Ксилема және флоэма. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


7.Өсімдіктегі заттардың тасымалдануы

Мектеп: Алматы қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Момаханова У.Н.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ксилема және флоэма

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ксилема және флоэма, олардың құрылымдық элементтері

Сабақ мақсаттары

Өсімдіктердегі ксилема және флоэманың құрылымдық элементтерін қарастыру

Бағалау критерийлері

Сабақтар мен тамырлардың құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты сипаттау

Ксилема мен флоэма құрылысын, қызметін салыстыру

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Тамырлыр , сабақтар, құрылысы,қызмет,тамыр жіпшелері,тамыр оймақшасы,топырақ, эпидермис,жасушалар, қоректік заттар

Тасымалдау,жеткізу,сіңіру,қамтамасыз ету, нығайту,өндіру /шығару/.сақтау, мүмкіндік беру

Ксилема, флоэма,концентрация,еріту,ерітінді

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Тамырлар /сабақтар/ тамыр жіпшелері ... болып табылады/ бар

бекітілу үшін тармақталған.

Алдымен оларға тән белгілерді сипаттап жазайық.

флоэма сияқты ксилема да болып табылады/бар...

Олардың ұқсастықтары неде?

Олар қалай айырықшаланады?

Ксилема болып табылады/болып табылмайды...

бар/жоқ...

... алады/ ... алмайды

ал флоэма болып табылады/ болып табылмайды...

бар/жоқ...

... алады/ ... алмайды

Ксилеманың құрылысы флоэмадан айрықшаланады, өйткені ксилема тірі/өлі ұлпалардан тұрады және оның жуан/жіңішке жасушалық қабығы бар...

Ксилеманың құрылысы флоэмадан айрықшаланады, өйткені ксилема тірі және оның жуан /жіңішке жасушалық қабығы бар...

Құндылықтарды дарыту

 

 

Әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін, терең академиялық білім беру;

өзбетімен және топта тиімді жасай білу;

физикалық, психологиялық және рухани тұрғыда даму;

Пәнаралық байланыстар

Физика- осмостық қысым, диффузия, зат тасымалдануы,тамыр қысымы

Химия –көмірқышққыл газы мен су молекулаларының, органикалық заттардың тасымалдануы

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта( Тәжірибелердің қысқаша сипаттамасы , қорытындылар келтіріледі)

Бастапқы білім

Өсімдіктердің вегетативті органдары туралы білім (6 сынып)

Тірі ағзалардың қасиеттері (5 сынып)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1-2 минут

Оқушылармен сәлемдесу. Жануарларда заттардың тасымалы қан айналым, тыныс алу, бөліп шығару жүйесі арқылы жүзеге асады. Ал, өсімдіктерде бұл үдеріс қалай жүреді деп ойлайсыздар.Оқушылар өз ойларын айтады.

Интербелсенді тақтадағы оқу мақсаттарымен таныстырылым

3-20 минут

26-35 минут

35-45минут

Өсімдіктердегі заттардың тасымалдану ерекшеліктері

  • Фотосинтез мысалында заттардың қозғалысын қарастыруды ұсыныңыз

Оқушылар топтарда талдайтын сұрақтары:

Өсімдік қандай заттарды және оларды қайдан алады?

Минералды тұздарды топырақтан

Фотосинтез үдерісінде жапырақта органикалық заттар түзіледі

Бұл үдеріс қайда жүреді?

Жапырақта

Осы үдеріс жүру үшін не қажет?

Су, көмірқышқыл газы, күн сәулесі

Жасушаларға су қалайша жеткізіледі?

Өсімдік тамырларында тамыр түктері деп аталатын сору аймағы болады.Олар суды сіңіріп оны өткізу аймағына береді, осы жерден ол сабақтың түтіктері арқылы жапыраққа көтеріледі.

Өсімдік тамырларында тамыр түктері деп аталатын сору аймағы болады.Олар суды сіңіріп оны өткізу аймағына береді, осы жерден ол сабақтың түтіктері арқылы жапыраққа көтеріледі.

Тамыр насос секілді сабақ бойымен жапырақтарға үздіксіз суды тасымалдайды

Тамырда қысым қандай құбылыс негізінде пайда болады?

Оқушылар топта тәжірибе нәтижесін талқылап, қорытындыға келеді

  • тәжірибе Тәжірбиеде боялған суға салынған өркеннің жапырағы мен, гүлінің боялғандығын көреміз.Сабағын скальпелмен көлденеңінен және ұзынынан теңдей екіге қақ жарып қараңыз (лупаны пайдаланыңыз).Қабық пен өзек қабаты боялмай, тек сүрек қабаты боялғаны байқалады

Оқушылар қорытынды жасайды: Бейорганикалық заттар сабақтың сүрек бойымен қозғалады

Өсімдіктердің өткізгіш жүйелері

Өсімдіктерде заттар қозғалысы екі жүйе арқылы жүзеге асады:

СҮРЕК ТҮТІКТЕРІ (КСИЛЕМА) – су және минералды тұздар;

ҚАБЫҚТЫҢ СҮЗГІЛІ ТҮТІКТЕРІ (ФЛОЭМА) – органикалық заттар

Сүрек — өткізгіш ұлпа. Түтіктер (өлі жасушалар) және сүрек талшықтарынан тұрады.

- Түтіктер су және минералды заттарды тамырдан - жоғары ағыс арқылы қозғалтады.

- Сүрек талшықтары беріктік қасиет береді.

Қабық — өткізгіш ұлпа, сүзгілі түтіктер (тірі жасушалар) мен қабық талшықтарынан тұрады.

-Органикалық заттар жапырақта өсімдіктің өзге де бөліктеріне қабықтың (флоэма) сүзгілі түтіктері арқылы (төменгі ағыс) тасымалданады, олар тірі көлденең өткізгіш саңылаулары бар қабырғалармен бөлінген, сүзгіге ұқсайды.

2- тәжірибе Ұзындығы 15 см-дей 2 бұтақ алынады.Біріншісін төменгі ұшынан( суға салынатын жағы) 5 см жоғарырақ жерінен қабығын (енін 3 –см-дей) сақиналап кеседі.Екінші бұтақты сақиналап кеспей сол күйінде ыдыстағы суға салып қояды.Қабығы кесілген бұтақта қосалқы тамырлар кесілген жерінің жоғарғы жағынан шығады.Кесілген жердің төменгі жағында тамырлар пайда болмайды.Қоректік зат кесілген жерден төмен қарай өте алмайды.Ал, қабығы кесілмей салынған бұтақта қосалқы тамырлар бұтақтың ұшынан дамиды

Оқушылар қорытынды жасайды: Органикалық заттар жапырақтан тамырға сабақтың флоэмасы арқылы қозғалады

Оқушылар ксилема мен флоэманың ішкі құрылыстарын салыстыру мақсатында 18-слайдты жұпта талдайды, дәптерге сызбалар жасайды.

Қалыптастырушы бағалау

1.Сабақ және тамырдың құрылысы мен қызметінің өзарабайланысын сипаттаңыз

Сабақ..........................................................................................................

Тамыр.........................................................................................................

2.Ксилема және флоэманың ұқсатығы неде / 2-ден кем емес жауап ұсыныңыз...................................................................................................

....................................................................................................................

Суретте тамыр, сабақ және жапырақтың көлденең кесіндісі бейнеленген. Бұл өсімдік боялған суға салынған өркенінің тамыр арқылы көтерілетін заттарды зерттеу тәжірибесінің нәтижесін көрсетеді.

Суретте нөмірленген қандай бөліктер боялғанын анықтаңыз

A B C D

Презентация

(Оқушылардың ойлары ортаға салынған соң презентация слайдтары көрнекіленеді)

балдыркөк өркені шыны ыдыстағы боялған суға орналастырылған 10 тәулік бұрын қойылған тәжірибе

Ағаш өсімдігінің қабық бөлігі кесілген өркені шыны ыдыстағы суға 1 ай бұрын орналастырылған тәжірибе

Қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырмалар/

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті төмен оқушыларға дайын кестелер беріледі.

Оқушылардың ауызша жауаптарының терең академиялық білімге негізделгендігі ескеріледі, кестенің толтырылуы.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаты нақты, өлшенеді (қалыптастырушы бағалау), жүзеге асыруға болады (материалдар жас ерекшеліктеріне сай және әрбір қадамның арасында логикалық байланыс бар), өзекті, уақытқа шектеулі (сабақ кезеңдері минуттарға бөлінген)

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу