Азық- түлік өнімдеріндегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар. Зертханалық жұмыс: «Тамақ өнімдерін органикалық заттарға тестілеу». Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.
Нұсқаулық карта
Лабораториялық жұмыс
Тақырып: «Тамақ өнімдерінің құрамында көмірсулар, нәруыздар және майларды зерттеу»
Жұмыстың мақсаты: _____________________________________________________________
Болжам: _____________________________________________________________________________
Құрал-жабдықтар:____________________________________________________________________
Жұмыс барысы:
Әрбір азық-түлік өнімдерінің құрамындағы заттарды анықтау:
- глюкоза – 2 см3 жүзім шырынына 1 см3 Бенедикт ерітіндісін құйыңыздар. Қайнағанша дейін қыздыру керек. Сары тұнбаның түзілуін қадағалаймыз. Әрі қарай бақылаңыз.
- крахмал – йодтың 1-2 тамшысын кесілген картоп пен күріш үстіне тамызамыз да, бақылаймыз. Нәтижесінде не пайда болғанын көріңіздер.
- липид (майлы заттар )– 2мл этил спиртіне күнбағыстың дәндерін ұсатып, салыңыздар. Қисайтып тұрып, шайқау. Алынған қоспаны ішінде 2 мл суы бар сынауыққа құйып, араластырыңыздар. Нәтижесінде не пайда болғанын көріңіздер.
- нәруыз – 2 мл құстың жұмыртқасының ерітіндісіне 1 мл Биурет ерітіндісін құйыңыздар. Енді бақылаңыз.
Жұмыс нәтижесі:
Қант - қыздыру барысында бұл тұнба қызыл түске ауысады.
Крахмал- қара-көк түс пайда болады.
Липид- лайлы сұйықтық көрінсе, липидтердің бар екендігін дәлелдейді.
Нәруыз - ерітіндінің сия- көк түске айналуы байқалады.
Жұмыста берілген азық-түліктердің түрлері қолжетімді, олардың санын жекелей таңдауға болады.
Зерттеу Объектісі | Зерттеу әдісі | Нені бақыладың | Қорытынды |
Немесе
Азық-түлік | Нәруыздар | Майлар | Жай көмірсулар (глюкоза) | Күрделі көмірсулар (крахмал) |
Шұжықтар ( сосиски) | ||||
Қытырлақ (чипсы) | ||||
Нан | ||||
Жемістер (алма, мандарин) | ||||
Қорытынды |
- (жазып беріңдер «+» немесе «-»)
Қорытынды :
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?