Жапырақтың құрылысы және қызметі. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Тарау:7.2А: Тірі ағзалардың қоректенуі | Мектеп: | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сыныбы: 7 | Қатысқандар саны: қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Жапырақтың құрылысы және қызметі | |||||||
Оқу мақсаттары | Жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау және оның құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты түсіндіру. Лептесіктің маңыздылығы. | |||||||
Сабақтың мақсаты | Жапырақтың ішкі құрылымдарының анықтауды үйренеді. Олардың қызметтерінің арасындағы сәйкестікті талдайды. Құрылыс пен қызмет арасындағы өзара байланысты анықтап, қорытынды жасауды үйренеді. | |||||||
Бағалау критерийі | 1.Жапырақтың ішкі құрылымдарының анықтайды және сипаттайды; 2.Жапырақтың ішкі құрылымдарының қызметтерін талдай алады; 3.Құрылыс пен қызметі арасындағы өзара байланысты түсіндіреді, қорытынды жасайды. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы оқу, Ашықтық, Жұпта жұмыс жасау арқылы Өзіне және айналадағы құрмет, Ынтымақтастық; Жұмыстарды өзара және жеке тексеру кезінде Академиялық әділдік құндылығын дарытуға болады. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: жұпта жұмыстану арқылы жапырақтың құрылысы мен қызметін оқып зерттейді және жазбалар жасайды, кейін негізгі сызба бойынша өзара тексеру жүргізеді. Арнайы пәндік лексика және терминология:қоректену,крахмал, нәруыз, қант, май, фотосинтез, хлоропласт, мезофилл, борпылдақ паренхима, бағаналы паренхима, эпидермис, шаңдаққабат/кутикула, лептесік, флоэма және ксилема, өткізгіш ұлпа, жасушааралық, тірек ұлпасы, өткізгіш шоқ (жүйке) | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Жапырақтағы газ алмасу процесстерінің кейбір элементтері химия пәнімен байланысты. | |||||||
Алдыңғы білім | Оқушылар 5-сыныптың «Жаратылыстану» пәні материалдары бойынша қоректенудің тірі ағзалардың басты қасиеттерінің бірі екенін білулері керек, фотосинтездің күн энергиясын пайдаланып, бейорганикалық заттардан органикалық заттарды түзетін үдеріс екенін түсінеді. | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Бейне баян, таныстырылым көрсету | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі. «Үштен бірік» ойын шарты бойынша оқушыларға бүгінгі сабақта қарастыратын терминдердің үш тілдегі үлгісі таратылып беріледі. Оқушылар үштікке бірігуі керек. Болған оқушылар басқа оқушыларға көмек беруіне болады. | Қосымша 1. | ||||||
Сабақтың ортасы 10 мин | Мұғалімнің түсіндірмесі. Жаңа сабақ тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлеріне тоқталады. Жеке жұмыс. Сауалдармен жұмыс.Жапырақтың ішкі құрылысы туралы бейнефильм көрсетіледі. Оқушыларға алдымен сауалдар тізімі таратылады, олар бейнефильді тамашалай отырып, өсімдік жапырағының құрылымдарының қызметтері туралы мәліметтерді жазып алады. «Жапырақтың ішкі құрылысы және қызметтері» туралы сауалдар тізбесі. | Твиг білім сайты Қосымша 2 Сауалдар тізбесі | ||||||
10 мин | ЖЖ.Оқушыларға жапырақтың элементтері белгіленбеген сызбасының көшірмесін бір-бір данадан таратып беріледі. Жапырақтың құрылысы мен қызметі сәйкестендіріліп берілген үлкен сызба көшірмесі сынып бөлмесінің алдыңғы жағында тұрады. Екі оқушының бірі үлкен сызбаны зерделейді. Сосын олар орындарына келіп, өздерінің жұптас әріптесіне бір немесе бірнеше белгілеулер туралы айтады. Жұптас оқушы өз сызбасында жазбалар түсіреді. Сызбаға белгі түсіріліп жатқанда, оқушылар рөлдерін ауыстырады. Тақтада сызбаның түпнұсқасын көрсетіледі де, жұптардың жұмыстарын өзара бағалаулары үшін өз сызбаларымен алмасуларын сұралады. Кейбір оқушыларға ақпарат қағазын беруге болады. | Қосымша3 Таңбаланбаған жапырақтың ішкі құрылысының суреттері | ||||||
8 мин 10 мин | D-демонстрация. Жапырақтың ішкі құрылысын, өңін микроскоп арқылы қарау Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау жұмысын орындау. | Дайын микропрепараттар ҚБ жұмысы | ||||||
2 минут | Кері байланыс Оқушылар пікірлерін бас бармақ арқылы білдіреді. | |||||||
Үй тапсырмасы: Жапырақтың құрылысын есте сақтау мақсатында қолда бар материалдардан жапырақты жасау. | ||||||||
Қосымшаақпарат | ||||||||
Дифференциация – Сізқосымшақолдаудықалайжоспарладыңыз? Неғұрлымқабілеттіоқушыларғақандайтапсырмалардыберудіжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардыңбілімінтексерудіқалайжоспарлапотырсыз? | Денсаулықтықорғауменқауіпсіздіктісақтаужәне | ||||||
Кейбір қабілеті төмен оқушыларға ақпарат қағазын беруге болады. Қабілетті оқушылар тапсырманы орындауда ешқандай қолдауды қажет етпейді. Өз бетінше тапсырманы жасауы мүмкін. Немесе тапсырманы аяқтап болатын болса басқа оқушыларға көмек беруіне болады. | Түрткі болатын сұрақтарға жауап бере алады. Суреттердің сызбасын дұрыс сызу арқылы бағаланады. ҚБ жұмысы. | Компьютер құрылғыларымен жұмыс жасау барсында қауіпсіздік шараларын сақтау | ||||||
Сабақтың мақсаты / оқумақсаты дұрыспа? Оқушылар бүгін не оқып-үйренді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен дифференцияланған жұмысты сәтті дайындай алдым ба? Мен уақытты сақтадым ба? Мен жоспарда қандай өзгеріс енгіздім және қандай? |
| |||||||
Қорытынды баға Ең табысты екі сәті қандайеді (білім беру мен оқуды қараңыз)? 1: 2: Сабақтың қандай екі сәтін жақсарттым (білім беру мен оқуды қараңыз)? 1: 2: Мен сабақта сынып және жекелеген адамдар туралы нені білдім, мен келесі сабақта нені әңгімелеймін |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?