Жануарлардың сыртқы құрылысы. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


7.1C Тірі ағзалардың көп түрлілігі

Күні:

Сынып: 7

Мектеп: Семей қаласындағы ФМБ «Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектебі»

Мұғалімнің аты-жөні: Чармухаметова А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жануарлардың сыртқы құрылысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.3 омыртқалы және омыртқасыз жануарлар құрылысының ерекшеліктерін ажырату

 Сабақ мақсаттары

- Омыртқалы және омыртқасыз жануарларды суреттерден анықтай алады

-Омыртқасыз және омыртқалы жануарларға тән ерекшеліктерді сипаттай алады

- Омыртқалы мен омыртқасыз жануарлар арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсіндіре алады

 Сабақ түрі

Қысқаша зерттеу арқылы жаңа тақырыпты меңгеру

Бағалау критерийлері

- омыртқасыз және омыртқалылар ағзаларды ажырата алады

- омыртқасыз жануарларға тән ерекшеліктерді біледі

- омыртқалы жануарларға тән ерекшеліктерді біледі

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология: хитин, тері жамылғысы, қабыршақты жамылғы, омыртқа жотасы, дене қуысы, тері-бұлшықет қапшығы;

Омыртқалы, омыртқасыз, ішекқуыстылар, былқылдақденелілер, буынаяқтылар, бунақденелілер.

Құстар ... жатады, себебі...қасиеттер тән

Омыртқасыздар … болып табылады/бар.

Омыртқалыларда… бар.

Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушылар бір – бірінің ойын тыңдайды, өзара сыйластықты қалыптастырады. Жұпта, топта, топпен жұмыс істей білу. Оқушылар белсене қозғала отырып, сымбаттылықтарын сақтауға жаттығу жасайды. Бір-бірінің іс-қимылдарын түсіне білу.

Пәнаралық байланыстар

Дене шынықтыру сабақта іс-қимылдарды омыртқалы жануарлардың сипаттауда пайдалану

 АКТ қолдану дағдылары

Оқу үрдісін активтендіру үшін интерактивті тақталарды пайдалану;

Бастапқы білім

Тірі ағзаларды бір жасушалы,көпжасушалы, омыртқалы омыртқасыз деп бөліп қарастыра алады(6 сынып)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 - 05 мин

(Тж) Оқушыларға 5 мин ішінде мүмкіндігінше көп жануарлардың атауын жазу тапсырмасын беру. Енді жазған жануарларды екі тізімге бөлуі тиіс: «омыртқалы» және «омыртқасыз».

Сабақтың тақырыбын ашады.

омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың суреттері

Сабақтың ортасы

5-10 мин

10-25 мин

25-30 мин

30-35 мин

35-38 мин

(Тж) Оқушылар омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың суреттерін топқа бөледі, әр топ қандай ерекшеліктеріне сүйене отырып бөлгендерін түсіндіреді.

(Тж) Топта оқушылар берілген омыртқалылар мен омыртқасыз жануарлардың ерекшеліктері туралы тұжырымдамаларды екіге бөледі. Тұжырымдамаларды дұрыс бөлгендігін мәтін көмегімен, жәндіктердің кептірілген жиынтықтары, суреттер мен ылғал препараттарды немесе презентацияны пайдаланып, критерийді ескере отырып тексереді.

Критерий:

1. Жануарлардың сыртқы жабынына көңіл бөледі

2. Дене бөліктерінің орналасуын анықтайды

3. Жануарлардың мөлшеріне назар аударады

4. Аяғы, қанаты, мұртшасы,т.б.бөліктерін тауып, сипаттайды

(Тж) Топтар жұмыстарын басқа топтармен талқылайды

(Ж) Омыртқалы мен омыртқасыз жануарлар арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды дәптерге венн диаграммасын сызып, толтырады.

Оқушылардың ақпаратты түсінгенін True/ false ойыны арқылы анықтау. True –жасыл, false-қызыл карточканы көтереді

  • Балықтың омыртқасы бар
  • Жорғалаушылардың омыртқасы жоқ
  • Адамдар омыртқасыздарға жатады
  • Омыртқасыздар жәндіктер
  • Сүтқоректілердің ішкі қаңқасы жақсы жетілген
  • Буынаяқтылар, құрттар, былқылдақденелілер омыртқасыздар
  • Омыртқалы жануарлардың құрылыс күрделі
  • Сегізаяқ омыртқалы жануар
  • Буынаяқтыларда экзоскелет бар
  • Бақаның омыртқа жотасы жоқ

Презентация PowerPoint

Ылғалды преператтар, омыртқалы жануарлардың кептірілген нақмүсіні (чучела), жәндіктердің кептірілген жиынтықтары, ұлғайтқыш әйнек

Мәтін,омыртқалылар мен омыртқасыз жануарлардың ерекшеліктері туралы дұрыс тұжырымдамалар (дидактикалық материалдар)

омыртқалылар мен омыртқасыз жануарлар туралы таныстырылымдар:

http://animals.pppst.com/vertebrates.html

қызыл және жасыл карточкалар

Сабақтың соңы

38-40 мин

Оқыту және оқу бойынша

3-3-1

3- Жаңалығы

3- мәселе (неге көңіл аудару керек)

1- не өзгерте алады (үлесі)

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Суреттегі ағзаларды дұрыс топтай алады;

Көптеген оқушылар: жануарлардың сыртқы құрылысындағы айырмашылықтарды салыстырып, ерекшеліктерін түсіндіре алады

Кейбір оқушылар: Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың ерекшеліктерінің құрылысы, қызметі мекен ету ортасы және эволюцияға байланысты екенін түсіндіреді.

Оқушылардың суреттерді топқа бөлу кезіндегі, омыртқалылар мен омыртқасыздардың тізімін жасау кезіндегі піірталастарын бақылау;

әр түрлі ылғалды препараттар, жәндіктердің кептірілген жиынтықтары мен нақпішіндер беру арқылы оқушыларды нысанды анық, табиғи түрінде көріп есте сақтауы арқылы меңгеру деңгейін жетілдіру;

Өз бетімен іздену дағдыларын дамыту барысындағы іс- әрекеттерін бақылау;

топтық, жұмыс кезінде бір-бірінің ойын сыйлап, құрметпен қарауға тәрбиелеу. Іс-қозғалыс кезіңде денсаулықты сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу

мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу