кезінде, 120 мм рт, ал ең кішісі диастола кезінде, 80 мм рт.

 Капиллярлар. Капиллярлар — бірқабатты эпителийден тұратын ең жіңішке (диаметр 0,005—0,007 мм) және ең қысқа (0,5—1,1 мм) микроскопиялық қан тамырлары. Ең соңғы артериялардың, артериола, тармақталуынан басталады. Олардың қуысы орташа есеппен 4-тен 8 микронға дейін, ал ұзындығы 0,5-тен 1,1 ммге дейін. Капиллярлардың саны метаболизмі жоғары мүшелерде көп, мысалы: жүрек бұлшық еті қаңқа бұлшық еттеріне қарағанда екі есе көп каппилярлары бар, ал мидың сұр затында мидың ақ затына қарағанда біраз көбірек. Капиллярлар адамның шашынан шамамен 50 есе жіңішке. Олар жасушааралық кеңістіктерде ұлпалар мен мүшелердің жасушаларына тығыз жанасып орналасады. Капиллярдың қабырғаларында саңылаулар бар, олар арқылы су және ондағы еріген бейорганикалық заттар (глюкоза, оттегі және т.б.) қан плазмасынан капиллярдың артериалдық соңында ұлпа сұйықтығына оңай өте алады, бұл жерде қысым 30-35 мм сын.бағ. Капиллярдағы төмен қысым газалмасу және зат алмасу процесстеріне септігін тигізеді. Қандағы көмірқышқыл газы мен оттегінің концентрациясы өзгереді.

 Веналар. Веналар – бұл қанды жүрекке апаратын қан тамырлары. Веналардың қабырғалары өте жұқа, оңай иілгіш, себебі нашар дамыған бұлшық ет қабыты және аздаған иілгіш талшықтары бар. Веналар, артерияларға қарағанда, беткі қабатта орналасады. Веналардың құрылысында ерекшелік бар: оларда қалтатәрізді клапандар бар, бұлар қанның жүректен емес жүрекке қарай қозғалуын қамтамасыз етеді.

 Клапандар веналарды қысып, жүрекке қарай қанның айдауын қамтамасыз етіп, ауа жұту барысында кеуде қуысында теріс қысым пайда болады, соның арқасында ірі веналардан қан жүрекке бағытталады.

 

 Қан тамырларының қызметтері

 Артериялардың қызметтері:

  • Ағза бойынша қанның тасымалдануы мен бөлінуі;
  • Капиллярлар бойынша қанның жүруі үшін қан қысымын сақтау.

 Әдетте артериалдық жүйедегі қан мөлшері айналыстағы қан мөлшерінен 10-15 % -дан көп емес.

 Капиллярлардың қызметі қан мен ұлпа жасушалары арасындағы қоректік заттар, газдармен, айналым өнімдерінің алмасуын қадағалайды.

 Веналардың қызметі – қанның ұлпалардан жүрекке қайтуы. Веналар бүкіл айналыстағы қанның 70-80% иемденеді. [3].

 

Тамырдың атауы

Құрылысы

Қызметтері

АРТЕРИЯЛАР

ВЕНАЛАР

КАПИЛЛЯРЛАР

Интернет - көздері



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу