Жануарлардың қанайналым мүшелері. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


Жануарлардағы қанайналым

Маңызы

Жауын құртының қанайналымы

 Буылтық құрттарда эффективті траспорттық жүйе пайда болады – қан тасымалдаушы. Ол бойлай орналасқан бір-бірімен сақина арқылы байланысқан қуыстардан тұрады. Ірі қуыстардан мүшелерге одан кішіргі таралады, олар тармақталып капиллярларды түзеді. Қантамырлары қанайналымды – қанның үздіксіз айналымын, қамтамасыз етеді. Тұйықталған қанайналым дегеніміз – қанның дене қуысына түспей тамырлар арқылы қозғалуын атаймыз. Буылтық құрттарда жүрек жоқ, алайда қанның қозғалысы арқа қуысының бұлшық етінің және ішектің алдыңғы жағындағы сақиналы қуыстардың жиырылуы арқылы жүзеге асырылады. Буылтық құрттардың қаны түссіз немесе жасыл немесе қызыл түске боялуы мүмкін. Бұндай түсті газдарды қабылдап және тасымалдайтын пигменттер береді. Қанның қызыл түсін гемоглобин береді. Ол нәруыз және темір молекулаларынан тұрады. Қан мүшелер мен ұлпалардан зат алмасу өнімдерін шығару мен ауру тудыратын микроорганизмдерден қорғайды.

 

http://worldofschool.ru/biologiya/stati/zoologiya/tipy-ploskie-chervi-kruglye-chervi-kolchatye-chervi/processy-zhiznedeyatelnosti-kolchatyh-chervej-pishhevaritelnaya-vydelitelnaya-krovenosnaya-dyhatelna

Моллюсктер. Қанайналым жүйесі - тұйықталмаған. Жүрек маңындағы сөмкеде ( целомда) жүрек орналасқан. Ол қарынша және бір немесе бірнеше жүрекшеден тұрады. Қарыншадан қанды бүкіл денеге тарататын артериялар жүреді. Қан дене қуысына ағады. Бұл жерден қан желбезекке немесе өкпеге сіңіріледі. Тотыққан қан жүрекке тамыр арқылы қайтады.

Буынаяқтылар

Буынаяқтыларда қанайналым жүйесі тұйықталмаған. Тамырдар дене қуысына ашылып, қуыстық сұйықтықпен араласады, осылай гемолимфа түзіледі.

Буынаяқтылардың қанайналым жүйесі тұйықталмаған. Ішкі мүшелер гемолимфаға толы синустарда орналасады, гемолимфа ішкі мүшелерді шайып, жүрек пен қантамырларға қайтады. Буынаяқтыларда қанайналым жүйесінің ортасы – жүрек бар. Оның құрылысы қарапайым. Гемолимфа газ алмасуына қатыспайды, бұл қызметті трахея атқарады.

Омартқалылар

Тұйықталған қан айналым жүйесі тән.

Оның ең негізгі қызметі – тамырлардың жоғары бейімділігі мен бүкіл ағзаны қанмен қамтамасыз ету.

Тек құстар мен сүтқоректілерде қанайналым шеңберлері толықтай бөлінген. Бұл бөлініс жүректін төрт камералығы және веналық пен артериялық қандардың бөлінісінен пайда болды.

Бұл жағдайда кіші қанайналым шеңберінде қан ағысының схемасы:

  • Оң қарынша – өкпе артериялары - өкпе – өкпе вена – сол жүрекше.

Ал үлкен қанайналым шеңберінде қанның ағысының схемасы:

  • Сол қарынша - аорта- басқа, ішкі мүшелерге, аяқ-қолға апаратын артериялар, - веналар – оң жүрекше.

омыртқалылардың ең басты ерекшелігі ол – артерия жасушаларының иілгіштігі, себебі оларда иілгіш дәнекер ұлпасы бар, ал біріңғай салалы бұлшық ет тамырларды сақина тәрізді қоршайды. Бұл тамырларға жоғарғы артериалды қысым кезінде созылуға мүмкіндік береді. Веналардың қабырғалары жіңішке, бұлшық ет талшықтары мен иілгіш ұлпа аз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу