Жануарлардың сыртқы құрылысы. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.
Жануарлардың сыртқы құрылысы
Жануарлар дене құрылысының ортақ белгісі бойынша омыртқасыз және омыртқалы жануарлар болып бөлінеді. Халқымыз омыртқасыз жануарды жәндіктер дейді. Жәндіктердің денесінде ішкі қаңқа және омыртқа жотасы болмайды.
Гу́бкалар — суда, су түбіне бекініп тіршілік ететін жануарлар. Пішіні қапшық тәрізді, денесі қуыс, ауыз қуысы денесінің жоғары жағында. Атпалылар (книдарий)- су жануарлары, қармалауыштары бар. Атпа жасушалары арқылы қорегін аулап және жауынан қорғана алады.
Жалпақ құрттар - көпшілігінің пішіні жапыраққа немесе таспаға ұқсас. Таспа тәрізді жалпақ құрттардың денесі бунақты. Бас бөлігінде бунақ болмайды. Жұмыр құрттар - денесі сірқабықпен (кутикула) қапталады. Көптеген жұмыр құрттарда тері-бұлшықет қапшығы болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері жоқ. Сондықтан жұмыр құрттар денесін қысқарта да, соза да алмайды. Буылтық құрттарға тән ерекшеліктердің бірі - айрықша қозғалыс мүшелерінің болуы. Мұндай мүшелер құрт денесіндегі буылтықтардың әрқайсысының екі қапталын бойлай орналасады. Оны параподия дейді. Ұлулардың - денесі бунақтарға бөлінбейді. Айқын жіктелмесе де, олардың бас бөлігін тұлғадан ажыратуға мүмкіндік бар. Ұлулардың ішкі мүшелері бастан кейінгі тұлға қапшығында орналасады. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат - шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады. Тікентерілілер - теңіз түбіне бекініп және еркін қозғалып тіршілік ететін жануарлар. Олардың денесі радиалды жөне көбінесе бес сәулелі симметрия болады. Тері асты дәнекер қабатында тікенектері мен инелері дене сыртына шығып түратын ізбесті (әк) тақталардан қүралған қаңқа дамиды. Шаянтәріздестер - суда тіршілік ететіндіктен, желбезек арқылы тыныс алады. Шаянтәрізділер денесін жауып тұратын кутикулада сыртқы қаңқаның қызметін атқаратын хитин көп. Ол қорғаныш қызметін атқарады, бірақ екінші жағынан — үздіксіз өсуіне кедергі жасайды. Денесі баскөкірек және құрсақ бөліктерінен құралады. Көру, иіс сезу, сипап сезу және тепе-теңдік сақтау мүшелері едәуір дамыған.
Өрмекшітәрізділер - құрлықта тіршілік ететін буынаяқтылар. Бұл класқа жататын жәндіктердің денесі екі бөліктен тұрады: баскөкірек және қарсақ бөлімінен тұрады. Бұларда мұртша болмайды. Жабыны үш қабатты. Өрмекшітәріздестердің баскөкірек бөлігінде 6 жұп аяқ орналасады. Бірінші жұбы - күйісаяқ; екінші жұбы - тұтқыаяқ; қалған 4 жұбы - жүруге арналған аяқтар. Сөйтіп, өрмекшітәріздестерде жүретін 8 аяқ болады. Бунақденелілер - басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі – денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар: бас, көкірек және құрсақ бөлімдері деп аталады. Бунақденелілердің барлығы 6 аяқты. Басым бөлігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері – алуан түрлі қызмет атқарады. Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасады. Көкірек бөлігіне қимыл-қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орнығады. Көбею мүшелері құрсағында болады.
Ішкі қаңқасы және омыртқа жотасы болатын түрлер омыртқалы жануарларға жатқызылады. Бұлар жануарлар деп аталады. Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер – жоғары сатыдағы жануарлар. Бұларда желі (хорда) тек ұрықтық сатыда ғана сақталады. Одан әрі даму барысында жеке омыртқалардан құралатын омыртқа жотасына айналады. Ал төменгі сатыдағы омыртқалы жануарларда (қандауырша, қабықтылар, т.б.) желі өмір бойы сақталады.
Балықтар - суда тіршілік етеді, жұмыртқасын суға салады. Денесі қабыршақпен қапталған.
Желбезекпен тыныс алады. Қосмекенділер - денесі бас, тұлға және көбінесе бес саусақты төрт аяқтардан тұрады. Кейбір түрлері аяқсыз және құйрықты болады. Қосмекенділердің терісі жұқа, тегіс және безді болып келеді. Бездерден бөлінген сұйықтық терісін үнемі ылғалдандырып тұрады.
Жорғалаушылардың нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Суда тіршілік ететін түрлері де бар. Жорғалаушылардың терісі құрғақ және онда бездер өте аз. Терінің сырты мүйізді қабыршақтармен, қалқаншалармен, сауытпен қапталған. Мұндай мүйізді түзілістер теріні қүрғап кетуден сақтайды әрі қорғаныш қызметін атқарады. Жорғалаушылардың қаңқасы бес бөлімнен тұрады. Құстар — жылықанды омыртқалы жануарлар. Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғы аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Сүтқоректілер – жануарлардың хордалылар типіне жататын, құрылысы жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар класы. Сүтқоректілерге ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар жатады. Олар түрлі табиғи орта жағдайларында (суда, аспанда ұшып жүріп, жер астында, құрлықта, ағаш басында) тіршілік етеді. Сүтқоректілердің тері жабыны басқа омыртқалыларға ұқсас екі қабаттан тұрады. Теріде май, тер, сүт, иіс шығаратын бездері болады. Түк, мүйізді тырнақ, мүйіз және тұяқтар - терінің қосалқы бөлімдеріне жатады.
Пайдаланған әдебиеттер: Д.Тейлор, Н.Грин, У.Стаут, 1 том.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?