Фотосинтез үрдісі үшін қажетті жағдайларды зерттеу. Биология, 7 сынып, презентация.
Тарау : 7.2A Тірі ағзалардағы қоректену
Фотосинтез үдерісі үшін қажетті жағдайларды зерттеу
Оқу мақсаты
фотосинтез үдерісі үшін қажетті жағдайларды зерттеу
Бағалау критерийлері
Фотосинтезге қажетті жағдайдарды сипаттай алады.
Фотосинтезге қажетті әр түрлі жағдайдарды зерттейді.
Экперимент нәтижелерін талдайды, қорытынды жасайды және фотосинтезге қажетті жағдайдардың мысалдарын келтіреді.
Фотосинтез
жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа да фотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі.
Фотосинтез
Өсімдіктердің оттегіні бөлетінін ең алғаш рет
ағылшын ғалымы 1770 жылы Джозеф Пристли анықтаған.
1817 жылы француз химигі Пельтье жапырақтан жасыл зат бөліп алып, оны хлорофилл деп атады. К.А. Тимирязев фотосинтез процесін зерттеді; спектрлік анализді қолдана отырып, фотосинтездің белсенділігі түсетін жарықтың қарқындылығына байланысты болатынын, ол үшін жарық спектрінің қызыл және көк сәулелерінің маңызды рөл атқаратынын бірінші болып дәлелдеді.Шектеуші (лимитті) факторлар деген не?
Мысалы тірі ағзалар немесе өздеріңіз үшін өмірде шектеуші факторлар бар ма?
Шектеуші факторлар
Ішкі факторлар
- Жапырақ құрылымындағы хлорофильдің мөлшері
- Ферменттердің әсері
- Қажетті бейорганикалық заттардың концентрациясының аз болуы
Сыртқы факторлар
- Жарықтың түсу мөлшері
- Қоршаған ортаның температурасы
- Атмосферадағы көмір қышқыл және оттегінің концентрациясы
Zhantayeva .A.N
1-Топ. Фотосинтез кезінде крахмалдың түзілуін және хлорофилдің қажеттілігін зерттеу.
Бағалау критерийлері: фотосинтез үдерісінің жүруі үшін қажетті жағдайларды зерттейді, деректер жинап, өңдейді, қорытынды жасайды.
Құрал жабдықтар: Плитка, суды қайнататын стақан-500мл, қысқыш, жапырақ қайнататын стақан -100мл, ақ плитка, этанол, 0.01M йод, тамызғы, қазтамақ (герань) жапырағы, пинцет.
Жұмыс барысы:
1. Қазтамақ өсімдігінің бір жапырағын алып , оны 5 минутка қайнатылған суға саламыз.
2. Жапырақты этанолы бар стаканға саламыз. Нәтижесінде жапырақтың жасыл түсі жоғалады. Жапырақтың жасыл түсі спиртке салғанда ериді.
3. Жапырақ түссізденгенде, оны суға малып алып, иод ерітіндісі бар стаканға саламыз.
4. Жапырақ көгере түседі.
Нәтижесінде нені байқауға болады? Неге жапырақ көгереді? Көк түс нені білдіреді? Хлорофилдің фотосинтездегі маңыздылығын түсіндіріңіз. Иод крахмал үшін сапалы реакция бола алды ма? Қорытынды жазыңыз.
2- Топ. Фотосинтез үрдісі үшін қажетті жағдайларды зерттеу. Көмірқышқыл газының қажет екендігін дәлелдеу.
Бағалау критерийлері: фотосинтез үдерісінің жүруі үшін қажетті жағдайларды зерттейді, деректер жинап, өңдейді, қорытынды жасайды.
Құрал жабдықтар: Плитка, суды қайнататын стақан-500мл, қысқыш, жапырақ қайнататын стақан -100мл, ақ плитка, этанол, 0.01M йод, тамызғы, қазтамақ
( герань) жапырағы, пинцет, 10% 10 см3 натрий гидрокарбонаты.
Жұмыстың барысы. Бұл жұмысты 2 тәулік бұрын дайындаңыз.
1. Тәжірибеге қазтамақ өсімдігін алыңыз.Өсімдіктің үстіңгі жапырақтарын алып тастаңыз. Өсімдікті суарыңыз.
2. 40 мм стақанға 10% 10 см3 натрий гидрокарбонаты ерітіндісін құйыңыз. Стаканды гүл құмырасына суреттегідей орналастырыңыз.
3. Өсімдікті полиэтилен қалташасымен қоршап, жабыңыз.
4. Өсімдікті 48 сағатқа жарықтың жеткілікті мөлшеріне қалдырыңыз.
5. 48 сағаттан соң қалташаларды ашып, ең жоғарғы жағынан жапырақ үзіп алыңыз.
6.Өсімдіктің жапырағын крахмалдың болуына тестілеңіз. Қазтамақ жапырағын алдымен қайнап жатқан суға салып, сосын ыстық су құйылған химиялық стаканға салынған этанолы бар қайнап жатқан түтікшеге салып тексеріңіз. Сосын жапырақты ақ тақташаға қойып, бетіне йод ерітіндісін құйыңыз .
Нәтижені кестеге толтырыңыз.
10% 10 см3 натрий гидрокарбонаты ерітіндісін не үшін қойдыңыз?
Бұл тәжірибеде көмірқышқыл газының концентрациясы өзгерді ме?
Неге өсімдіктің жоғарғы бөлігіндегі жапырқты алып крахмалдың бар болуына тестілеу жүргіздіңіз?
Өсімдіктің төменгі бөлігінен жапырақты алып тестілеу жүргізу, жоғарғы бөлігінен алған жапырқты тестілеудің нәтижесінен қаншалықты айырмашылығы болады деп ойлайсыз?
Жұмысты қорытындылаңыз.
Фотосинтез процесін толық зерттеу үшін мына сілтемелер арқылы
виртуальды зертхананы да пайдалануға болады:1)http://biolicey2vrn.ru/index/obrazovanie_organicheskikh_veshhestv/0-356 2) https://www.youtube.com/watch?v=VeU7ULL9UswӘлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?