Қоректік заттардың тасымалдануы. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.
ӨСІМДІКТЕРДЕГІ ТАСЫМАЛ
Ұзын бой өсімдектерге күн сәулесіне үлкен қолжетімділік сияқты артықшылықтарды береді. Өсімдіктер суды және қоректі өсімдік бойымен тасымалдайтын түтіктер жүйесімен иемденген:
Флоэма: жапырақтардан қоректі тасымалдайтын тірі жасушалар. Олардың жіңішке қабырғаларында тор тәрізді тесіктер бар, олардың арқасында жапырақтарда түзілген қанттар өсімдіктің басқа бөліктеріне түседі (жетеді).
Ксилема: өлі жасушалар, суды тамырдан жапыраққа тасымалдайды. Су және минералды заттар бұл түтіктер бойымен тамырдан жапыраққа тасымалданады.
ТАМЫР –өсімдікті топыраққа бекітеді және одан сумен минералды заттарды сіңіреді. Тамырдың ең негізгі қызметі – жерасты қоректену.
Өсімдіктің тіршілігі барысында көптеген тамыр қалыптасады. Кейбіреулері негізгі тамырдың тармақтануынан, ал кейбіреулері өркендерде пайда болады. Барлығы қосылып өсімдіктің тамыр жүйесін құрайды.
САБАҚ – өсімдік жерүсті мүшелерінің осьдік бөлігі, ол қоректік заттарды өткізеді, жапырақтарды күнге жылжытады. Сабақта қоректік заттар жиналуы мүмкін. Онда жапырақтар, гүлдер, жемістермен тұқым дамиды. Өсу бағыты бойынша сабақтар бөлінеді:
Тік сабақтар — жақсы дамыған механикалық ұлпасы бар, олар сүректелген (қайың, алма) немесе сүректелмеген ( күнбағыс, жүгері) болуы мүмкін.
Шырмалғыш — жоғарыға көтеріліп, тіректі орап алады (дала шырмауығы, үрме бұршақ, құлмақ).
Өрмелегіш сабақтар — жоғарыға көтерілгенде тірекке сабақтан өсетін мұртшаларымен (жүзім, асбұршақ) немесе қосалқы тамырларымен жармасады.
Жатаған — сабақтар топырақ бетінде бекінбей жатады (талқұрай тиынды).
Жайылма сабақтар — топырқта төселеіп, түйіндерінде бекінеді (таңқұрай, қазтабан).
Сабақтың ішкі құрылысы
Сабақты сыртқы ықпалдан сыртынан жабын ұлпалары қорғап тұрады. Сабақтың ең сыртқы қабаты – эпидермис. Ол тек жас бұтақтарда ғана бар. Кәрілерде қабық басқа жабын ұлпасымен, тозбен, алмастырылады. Тоздың астында қабық орналасады. Қабықтың сыртқы қабаты хлорофилл бар (сол себепті сабақ фотосинтездеу қызметін де атқарады) жасыл жасушалармен көрсетілген. Қабықтың ішкі қабаты – флоэма. Сабақ флоэмасының құрамына елекпішінді түтіктер, флоэма талшықтары және қоржинаушы ұлпалар кіреді.
Қабықтан кейінгі қабат – камбий. Бұл құраушы ұлпа. Камбий жасушалары тірі, оның бөлінуі нәтижесінде флоэма және ксилема жасушалары пайда болады. Ксилемаға камбий қабық қабатына қарағанда көбірек жасуша бөледі. Ксилема — камбий астындағы ең мықты қабат. Ол, флоэма сияқты, әртүрлі жасушалардан құралған. Оның құрамына түтіктер мен талшықтар кіреді. Ксилеманың жалғыз тірі жасушалары – қоржинаушы.
Сүректен орталыққа қарай өзек орналасқан. Өзектің жасушалары ірі, жіңішке қабырғалы. Олар қоржинау қызметін атқарады.
Жылдық сақиналар
Өркеннің ең үстінде орналасатын құраушы тіннің арқасында сабақ ұзынан өседі. Камбий жасушаларының бөлінуі арқасында сабақ жуандап өседі.
Ақпарат көздері:
http://biolicey2vrn.ru/index/vidy_kornej_i_tipy_kornevykh_sistem/0-32
http://biology-konspect.org/?content=6935
http://biouroki.ru/material/plants/stebel.html
http://ebiology.ru/stroenie-i-funkcii-steblya/
ЖАПЫРАҚ
Жапырақ – жерүсті өркен мүшесі. Оның негізгі қызметі болып фотосинтездеу және транспирация болып табылады.
Жапырақтың негізгі ұлпасы
Бағаналы ұлпа – жасушалары цилиндр пішінді, бір –біріне тыңыз жанасқан және жапырақтың үстіңгі бетінде орналасқан (күнге бағытталған) негізгі ұлпа. Фотосинтез үшін қызмет етеді.
Борпылдақ ұлпа – жасушалары дөңгелек пішінді, бір-біріне бос жанасып, арасында жасушаралықтар пайда болып, ауаға толы негізгі ұлпа. Фотосинтез, газалмасу мен транспирация (булану) үшін қызмет етеді.
Өткізгіш ұлпа – талшықтарға толы жапырақтың негізгі ұлпасы. Талшықтар – бұл өткізгіш шоқтар, себебі олар өткізгіш ұлпа –ксилема және флоэмамен құралған. Флоэма арқылы қант ерітінділері жапырақтардан барлық өсімдік ағзасына таралу жүзеге асады. Қанттың қозғалысы тірі жасушалардан құралған флоэманың сүзгілі түтіктері арқылы жүреді. ксилеманың түтіктерінде, тамырдағыдай, су және онда еріген минералдық заттар қозғалады. Су және минералды заттарды өсімдік топырақтан тамыр арқылы сіңіреді. Содан, сурек түтіктері арқылы бұл заттар жерүсті мүшелерге, соның ішінде жапырақ жасушаларына, таралады.
Источники
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?