Жапырақтың құрылысы және қызметі. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


Жапырақтың ішкі құрылысы.

  

 Жапырақтың ішкі құрылысымен толық танысу үшін тақтасынан жұқалап көлденең кесінді жасап, микроскоппен қараймыз. Микроскоптан мөлдір, түссіз үстіңгі және астыңғы өңі мен қалың, жұмсақ ортаңғы қабаты көрінеді.

  

 Өң жасушалары – тірі, бір-бірімен тығыз жанасып жатады. Астыңғы өңінде жанаспалы жасушалар орналасады (өсімдіктің өсетін жеріне, түріне байланысты кейде үстіңгі өңінде де кездеседі). Өң жасушаларында хлорофилл болмайды, сондықтан түссіз. Күн сәулесін өткізеді, қорғаныштық қызметін атқарады.

  

 Жанаспалы жасушалар – жарты ай немесе бүйрек пішінді бір-бірімен жанасқан 2 жасуша. Жанасқан жерінде саңылауы бар. Бұл саңылау бірде ашылып, бірде жабылады. Саңылау арқылы жапыраққа ауа енеді. Атмосфераға су буы, оттегі және көмірқышқыл газы шығарылады. Жанаспалы жасушада болатын хлорофилл дәндерінде күн сәулесінен қант (органикалық зат) түзіледі. Сол кезде қысым артып, күндіз саңылау ашылады. Түнде қант мөлшерінің азаюы қысымды төмендетіп, саңылау жабылады. Егер күндіз күн өте ыстық, желді болса, ылғалды сақтау үшін саңылау жабылып тұрады. Саңылау күзде күндіз де, түнде де жабық болады.

  

 Жапырақтың ортаңғы жұмсақ бөліміндегі жасушалар пішініне қарай бағаналы жәнеборпылдақ деп 2-ге бөлінеді. Бағаналы жасушалар жарық мол түсетін үстіңгі өңнің астына жанаса жатады. Бағана тәрізді ұзын, бір-біріне тығыз орналасқандықтан осылай аталады. Жасушалары тығыз орналаспай арасында кеңістіктері болса – борпылдақ жасушалар деп аталады. Жапырақ жүйкелері де осы қабатта. Су мен минералды заттар жапыраққа жүйке арқылы өтеді.

  

 Жарықта және көлеңкеде өсетін жапырақтар. Күн сәулесі мол түсетін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында бағаналы жасушалар 2-3 қатар болып орналасқан. Жанаспалы жасушалар саны да көп.

  

 Көлеңкеде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында бағаналы жасушалар 1-2 қатар немесе тіпті болмайды. Хлоропластары ірі, хлорофилдері көп. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер: шамшат, жөке, т.б. Ылғалы аз жердегі жапырақтар кішкене, бозғылт сұр түсті, түкті, тікенекке, қабыршаққа айналған. Кейде түтік тәрізді ширатылып қалады. Ал ылғалы мол жапырақтың тақтасы ірі, айқын жасыл түсті.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу