Азық- түлік өнімдеріндегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар. Зертханалық жұмыс: «Тамақ өнімдерін органикалық заттарға тестілеу». Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Су мен органикалық заттар

Мектеп: Петропавл қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бактубаева А.С.

Қатысқандар саны:12

Қатыспағандар саны:0

Сабақ тақырыбы

Азық- түлік өнімдеріндегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар. Зертханалық жұмыс: «Тамақ өнімдерін органикалық заттарға тестілеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

оқушылар:

азық- түлік өнімдерінің құрамында көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар-жоғын дәлелдейді

 Сабақ мақсаттары

азық-түлік өнімдерінің құрамында органикалық заттардың бар-жоғын тестілеу

 Бағалау критерийлері

оқушылар:

азық-түлік өнімдерінің құрамында органикалық заттардың бар-жоғын тексереді

 Сабақтың түрі

зертханалық жұмыс

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар майлармен көмірсулардың тағамдарда кездесуін атай алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология

липидтер, көмірсулар, нәруыздар, крахмал, глюкоза, Бенедикт ерітіндісі, йод, этанол, Биурет ерітіндісі

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Нәруыздер ........ құрамында кездеседі.

Майлар ...... құрамында кездеседі.

Майлар мен көмірсулардлы ................... арқылы анықтауға болады.

 Құндылықтардыдарыту

Ұжымда жұмыс істей алу, сыныптастардың ойын тыңдау, бір-бірін сыйластыққа үйрету

 Пәнаралық байланыстар

химия – органикалық заттардың құрамындағы элементтерді анықтайды.

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, ғаламтордағы ресурстар

Бастапқы білім

Оқушылар білу керек:

азық-түліктің құрамында крахмал, қант, майлар, нәруыздардың бар болуы (6 сынып)

Органикалық заттарды құрайтын элементтер (7 сынып)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 мин.

Ұйымдастыру кезеңі І. Ынтымақтастыру атмосферасын ұйымдастыру. Сәлемдесу. Бір-бірімізге жақсы көңіл күй тілейміз. ІІ. Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау үшін оқушылардың пікірлерін тыңдау Сабақтың мақсатын айқындау және тақтада жазу. (Ж) ҚБ «Дұрыс-бұрыс»

  • Тірі ағзалар бейорганикалық және органикалық заттардан тұрады.
  • Крахмал майтәріздес заттардың бірі.
  • Суға қатысты заттар гидрофильді и гидрофобты.
  • Нәруыздар-жай бейорганикалық заттар.
  • Глюкозаны этил спирті арқылы анықтауға болады.
  • Крахмал йодпен қосылғанда көк түске боялады.
  • Көмірсулардың құрамына: көміртек, оттек, суттек.
  • Медузаның денесінде 98% су бар.
  • Ұлпалардың тургоры- тірі жасушадағы ішкі осмостық қысым.
  • Тірі ағзада көмірсулар мен липидтер негізгі энергия көздері.

Бағалау шкаласы:

9-10 ұпай «5»

8-7 ұпай «4»

6-5 ұпай «3»

(Т) Топтық жұмысты ұйымдастыру «Жұбыңды тап» (азық-түліктің суреттері)

Ой шақыру.

Мұғалім азық-түлік бар қоржынды көрсетіп оқушылардан сұрайды: «Біз бүгін немен айналысамыз?»

Таратпа материалдар

Азық-түлік бар қоржын

Сабақтың

ортасы

11-41 мин.

Практикалық жұмыстың ұйымдастырылуы мен өткізілуі жекелей және жұпта болады.

Зертханалық жұмыс

Тақырып: «Азық- түлік өнімдерін зерттеу»

Жұмыстың мақсаты: азық-түлік өнімдерін органикалық заттарға бар-жоғын тестілеу

Болжам: азық-түлік өнімдерінің құрамында нәруыздер, майлар, көмірсулар әр түрлі мөлшерде болады.

Құрал-жабдықтар:

Майдалағыш – 1 дана

Майдалауға арналған ыдыс – 1 дана

Петри табақшасы – 1 дана

Сынауықтар – 3 дана

Этил спирті - 2 мл

Су - 2 мл

Картоп – 1 дана

Күнбағыстың дәні – 6-7 дана

Құс жұмыртқасының ерітіндісі – 2 мл

Биурет ерітіндісі -1 мл

Бенедикт ерітіндісі -1мл

Жүзім жемісімен сабағы

Жаңғақ дәндері 8-9 дана

(Бенедикт және Биурет ерітінділері болмағанда, оларды жекелей дайындауға болады )

Жұмыс барысы:

Әрбір азық-түлік өнімдерінің құрамындағы заттарды анықтау:

  • глюкоза – 2 см3 жүзім шырынына 1 см3 Бенедикт ерітіндісін құйыңыздар. Қайнағанша дейін қыздыру керек. Сары тұнбаның түзілуін қадағалаймыз. Әрі қарай бақылаңыз.
  • крахмал – йодтың 1-2 тамшысын кесілген картоп пен күріш үстіне тамызамыз да, бақылаймыз. Нәтижесінде не пайда болғанын көріңіздер.
  • липид (майлы заттар )– 2мл этил спиртіне күнбағыстың дәндерін ұсатып, салыңыздар. Қисайтып тұрып, шайқау. Алынған қоспаны ішінде 2 мл суы бар сынауыққа құйып, араластырыңыздар. Нәтижесінде не пайда болғанын көріңіздер.
  • нәруыз – 2 мл құстың жұмыртқасының ерітіндісіне 1 мл Биурет ерітіндісін құйыңыздар. Енді бақылаңыз.

Жұмыс нәтижесі:

Қант - қыздыру барысында бұл тұнба қызыл түске ауысады.

Крахмал- қара-көк түс пайда болады.

Липид- лайлы сұйықтық көрінсе, липидтердің бар екендігін дәлелдейді.

Нәруыз - ерітіндінің сия- көк түске айналуы байқалады.

Жұмыста берілген азық-түліктердің түрлері қолжетімді, олардың санын жекелей таңдауға болады.

Зерттеу

Объектісі

Зерттеу әдісі

Нені бақыладың

Қорытынды

Бидайлық нан

Йод ерітіндісін тамызу

Біртіндеп нан күрең көк түске айналды

Йод ерітіндінің әсері және түстің өзгеруі бұл күрделі көмірсуға (крахмал) сапалы реакция

Немесе

Азық-түлік

Нәруыздар

Майлар

Жай көмірсулар

(глюкоза)

Күрделі көмірсулар

(крахмал)

Шұжықтар

( сосиски)

Қытырлақ

ипсы)

Нан

Жемістер

(алма, мандарин)

Қорытынды

  • (жазып беріңдер «+» немесе «-»)

Қорытынды :

  • Болжамның орындалған/ орындалмағанын дәлелдеу.

Оқушылармен алынған нәтижелерді талдаңдар

Таратпа материалдар

https://twig-bilim.kz/film/balanced-diet-5890/

https://www.youtube.com/watch?v=IKP8GGgZSGQ

(глюкозаны анықтау)

https://www.youtube.com/watch?v=xVxxHRkvUxg

(нәруыз)

Сабақтың соңы

42-45 мин.

Рефлексия

Үйге: тақырып бойынша тірек сөздермен жұмыс жасау

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: азық-түлік өнімдеріндегі органикалық заттарды бар-жоғын анықтауды біледі.

Көпшілік оқушылар: органикалық заттардың түрлерін сипаттау.

Кейбір оқушылар: азық-түлік құрамында заттарды анықтайтын ерітінді туралы ақпарат жазылғанын білу

Лездік сұрақтар беру арқылы оқушылардың органикалық заттардың түрлерін атау және олардың ағза үшін маңыздылығы туралы сұрау.

Жұпта орындаған тәжірибе нәтижелерін қорытындылап, бағалау жүргізеді.

Практикалық жұмыс барысында бағалау жүреді.

Алынған деректерді өңдеу және жұмыс істеу процесінде оқушылар креативтік және сындық келісті көрсетеді. Жұппен және топпен жұмыс істеу және олардың жұмысын басқа оқушылармен және оқытушымен талдау басқалардың пікірін сыйлауды, құрдастарымен және үлкендермен дұрыс қарым-қатынас құру қабілетін дамытады.

Белгілі дәрежеде басқалармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету қабілетін көрсетеді, Оқушылардың денсаулығын қалай сақтауы және маңындағылардың қауіпсіздігін қалай қамқорлыққа алуы керектігін үйретеді

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу