Сабақтың ішкі құрылысы. Тамыр мен сабақтың өзара байланысы. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


Сабақтың ішкі құрылысы

Сабақ – өркеннің негізгі бөлігі, буындар мен буынаралықтарынан құралады. Буынаралықтарының ұзындығы бойынша сабақты қысқарған және ұзарған деп бөлуге болады. Мысалы, күнбағастың, жүгерінің, ақкекіре және гладиолус сабақтары ұзарған болып келеді. Жолжелкен, бақбақ, примула және т.б. өсімдіктердің сабақтары қысқарған болып келеді.

1-сурет. Өркендердің ұзарған және қысқарған сабақтары:

1 - күнбағыс; 2 – жолжелкен

Сабақтың ішкі құрылы.

Ағаштекті өсімдік сабағының көлдеңен кесіндісінде ішкі құрылсын қарастырайық. Сыртынан сабақты жабын ұлпасы қаптайды. Жас сабақтарда жабын ұлпасы жұқа қабықтың қалдықтарын сақтайды. Көпжылдық өсімдіктерде бірінші жылдың соңында қабығы көпқабатты қыртыспен алмасады. Қыртыс – өлі жасушалардан құралады, іші ауаға толы болады. Қабық тыныс алу үшін (жас сабақтарда) оның бетінде лептесіктер болады, уақыт өте келе жасымықшалар түзіледі – қыртыстың ірі аймақтары, борпылдақ және ірі жасушалар орналасады, жасушаларлық қуыстары ірі болады.

2-сурет. Жөке ағашының сабақтың көлдеңен кесіндісі:

1 - қыртыс; 2 - тің; 3 - қабық; 4-камбий; 5 –үш жылдық сақиналары бар сүрек; 6 - өзек

Жабын ұлпасының астында қабық орналасады, әртүрлі ұлпалардан құралатын. Қабықтың сыртқы бөлігі жабын ұлпасы мен механикалық ұлпа жасушаларының қабықтары қалыңдаған және негізгі ұлпадан құралады. Қабықтың ішкі бөлігі, құрамында өткізгіш ұлпаның жасушалары көп болады – тің деп аталады.

Тің құрамына сүзгілі түтіктер кіреді, олардың бойымен төменгі ағыс қозғалады: органикалық заттар жапырақтан төменгі мүшелерге қозғалады. Сүзгілі түтіктер тірі жасушалардан құралады, ұштарымен ұзын түтікке жалғасып жатады. Көршілес бір-біріне жалғасқан жасушалар арасында ұсақ саңылаулар өтеді. Бұл саңылаулар арқылы, сүзгі тәрізді, жапырақта түзілген заттар тасымалданады.

3-сурет. Судың сүрек түтіктері (1) және тіңнің сүзігілі түтіктері (2) арқылы органикалық заттардың сабақ арқылы қозғалысы.

Сүзгілі түтіктер тірі болып қалуы ұзаққа созылмайды, көбінесе 2-3 жылға дейін, сирек 10-15 жасқа дейін. Ескірген сүзгілі түтіктердің орнына үнемі жаңа жасушалар түзіліп отырады. Сүзгілі түтіктер тіңнің шағын бөлігін құрайды, негізінен олар шоқтарға жиналып жатады. Бұл шоқтардан басқа тіңнің құрамына механикалық ұлпалар, негізінен тің талшықтарынан құралады және негізгі ұлпа кіреді.

Тің ұлпасынан кейін сабақтың келесі өткізгіш ұлпасы орналасады – сүрек. Сүрек арқылы жоғары бағытталған ағыс қозғалады: су және ондағы еріген заттар тамырлардан жапыраққа қарай қозғалады. Сүрек формалары мен көлемі әртүрлі болатын жасушалардан құралады. Оның негізгі бөлігін түтіктер құрайды, трахеидтер мен сүрек талшықтары.

Түтіктер – буындары бар, бір – бірімен қосылған түтікшелі жасушалардан құралады. Олар бір – бірінен кейін орналасады, түтікті түзеді. Буындар арасындағы перделердің жартысы еріп кетеді және тесіп өтетін ірі саңылау пайда болады. Осы тәрізді түтіктер арқылы ерітінділер жылдам қозғалады.

Трахеидтер – бір – біріне жанасып жатқан өлі өткізгіш жасушалардан құралады тізбек болып келеді. Олардың түйіскен жерлерінде саңлаулар орналасады, жапырақ бағытына қарай ерітінділер жасушадан жасушаға тасымалданады. Су мен еріген заттардың трахеидтер арқылы қозғалысы түтіктерге қарағанда баяу өтеді.

Сүрек талшықтары – трахеидтерге ұқсас болып келеді, бірақ олардың жасуша қабығы жұқа болып келеді. Сүректің негізгі бөлігі (түтіктер, трахеидтер, сүрек талшықтар) сүректеген жасушалардан құралады, ішінде тірі заты жоқ болады. Олар ертінділерді тірі жасушалармен бірге тасымалдауға қатысады. Сабақтың ортасында жуан, борпылдақ жасушалардың қабаты орналасады, олардың құрамында қоректік заттар қорға жиналады. Бұл - өзек. Кейбір өсімдіктердің өзегі ауа қуысымен алмасқан (георгин, қызғалдақ, қияр, бамбук).

Сабақтың жуандап өсуі.

Қосжарнақты өсімдіктердің сүрегі пен тің арасы өте жұқа, түзуші жасушалар қабаты орналасады, бұл қабаттың атауы – камбий. Камбий жасушаларының бөлінуінің нәтижесінде сабақ жуандап өседі. Камбий бөлінгенде еншілес жасушалрдың ¾ сүрекке тиесілі болады, ал ¼ тіңге өтеді. Сондықтан да өсім негізінен сүректен жақсы байқалады. Камбий жасушаларының бөлінуі маусымдық ритміне тәуелді болады: көктемде және жазда елсенді бөлінеді, нәтижесінде ірі жасушалар түзіледі; ал күзде жасушалардың бөліну белсенділігі төмендейді, ұсақ жасушалар түзіледі. Қыста камбийдің бөлінуі тоқтайды. Нәтижесінде сүректің жылдық өсімі түзіледі, көптеген ағаштекті өсімдіктерде жақсы байқалады. Бұл өсімді – жылдық шеңбелер деп атайды. Жылдық шеңбелер арқылы өркеннің және ағаштың жасын анықтауға болады.

4-сурет. Сабақтың ішкі құрылысы.

Жылдық шеңберлердің енінің қалыңдығы қоршаған ортаның жағдайларына тәуелді болады. Суық климат, батпақты топырақта өсетін өсімдіктердің сүрегінде жылдық шеңберлердің қалыңдығы өте жұқа болады. Жағымды климаттық жағдайларда, құнарлы топырақта өсетін өсімдіктердің сүректегі жылдық шеңберлерінің қалыңдығы ұлғаяды. Сабақтың жіңішке және ұсақ жылдық шеңберлердің арақанынасы қарастырып, өсімдік қандай жағдайларда өскенін анықтауға болады және бұған дейінгі жылдары ауа райының жағдайларын анықтауға болады.

Сабақтың қызметтері.

Өсімдіктердің өмірінде сабақ көптеген әртүрлі қызметтерді атқарады. Сабақтың маңызды қызметінің бірі – өткізгіштік. Тамырдан жапырақ бағытына қарай су мен минералды заттарды және кері бағытта органикалық заттарды тасымалдайды. Сабақтың маңызды қызметінің бірі - тірек. Сабақ өсімдіктің басты тірегі болып келеді, сабақ жапырақтардың, гүлдердің және жемістердің салмағын ұстап тұрады.

Сабақтың негізгі ұлпасында қоректік заттар қорға жинала алады. Бұл сабақтың қорға жинаушы қызметі. Сабақ арқылы өркен өзінің бүршіктері мен жапырақтарын жарыққа бағытына қарай өсімдік бойлап өскенде шығарады. Бұл сабақтың осьтік қызметі болып келеді.

http://blgy.ru/biology6/stem



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу