Тірі ағзалар патшалықтары. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


7.1C Тірі ағзалардың көп түрлілігі

Күні:

Сынып: 7

Мектеп: «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ «Семей қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тірі ағзалар патшалықтары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Прокариоттар, протистер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар патшалықтарына сипаттама беру

 Сабақ мақсаттары

Патшалықтарға бөліну себебін түсіну

Патшалықтарға тән ерекшеліктерді анықтау

Патшалықтар арасындағы ерекшеліктерді сипаттау.

Сабақ түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

 Тілдік мақсаттар

 

Ағзаларды топтарға бөлу кезінде өз болжамын түсіндіреді.

Ағзалардың құрылыс ерекшеліктерін анықтай алады және ауызша сипаттайды

Пәнге тән лексика мен терминология:

Прокариоттар, протистер, бактерия, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар, қарапайымдылар, біржасушалы, көпжасушалы ағзалар,бір жасушалы ағза, түрлер, микроорганизмдер, эукариоттар, ядро, ұрық

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Тірі ағзалардың патшалыққа жіктелуі....................................болып табылады

Прокариоттардың протистерден айырмашылығы..............

 Бағалау критерийлері

  • Патшалықтарға тән ерекшеліктерді анықтайды
  • Патшалықтарға тән ерекшеліктерді сипаттай алады
  • Әр патшалыққа тән белгілерді ажырата алады және мысалдарын келтіреді.

Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушылар бір – бірінің ойын тыңдайды, өзара сыйластықты қалыптастырады. Жұпта, топта, топпен жұмыс істей білу. Оқушылар белсене қозғала отырып, сымбаттылықтарын сақтауға жаттығу жасайды. Бір-бірінің іс-қимылдарын түсіне білу.

Пәнаралық байланыстар

Дене шынықтыру сабақта іс-қимылдарды омыртқалы жануарлардың сипаттауда пайдалану

 АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында тақырып бойынша ақпараттарды өңдеу және саралау

Сабақ соңында сипаттамаларды ерекшеліктерімен сәйкестендіру

Бастапқы білім

Оқушылар «жіктеу», «тірі табиғат патшалығы», «омыртқалы және омыртқасыз жануарлар» (5-сынып) ұғымдарына анықтама бере алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ұ) Таксондардың атауы жазылған таратпаларды беру Мысалы: патшалық, тип, отряд, тұқымдас, туыс, түр. Патшалық туралы алғашқы білімін еске түсіруін сұрау.

Презентация PowerPoint

Сабақтың ортасы

05-10 мин

10-25 мин

25-35 мин

35-38 мин

38-42 мин

(Ж) Оқушыларға бес патшалыққа жататын ағзалардың суреттерін (прокариоттар, протистер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар) беру. Суреттерді топтауын сұрау. Қандай топтарға бөлгенін және не себепті

олай бөлгенін түсіндіреді.(Оқушылар қате айтуы да мүмкін. Алайда түзетудің қажеті жоқ) Оқушыларды бес топқа бөлу. Әр топ патшалықтар жазылған карточкаларды таңдайды.

(Тж) Әр топ мәтін арқылы бір патшалыққа тән ерекшеліктермен оқып танысады және сол патшалық өкілдерінің суреттерін пайдаланып таныстыру әзірлейді

Топтағы жұмыс критерийі

  • Топта бірлескен сұхбат жүргізеді
  • Патшалыққа жататын ағзалармен танысады
  • Патшалыққа тән ерекшеліктерді анықтайды

(Тж) Барлық топ жұмыстарын тақтаға іледі.

Галерея әдісін пайдаланып,сағат тілімен басқа топтардың жұмысымен танысып, өздеріне ақпарат алады және оны дәптерлеріне жазады.

Топтардың жұмысына стикер жапсыру арқылы берілген критерий негізінде бағалайды.

Топтың жұмысын бағалау критерийі

  • Патшалыққа тән ерекшеліктерді сипаттайтын толық ақпарат берілген
  • Постердегі жазу оқылатын, көзге жағымды
  • Тапсырма түсінікті суреттелген

(Тж) Алдыңғы бөлінген суреттеріне қайтып келеді. Суреттерді қайта бөледі және не себепті олай бөлгенін түсіндіреді.

Өздерінің алдыңғы білімі мен сабақ соңындағы ойларын салыстырады

Тірі ағзалардың суреттері (таратпа материалдар)

Мәтін, ағза суреттері, плакат, маркерлер

стикерлер

Сабақтың соңы

42-45 мин

(Ж) Тақтаға бес патшалық атауы ілінеді.

Оқушылар патшалық өкілдерінің суреттерін таңдап алып, сәйкес патшалықтардың қасына әкеп жапсырады

Суреттер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: Тірі ағзалар патшалықтарын ерекшелігіне қарай топтай алады.

Көпшілік оқушылар: Патшалықтарға тән ерекшеліктерді анықтайды.

Кейбір оқушылар: Патшалықтар арасындағы байланысты анықтап, түсіне алады.

Оқушы суреттерді неге, қалай топтағанын түсіндіру кезінде мұғалім сұрақтар арқылы жетелеу

Топпен жұмыс барысындағы іс- әрекеттерін бақылау;

Оқушылар критерий бойынша топ жұмыстарын постерден өзіне түсінікті ақпарат ала алғандығы туралы бағалайды;

Оқушылардың топпен жұмыс кезіндегі іс әрекеттерін мұғалім бақылау арқылы бағалайды.

Сабақ басындағы суреттерді қайта бөлу арқылы өз ойларының өзгергенін түсіндіреді

Қауіпсіздік сақтау үшін қозғалыс кезінде абай болу

Сабақ үстінде партада дұрыс отыру мен көзге түсетін күшті ескеру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу

мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу