Тірі ағзалар патшалықтары. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


 Тірі ағзалар патшалықтары

 

 Тірі табиғат дүниесі бес патшалыққа жіктеледі: прокариоттар, протистер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар.

 Прокариоттар(монералар) патшалығы барлық басқа патшалықтардан айырмашылығы - жасушасында қалыптасқан ядросы және кейбір жасуша құрылымдары болмайды. Оларға бактериялар және цианобактериялар жатады. Олар қоректенуіне қарай автотрофтар және гетеротрофтар. Қозғалмай және қозғалып тіршілік ете алады.

 Прокариоттар бір жасушалы, кейбір түрлері тізбектеліп, жіпше түзеді. Ал кейбірі бір-бірімен жабысып, шоғыр түзеді, алайда олардың әрқайсысы жеке жасуша.

 Бактериялар мөлшері жағынан өте кішкентай 0,1-10 мкм. Бактерияларды барлық жерден кездестіруге болады.

 Протистер патшалығы— суда, ылғал топырақта, ағзалардың ішкі ортасында тіршілік ететін микроскопиялық құрылысы бар ағзалар. Оларға балдырлар, қарапайымдылар, оомицеттер(төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар) жатады. Протистердің көпшілігі біржасушалы ағзалар, кейбір түрлері колония құрып тіршілік етуге бейімделген. Кейбір түрлерінің пішіні тұрақсыз(амебалар), кейбірі талшықтары, кірпікшелері арқылы қозғалады. Протистер ұсақ жәндіктермен, өсімдіктермен, шіріген органикалық заттармен және басқа ағзаларда паразиттік тіршілік етеді. Бір жасушалы балдырлар төменгі сатыдағы суда тіршілік ететін ағзалар.

 Саңырауқұлақтар патшалығы гетеротрофты, қозғалыссыз өмір сүруге бейімделген ағзалар.Саңырауқұлақтардың бір жасушалы ашытқы саңырауқұлағынан бастап, көп жасушалы жоғары сатыдағы түрлері бар. Саңырауқұлақтар суда да құрлықта да тіршілік етеді. Саңырауқұлақтар басқа ағзалармен симбиоздық қарым-қатынасқа түсуі де мүмкін, мысалы, балдырлармен бірлесіп, қыналарды түзеді.

 Өсімдіктер патшалығына - автотрофты, яғни фотосинтез процесі нәтижесінде органикалық заттарды өздері түзетін эукариотты ағзалар жатады. Өсімдіктер эволюция барысында құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Мүшелері тамыр, сабақ, жапырақтары жақсы жетілген. Өсімдіктер патшалығына бауырмүктер мен мүктер, қырықжапырақтар, ашықтұқымдылар және жабық тұқымды өсімдіктер жатады.

 Жануарлар еркін қозғалып жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін ағзалар. Жануарлар эукариоттардың төрттен бір бөлігін қамтиды. Барлығы көпжасушалы ағзалар, дене құрылысы күрделі дамыған, қоректі аулау, ұсақтау, сіңіру, тәсілін жүзеге асыратын арнайы мүшелер мен мүшелер жүйесі бар. Жануарлар патшалығына көпжасушалы омыртқалы және омыртқасыз ағзалар жатады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пайдаланған әдебиеттер: Д.Тейлор, Н.Грин, У.Стаут, 1 том.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу