Судың биологиялық рөлі. ЗЖ «Тірі ағзалар үшін судың қасиеттері мен маңызын зерттеу». Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар

Беттік керілу

  • Стаканға толтырып су құйыңыз және оның бетіне абайлап қағаз қысқыштар (скрепка) қойыңыз (скрепка бірден суға батып кетпеу үшін, әуелі салфетка қағаздың қиындысын қойыңыз, ал үстіне скрепканы қойыңыз).
  • Жуғыш заттың судың беттік керілуін қалай жоятынын көру үшін, суға бір тамшы жуғыш затты қосыңыз. Не байқадыңыз?
  • Шағын диаметрлі тиынды (мысалы 10 теңге) тегіс жерге орналастырыңыз және тамызғымен тиынның жоғарғы бетіне бір тамшы су тамызыңыз. Осы тиынның бетіне қанша су тамшысы сиятынын болжаңыз. Су тамшыларын су тиынның шетінен ағып кенкенге дейін тамыза беріңіз. Не байқадыңыз?

Қайнау және балқу температурасы

  • Екі полиэтилен пакетті судың шаршыларымен толтырыңыз. Бір пакетке ас тұзын қосыңыз және араластырыңыз. Осы пакеттегі су түгел еріп кетуі керек. Екі пакеттегі судың температурасын өлшеңіз. Не байқадыңыз? Қалай ойлайсыз, сонда теңіз суы ма, әлде мұхит суы ма қыста қатып қалатын?

Су – еріткіш

  • Стаканға су құйыңыз және оған 1дана қант түйірін салыңыз. Аздап араластырыңыз. Не байқадыңыз?

1а 1ә

1б 1с

(Ж) «Ия» не «жоқ» деген жауаптар арқылы келесі тұжырымдарға жауап беріңіз:

  • Су жасушаға еріткіш ретінде қажет.
  • Шөлде тіршілік ететін ағзалар сусыз тіршілік ете береді.
  • Қорек заттар жасушаға тек еріген күйінде кіреді.
  • Денені қызып кетуден қорғайды.
  • Егер сілекейде су болмаса тамақты жұта алмаймыз.
  • Егер су болмаса фотосинтез процесі жүреді.
  • Адам эмбрионы немесе ұрығы жасушасы 90 % судан тұрады.
  • Денедегі су арқылы заттар біркелкі таралып сыртқа шыға алады.
  • Қыста ұйқыға кететін жануарларда мұз кристалдары пайда болады.
  • Мидың қызметі үшін су қажет, сол арқылы ми белсенді қызмет атқарады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу