Флоэма мен ксилема элементтерінің құрылысы. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


 Ксилема (сүрек) трахеялардан (түтік), трахеидтерден және сүректік паренхимадан (барлық уақытта емес) сүректік талшықтан (либриформ) тұрады. Ксилемамен су және минеральдық заттар тасымалданады.

 Трахеялар – бунақтардан тұратын түтіктер. Олардың жасушаларының бүйірлік қабықшалары қалындап сүректенеді де, ішіндегі заттары өледі, ал көлденең қабықшаларында бір немесе бірнеше тесіктер (перфорация) болады. Түтіктердің орташа ұзындығы 10 см.

 Трахеидтер де түтіктер секілді өлі құрылым, бірақ олардаң айырмашылығы сол, бұлар түтіктер емес – прозенхималық (ұзарған) жасушалар. Мұндай жасушалардың қабықшаларында шеттері  жиектелген саңылаулар болады. Осы саңылаулар арқылы су тасымалдана алады. Трахеидтердің орташа ұзындығы 1 мм-дей болады. Трахеидтер 2 негізгі қызмет атқарады: өткізу және беріктік қасиет беру.

 

 

А В

А) Трахеялардың қалыңдау типтері: 1 — сақиналы; 2, 3 — спиральды; 4 — торлы; 5 — саңылаулы

В) Ксилеманың көлденең және тігінен кесіндісінің сызбанұсқасы.

 

 Флоэма (тін) сүзгілі түтіктерден, серіктік жасушалардан, тін паренхималарынан және (барлық уақытта емес) тін талшықтарынан тұрады. Флоэмамен органикалық заттар тасымалданады.

 Сүзгілі түтіктер. Бұл тірі жасушалардың вертикальды қатары, олардың көлденең қабықшаларында көптеген тесіктері болады (сүзгілі пластинкалар). Бұл жасушалардың ядролары жас кезінде болып, кейін жойылады. Ал цитоплазмасы жасуша қабықшасына қарай ығысады. Органикалық заттардың қозғалысы негізінен осы сүзгілі түттіктер арқылы өтеді.

 Серіктік жасушалардың цитоплазмасы өте қою, ядросы мен ұсақ вакуольдері бар. Серіктік жасушалар сүзгілі түтіктердің элементтерімен бір жасушадан пайда болады және ядросы жоқ сүзгілі элементтің тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді. Олар сүзгілі түтіктермен өте тығыз байланысты, серіктік жасушалар жойылса сүзгілі элементтер де жойылады.

                             

            

 Сүзгілі түтіктер мен серіктік жасушалар: А – тігінен, Б – сүзгілі пластинка арқылы жасалған көлденең кесінді. 1 — сүзгілі пластинка; 2 — ядро; 3 — серіктес жасуша.

В

А – ксилема. 1 – трахеялар; 2 – трахеидтер; 3 – қор жасушалар; 4 – саңылаулар.

Б – флоэма. 5 – сүзгілі түтіктер; 6, – серіктік жасушалар; 7 – сүзгілі пластинка;

В – сабақтағы ксилема және флоэма.

Дереккөздер: 1. Әметов Ә. Ботаника. Алматы, 2005.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу