Қоректік заттардың тасымалдануы. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.
Ақпараттық парақ
Жануарлар организміндегі заттар тасымалының маңызы.
Көптеген жануарлардың организмінде арнайы заттар тасымалын және олардың таралуын жүзеге асыратын жүйе болады. Тек ішекуыстыларда, жалпақ және жұмыр құрттардың организмінде қантарату жүйесі жоқ. Бұл тірі организмдердің денесінде заттар өте шағын арақашықтарды өтеді, сондықтан да бұл заттар диффузия арқылы қозғала алады. Мысалы, ақ сұламаның ішегі өте тарамдалған болып келеді және оның тармақтары барлық дене бөліктеріне таралады. Соның арқасында қоректік заттар жылдам және қысқа жолмен қажетті дене бөлігіне жеткізіледі. Органимздердің дене көлемінің өсуімен бірге денеге түсетін қоректік заттардың көлемі де үлкейеді. Бұл ірі денелерде заттар өтуге қажетті арақашықтық та ұлғаяды, сондықтан олардың тасымалы үшін тек диффузия жеткіліксіз болып келеді. Бұл үдерістің арқасында эволюция барысында жануарлардың денесінде – қантарату жүйесі пайда болды. Қантарату жүйесі арқылы сұйықтық қозғалады (қан, гемолимфа). Қантарату жүйесі қоректік заттарды, тыныс алуға қатысатын газдарды, соңғы өнімдерді, гормондарды, тұздарды және антиденелерді тасымалдайды. Сонымен қоса, жылықанды жануарларда (құстар мен сүтқоректілер) қан ағысымен бірге дене бойымен жылу бірқалыпты таралады. Бұл үдерістің арқасында терең орналасқан мүшелердің қызып кетуден сақтайды.
Қантарату жүйесінің негізгі элементтері.
Қанайналу жүйесінің негізгі элементтері.
Әртүрлі топтағы жануарларда ұйымдастырылуы бойынша қанайналым жүйесінің типтері пайда болды. Алайда олардың барлығында да жануарларда ұқсас қызметтер орындайтын элементтерді білуге болады.
1. Ағзадағы қанайналым жүйесіне қанды итеретін ең негізгі жиырылатын мүше. Көп жағдайларда бұл мүше жүрек болып табылады.
2. Артериальді жүйе қанды жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға жеткізіп, таратады, соның нәтижесінде тегеуірінді резервуар рөлін ойнайды.
3. Капиллярлар арқылы қан мен ағзаның әртүрлі ұлпа жасушаларының арасында заттар тасымалы жүзеге асады.
4. Веналық жүйе қанды жүрекке айдайтын қан резервуары болып табылады. (суретті қараңыз).
Жарлық жануарларда қанның бір жақты ағысы (жүректен артерияға, одан соң капиллярларға, содан веналарға, венадан қайтадан жүрекке) клапандардың арқасында жүзеге асады, ал тамырлар қуысы тамырлар қабырғасының біріңғай салалы бұлшық ет жұмысымен реттеледі, бұл белгілі бір тамырдың бойымен ағатын қанның мөлшерін қадағалауға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде қанағым ағзада қайта бөліседі
Қанайналым жүйесінің типтері. Жануарларда қанайналым жүйесінің екі түрі кездеседі – тұйықталған және тұйықталмаған.
Тұйықталған қанайналым жүйесінде қан жабық қуыста айналып жүреді, яғни жүректен тасымалдаушы тамырлар арқылы мүшелер мен ұлпаларға, содан соң сол қуыстардан шықпай жүрекке оралады. Бұндай жүйе буылтық құрттарға, хордыларға және кейбір басқа жануарлар топтарына тән.
Дөңгелек ауыздылар мен балықтарға (қостыныстылардан басқа) бір шеңберді қанайналым жүйесі бар. Қостынысты балықтар (көбісі жойылып кеткен, қазіргілері алты реликтті түр) мен құрлықты омыртқалыларда екі шеңберді қанайналым жүйесі бар
Көптеген омыртқасыздарда (моллюскалар, буынаяқтылар) қанайналым жүйесі тұйықталмаған. Бұл жағдайда артерия арқылы жүректен гемолимфа дене қуысына атқылайды, капиллярларға түспей ұлпаларды шаяды. Жүрекке қанды қайтаратын көктамырлар жоқ, сол себепті қан дене қуысынан клапандардан өтіп, ол босаңсыған кезде, жүрекке қайтады.
Ақпарат көзі: http://studopedia.org/4-164101.htm
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?