Ксилема және флоэма. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.
Өсімдіктердегі заттар қозғалысы
Теория:
Су және қоректік заттар өсімдіктердің барлық мүшелеріне жеткізілуі қажет, сондықтан өсімдік тұтастай өткізгіш ұлпаларына толы болады
Назар аударыңыз!
Сүрек түтіктерінің бойымен су және ондағы еріген минералды заттар(топырақтан) қозғалады , қабықтың сүзгілі түтіктерінен — органикалық заттар ерітіндісі (жапырақтардан) қозғалады.
Өткізгіш ұлпалар әдетте, берік механикалық ұлпа талшықтарымен қоршалған түтікті –талшықты шоқтарға бірігеді.Түтікті –талшықты шоқтар сабақты тұтастай бойлап,тамыр жүйесін жапырақтармен байланыстыра өтеді.
Су және онда еріген минералды заттардың қозғалысы (жоғарғы ағыс)
Өсімдіктегі су және онда еріген минералды заттардың қозғалысы сүрек түтіктері арқылы жоғарғы бағытта жүреді : төменнен жоғары. Ол төменде - тамыр түктерінің суды сору күшіне және жоғарыда - булану қарқындылығына тәуелді болады.
Тамырлар су мен топырақты сіңіріп,сонымен бірге организмді үнемі еріген минералды тұздармен толықтырып отырады. Сумен бірге түскен тұздар буланбайды, олар өсімдікте жалпы айтқанда құрғақ заттар түзеді. Өсімдік денесінде құрғақ заттардың жинақталуы — жапырақтар мен сабақтардың бірлескен жұмысының нәтижесі.
Өсімдіктегі судың жоғарғы ағысы оның барлық мүшелерін біртұтас организмге біріктіреді. Сонымен қатар, бұл бүкіл жасушалардың сумен қалыпты қамтамасыз етілуі үшін қажет.Әсіресе, жапырақтарда фотосинтез үдерісінің жүзеге асуында аса маңызды болып табылады.
Органикалық заттардың қозғалысы
Жапырақта түзілген органикалық заттар (көмірсулар), қабықтың сүзгілі түтіктері арқылы өсімдіктің барлық мүшелеріне жетеді. Олар әрі жоғарғы, әрі төменгі бағыттағы қозғалыста бола алады
Өсімдіктердегі қоректік заттардың қалайша қозғалатындығын білсе, адам, олардың қозғалысын басқара алады. Мәселен, томат пен жүзімнің жанама өркендерін кессе, алшақ орналасқан өркендердің дамуына пайдаланатын органикалық заттарды жемістерге бағыттауға болар еді. Бұл жемістердің жетілуін тездетеді және түсімді молайтады.
Деректер:
Пасечник В.В. Биология 6 класс // ДРОФА
Пономарёва И.Н., Корнилова О.А., Кучменко B.C. Биология. 6 класс // ИЦ ВЕНТАНА-ГРАФ
Викторов В.П., Никишов А.И. Биология. Растения. Бактерии. Грибы и лишайники 7 класс // Гуманитарный издательский центр «ВЛАДОС»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?