Органикалық заттар: көмірсу, май, нәруыз ЗЖ «Тағам құрамындағы нәруыз, май, көмірсулардың бар екендігін анықтау». Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Тарау 7.1Е: Су және органикалық заттар
Сабақ жоспары
Сабақ: 7.1. | Мектеп: Шымкент қаласы ХББ НЗМ | |||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты – жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Органикалық заттар: көмірсу, май, нәруыз ЗЖ «Тағам құрамындағы нәруыз, май, көмірсулардың бар екендігін анықтау» | |||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: | Оқушылар орындай алады: Органикалық заттар түрлерімен танысу Тағам құрамындағы нәруыз, май, көмірсулардың бар екендігін анықтап, дәлелдеу | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары: |
| |||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
| |||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар орындай алады:
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Органикалық зат, нәруыз, май, көмірсу, нәруыздың болуы, қорытынды | |||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | «Мәңгілік ел» құндылығы: бейбітшілік және келісім Мектеп құндылығы: «жұптық жұмыс» барысындағы оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық құндылықтарының қалыптасуына ықпал ету | |||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық дамыту | Тақырыпқа байланысты кей ұғымдарды түсіндіру барысында химия пәнімен байланыстыруға болады | |||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | PowerPoint Internet Бейнежазбалар | |||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар біледі:
| |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс – әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||||||||||||||||||||||||
Басы 0 – 7мин 8 – 24мин 25 – 35 мин Аяғы 36 - 45 минут | Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Сәлемдесу (ТЖ, Т) Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін оларға азық-түлік өнімдерінің атаулары үлестіріліп беріледі және оларды құрамындағы органикалық заттардың болуына байланысты топтастыру керектігі сұралады. Осы тапсырма арқылы оқушылардың өткенді еске түсіруіне және бүгінгі сабақпен байланыстыруына мүмкіндік болады. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, мұғалім тақтада дұрыс топтастырылған жауабын көрсетеді. Бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау ... (Т, ЖЖ) Нәруыз, май және көмірсулардың жақсы көздері болып табылатын өнімдер мысалдарын алу үшін сауалнама құрастырады. Сөйтіп жұптарымен алмасып сұрап шығады.
сұрақтарын қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықтап алынады. Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты тақтада көрсетіледі. Сонымен, «Сіз не білесіз?» сұрағымен талқылауымызды жалғастырамыз:
(оқушылар 1мин ішінде дәптерлеріне өздері білетін ережелерді жазады). Сосын кезекпен оқушылар өз ережелерін оқиды. Мұғалім оқушылардың ойларын реттеп, нақты ережені ұсынып отырады. Барлық ережені дұрыс әрі толық орындауына байланысты «басбармақ» әдісі арқылы бағаланады. (Т) Жаңа сабақ туралы қысқаша түсінік берілген соң, оқушыларға бүгінгі жұмысқа арналған нұсқаулық КАРТА таратылып беріледі (қосымша 1): Оқушылар нұсқаулықты оқып болған соң, не жасау керек екендерін баяндайды:
(ЖЖ, Э) Оқушылар азық-түлік өнімдерінде нәруыз, көмірсу мен майлардың болуын анықтауға жұптаса отырып бірнеше эксперименттер орындайды. Олар картофельдің түйнегін көмірсулардың болуына тексереді, ұнның құрамында нәруыздың болуын және күнбағыс тұқымының құрамында майлардың болуын тексереді. Жұмысты орындау барысында оқушылар тағам өнімдерінде органикалық заттардың негізгі топтарының болуын анықтайды. Жұмыс қорытындысын (байқалған нәтижені) нұсқаулық картаға толтырып отырады:
(Ж) Бағалау дескрипторы:
* Тәжірибені жасау барысында аталған заттарды дұрыс анықтаса, «√» белгісін қою арқылы бағалау жүргізеді. (Ж) Сабақты қорытындылау ... Оқушылар азық-түлік өнімдерінде органикалық заттардың болуына тірек-сызба құрастырады. (Ж, Т) Feedback (рефлексия) «Табыс баспалдағы» арқылы Үйге тапсырма: Көмірсу, нәруыз және майдың ағза үшін маңызы | Азық-түлік өнімдері атаулары PowerPoint Қауіпсіздік ережелері Картоп Йод ерітіндісі Ұн, су Стакан Сүзгі қағазы Күнбағыс тұқымы Шыны таяқша https://www.youtube.com/watch?v=ruaonf6lXJs Таратпа материалдар (нұсқаулық) | ||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||
Берілген тапсырма негізінде алдыңғы білімді еске түсіріп, органикалық заттарды ажыратады. Органикалық заттардың бар екендігін дәлелдейтін тәжірибелер жасайды. Қауіпсіздік техникасы ережелерін біледі. Жасалған іс-әрекеттерді бақылай отырып, қорытынды жасайды. |
|
| ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?