Тамыр аймақтары. «Тамырдың аймақтарын зерттеу» лабораторлық жұмыс. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


Тамыр аймақтары

Өсімдіктердің тамыр құрылысында бірнеше аймақтар білінеді (тамырдың ұшынан берілген):

  • Тамыр оймақшасы,
  • Бөліну аймағы,
  • Өсу аймағы ,
  • Сору аймағы,
  • Өткізу аймағы.

Әрбір аймаққа өзінің ұлпалар тобы мен қызметтері тән.

Тамыр әрдайым ұшынан өседі. Сол себепті бір жасушалар басқа жашушаға айналады. Бөліну аймағының жоғарғы жасушалары өсу аймағының жасушалаына айналады, ал ұшынан алыс орналасқан өсу аймағының жасушалары сору аймағының жасушаларына айналады, сору аймағының жасушалары ерте ме кеш пе өткізу аймағының жасушаларына өзгереді.

Тамыр оймақшасы

Тамыр оймақшасы тамырдың ұшын қаптап тұрады. Көптеген өсімдіктерде оны ұлғайтқыш құралдарсыз көруге болады. Тамыр оймақшасы тамыр ұшында тығыз және қарайған құрылым ретінде көрінеді. Тамыр оймақшасының ең басты қызметі – түзілу жасушалары бар түзуші ұлпасы бар бөліну аймағын зақымданудан қорғайды.

Тамыр оймақшасының жасушалары тірі, аз тіршілік етеді. Олар біртіндеп түсіп қалады. Бөліну аймағынан тамыр оймақшасының жаңа жасушалары пайда болады.

Тамыр оймақшасынан бөлініп қалған жасушалар іраз уақыт бойы тірі болып, тамырдың топырақ арасынан оңай қозғалу үшін шырыш бөледі, сонымен қатар бұлар минералдық заттарды ерітеді. Себебі, тек еріген күйде ғана олар кейін тамырмен сіңіріледі. Оймақшаның ортасында крахмал дәндері бар, олардың көмегімен тамыр қай жер төмен қай жер жоғары екенін анықтайды.

Тамырдың бөліну аймағы

Бөліну аймағы тамыр оймақшасының астынан орналасады. Оның ұзындығы 1- мм-дей. Бұл аймақта жасушалар үздіксіз бөлінеді. Бөліну аймағының жасушалары ұсақ, бір-бірен тығыз жанасқан, ядросы үлкен, цитоплазмасы қою.

Тамырдың өсу аймағы

Бөліну аймағынан жоғары бірнеше мм ұзындығы бар өсу аймағы орналасқан. Кейде бұл аймақты созылу аймағы деп те атайды. Мұнда жасушалар, негізінен, ұзындық арқылы ұлғаяды. Бұл тамырдың түгелдей ұзындық бойынша өсуіне алып келеді. Осы аймақтың жасушаларының қабырғалары әлі қатты емес, бұл олардың созылуына көмектеседі.

Тамырдың сору аймағы

Сору аймағы өсу аймағынан жоғары орналасқан, оның ұзындығы әдетте бір сантиметрден көп. Мұнда әр жасушаның сыртында тамыр түтікшесі деп аталатын өсінді қалыптасады. Көптеген өсімдік өскіндердің тамырында тамыр түтікшелерін оңай көруге болады. Барлығы жіңішке түтікшелерден құралған түбіт сияқты көрінеді. Әр түтікшеның ұзындығы 1 сантиметрден көп емес.

Тамыр түтікшесі жасуша қабығынан жасуша қабықшасынан, цитоплазмадан, ядро мен вакуольден тұрады.

Көптеген өсімдіктерде тамыр түтікшелері бірнеше күн ғана өмір сүреді. Жоғарғы түтікшелер кәрілеуі біртіндеп өліп қалады. Алайда, төменде өсу аймағының жоғарғы жасушалары өткізу аймағының жасушаларына айналады. Мұнда үстіңгі жасушаларда түтіктер өседі.

Сору аймағының негізгі қызметі – бұл топырақтан су мен еріген минералдық заттарды сіңіру. Бұл қызмет тамыр түтікшелері арқылы жүзеге асады. Олар топырақ бөлутеріне еніп, топырақтан су ерітіндісін сіңіреді.

Үстіңгі жасушалары су ерітіндісін сіңірген соң ерітінді ішкі жасушалардан орталық оське (өткізу аймағының жасушалары бар) қарай қозғалады.

Тамырдың бөліну аймағы

Тамырдың сору аймағынан кейін сабаққа қарай өткізу аймағы орналасқан. Бұл аймақтың негізгі қызметі – сору аймағында сіңірілген су ерітіндісін жоғары, сабаққа қарай өткізу. Су ерітіндісі түтіктер арқылы қозғалады. Сонымен қатар, сабақтан тамырға қарай органикалық заттар жеткізіледі. Олар тамырдың өсуі, дамуы және басқа да тіршілік процесстері үшін керек. Органикалақы заттар басқа типті жасушалар бойымен қозғалады. Өткізгіш жүйенің талшықтары тек қана өткізу аймағында емес, оның жасушалары тамырдың ұшына қарай орналасқан аймақтарға да кіреді.

http://biology.su/botany/root-zones



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу