Омыртқалы және омыртқасыз ағзалардың құрылыс ерекшеліктері. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


 1.Омыртқалылар – хордалылардың ішіндегі ең жоғары сатыда тұрған жануарлар. Олардың жоғары дәрежеде екендігін көрсететін негізгі бір белгісі ол құрылысында және тіршілік әрекетінде. Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда, омыртқалылардың тіршілік етуде түрлі жағдайларға бейімделуі, олардың морфологиялық және физиологиялық өзгешеліктеріне байланысты.Олардың бес бөлімнен тұратын бас миы жақсы жетілген, соншалықты жетілген сезім мүшелерінің денесін қозғайтын аяқтарының, сүйек қаңқаларының, омыртқалар жотасының жақсы жетілуі, олардың эволюциялық даму сатысының биігіне көтерілуіне мүмкіндік берген.

Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректенуі, жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ сүйектері бір-бірімен тығыз байланысты дамиды. Жақ сүйектерінің ұстау тамақтарын ұстау қызметтері – төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда, омыртқалылардың өте жоғары дәрежеде шешілген. Осы қажеттіліктің нәтижесінде денесінде қанның жылдам тарауына және оны қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету әрекеті жоғарылай бастайды. Денесінде зат алмасу процесі күшейе түсуіне байланысты, денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да ас қорытатын арнайы бездер – бауыр мен ұйқы безі және көптеген ішкі секреция бездері жетіледі. Төменгі сатыдағы хордалылар тек қана суда, теңізде тіршілік етсе, омыртқалылар тіршілікке қолайлы жердің бәріне таралады. Эволюцияның барысында омыртқалылар бейімделгіш қабілетін анық көрсетеді.

Жүйеленуі:

Омыртқалылар – Vertebrata немесе бас сүйектiлер – Craniata тип тармағы

Класс үстi – Жақсыздар Agnatha

Балықтар класс үстi – Pisces

Шемiршектi балықтар класы – Chondrichthyes

Сүйектi балықтар класы – Osteichthyes

Класс үстi құрлықтағы омыртқалылар немесе төрт аяқтылар – Tetrapoda

Қос мекендiлер класы – Amphibia

Бауырымен жорғалаушылар класы – Reptilia

Құстар класы – Aves

Сүтқоректiлер класы – Mammalia.

Сыртқы көрiнiсi. Денесi бас, көкiрек және құйрық бөлiмдерiнен тұрады. Әрине ол болса сүйектiлерге қарағанда әлсiздеу көрiнедi. Терiсi көп қабатты эпидермистен (эктодерманың туындысы) тұрады және бездi клеткалары көп, сол бездерден терi үстiне көп шырын шығады. Терi механикалық және сыртқы ортаның түрлi әсерлерiнен қорғайды. Дененiң ұзындығы бiрнеше сантиметрден 1 м-ге дейiн.

2. Омыртқасыздар-омыртқа жотасы жоқ жәндіктер тобы.

Омыртқасыздардың көптеген түрін әлемдік мұхиттардан, сулы өңірлерден, жағалаулар мен ылғалды ормандардан көптеп кездестіруге болады. Топырақ асты немесе жер беті, ағаш-дарақтардың тамырлары, діңі.жапырағында да омыртқасыздардың мекен ортасы бола алады. Өрмегін тоқыған өрмекші, илеуіндегі құмырсқа, жапырақ астындағы түрлі құрттар мен топырақ астындағы ұя қазған шылаушындар-бәрін қоршаған ортадан көптеп кездестіресің. Адам мен жануарлардың тәнін мекендейтін омыртқасыздар-паразиттер де көп. Қазіргі кезде омыртқасыздардың 2 млн-нан астам түрі 22 типке бірігеді: саркомастигофоралар, споралылар, микроспоридиялар, инфузориялар, тақталылар, губкалар, ішекқуыстылар, ескектілер, жалпақ құрттар, немертиндер, жұмыр құрттар, скребнилер, буылтық құрттар, буынаяқтылар, онихофоралар, моллюскалар, қармалауыштылар, тікентерілілер, погонофоралар, қылтанжақтылар, жартылай хордалылар және книдоспоридиялар немесе миксоспоридиялар (Myxosporіdіa). 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу