Сабақтың ішкі құрылысы. Тамыр мен сабақтың өзара байланысы. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


 ТАМЫРДЫҢ ІШКІ ҚҰРЫЛЫСЫ

 Тамыр оймақшасы

 Тамыр түзуші ұлпаның жас жасушалары бар төбесімен өседі. Өсіп жатқан бөлік тамыр оймақшасымен қапталған. Ол өсу барысында тамырдың топырақ арасында қозғалысын жеңілдетіп, тамырды зақымданудан қорғайды. Тамыр оймақшасының жасушалары тірі, әдетте крахмал дәндері бар. Оймақшаның жасушалары үздіксіз бөліну нәтижесінде жаңарып тұрады. Оң геотропикалық реакцияларға қатысады (тамырдың Жердің ортасына қарай бағытталуы).

 Бөліну аймағының жасушалары белсенді түрде бөлінеді. Бұл аймақтың ұзындығы әртүрлі түрлер мен бір түр өсімдіктерінде әртүрлі.

 Тамыр түтікшесінің құрылысы

 Тамыр түтікшелері - бұл тамырды қаптайтын жасушалардың ұзарған өсінділері. Тамыр түтікшелерінің саны өте көп (1 мм2 –ге 200 –ден 300-ге дейін). Олардың ұзындығы 10 мм жетеді. Түтікшелер тез қалыптасады (жас алмада 30-40 сағат ішінде). Тамыр түтікшелері ұзаққа бармайды. Олар 16-20 күннің ішінде тіршілігін жояды, ал тамырдың жас бөлігінде жаңасы өседі. Бұл тамырдың жаңа топырақ горизонттарын иеленуге мүмкіндік береді. Тамыр жаңа тамыр түтікшелерін жасай отырып, үздіксіз өседі. Түтікшелер тек дайын ерітінділерді сіңіріп қана емес, топырақтың кейбір заттарын ыдыратып, олардың сіңіруіне де септігін тигізеді.

 Түтікшенің қабықшасы өте жіңішке, бұл қоректік заттардың с3ңірілуін оңайлатады. Жасушаның ішін түгелдей дерлік цитопласманың жіңішке қабатымен қапталған вакуоль алып жатады. Ядро жасушаның үстіңгі бөлігінде орналасқан. Жасушаның айналасында шырышты қап қалыпсып, түтікшелерді топырақ бөліктерімен біріктіреді. Бұл байланысты жақсартып, жүйенің гидрофильдігін арттырады. Тамыр түтікшелері минералды тұздарды ерітетін қышқылдарды бөледі (көмірлі, алма, лимон қышқылдары). Тамырдың сору аймағында жасалған көлденең кесіндісінде, микроскоп астына, оның жасушалық және ұлпалық деңгейдегі құрылысы көрінеді. Тамырдың бетінде – ризодерма, оның астында – қатты қабық. Қабықтың сыртқы қабаты – экзодерма, ішіне қарай – негізгі паренхима. Оның жіңішке қабырғалы жасушалары қор жинау қызметін атқарады, қоректік заттардың ерітінділерін радиалды бағытта, сіңіргіш ұлпадан сүрек түтігіне қарай, жылжытады. Осы жерде өсімдіктер тіршілігі үшін маңызды органикалық заттарың синтезі жүреді. Қабықтан орталық цилиндрге эктодерама жасушалары арқылы оттетін қоректік заттардың ерітінділері жасушаның протопласттары арқылы ғана түседі.

 Қабық тамырдың орталық цилиндрін қоршайды. Ол бөлінуге қабілеттілігі ұзақ сақталатын жасушалармен көршілес орналасқан. Бұл перицикл. Перицикл жасушалары жанама тамырлар, қосалқы өркендер мен екінші ретті ұлпаларға бастау болады. Перициулдан ішке қарай, тамырдың ортасында, өткізгіш ұлпалар орналасады: флоэма және ксилема. Олар бірігіп радиалді шоқтар түзеді.

 Тамырдың өткізгіш жүйесі су мен минералдық заттарды сабаққа қарай (жоғарғы ағысты ток) және органикалық заттарды сабақтан тамырға қарай өткізеді (төменгі ағысты ток). Ол түтікті талшықты шоқтардан тұрады. Флоэманың негізгі өткізгіш элементтері – сүзгілі түтіктер, ксилеманың – трахеялар мен трахеидтер.

 Түтіктер — ксилеманың өткізгіш элементтер, олар ұзын қуысты түтіктер, бір қатар жасушалардан құралған, көлденең қабырғаларында тесіктері (перфорация) бар, мұнда заттардың жаппай қозғалысы жүреді.

 Трахеи, өсімдіктердің түтіктері, буынды түтіктер деп аталатын көп жасушалардан құралған. Буындар бір-бірінің үстінен орналасқан, бір ұзын қуысты түтікті құрайды. Буын арасындағы бойлық аралықтар жойылып, олардың орнына перфорациялар пайда болған. Мұндай қуысты түтіктерден ерітінділер трахеидтарға қарағанда оңайырақ қозғалады. Әрбір түтікше көптеген буындардан құралған, сол себепті олардың орташа ұзындығы бірнеше сантимерт болуы мүмкін (кейбе 1 м, немесе одан да көп). Ең дамыған түтіктер ұзындығынан диаметрі үлкен буындардан құралған, ал перфорациялық пластинкаларда бір үлкен перфорация бар. Дамуы төменірек түтіктер ұзын әрі жіңішке буындардан құралған. Перфорациялық пластинкалары бірнеше кішкентай бір-бірінің үстінде орналасқан немесе шашыраңқы түрде орналасқан перфоррациядан құралған.

 Трахеидтер  — тесіктері бар ені миллиметрден де аз, ал ұзындығы бірнеше миллиметр, сүректелген қабықшасы бар өлі жасушалар. Бұлар арқылы ерітінділердің сүзілуі бір трахеидтен екінші трахеидке жүреді.

Трахеидтер ерітінділерді тек ұзына бойы ғана емес көлденең де қозғалады. Жанама қабырғалары су өткізбейді.

Көптеген қырыққұлақтар мен ашықтұқымдыларда трахеидтер ксилемадағы жалғыз өткізгіш шоқ. Трахеидтердің саны өсімдік түріне байланысты. Көптеген жабықтұқымдыларда трахеидтер жоқ. Трахеидтер қарапайымдылықтың белгісі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу