Тірі ағзалардың бес патшалығының жалпы сипаттамасы. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі систематикалық топтары. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша №1.

Систематика бойынша мәтін

Жүйеленім, систематика (грек. systematіkos – тәртіпке келтірілген), биологияда – Жер бетінде тіршілік ететін барлық организмдердің және бұрын тіршілік еткен организмдердің қазба қалдықтарының туыстық қарым-қатынасын, олардың жеке түрлері мен түрлер тобының байланысын зерттейтін биологияның бір саласы. Жүйеленім организмдерді сипаттайтын жеке белгілерді (морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, экологиялық, т.б.) өз алдына бөлек-бөлек, сондай-ақ, оларды біріктіріп, организмдердің барлық жиынтығының жіктелімін жасау үшін қолданады. Организмнің әр түрлі ерекшеліктері неғұрлым көбірек ескерілсе, Жүйеленімдік жіктеудегі сол немесе басқа таксонға (жануарлар мен өсімдіктерде жүйелеудің жіктеу бірлігі) бірігетін организмдердің жақын туыстығы соғұрлым айқындала түседі. Мысалы, жарқанат пен құстардың кейбір сыртқы белгілері (ұшатын) ұқсас болғанымен, жарғанат – сүтқоректілерге, яғни басқа класқа жатады. Сондай-ақ, өсімдіктерде де кактус пен сүттіген сыртқы белгілеріне қарағанда бір-бірімен ұқсас болғанымен, екеуі 2 тұқымдасқа жатады. Бірақ екеуі де қос жарнақтылар класына бірігеді. Жүйеленімнің негізгі мақсаты – Жер бетінде кездесетін жануарлар (1,6 миллиондай түрі) мен өсетін өсімдіктер (350 мыңдай түрі) және микроорганизмдер түрлерін жан-жақты сипаттап, топтастыру. Ж-нің ғылыми негізінің қалыптасуына ағылшын ғалымы Дж. Рей (1627 – 1705) мен швед ғалымы К.Линнейдің жаратылыстану саласындағы ашқан жаңалықтарының әсері көп болды.

Систематика бойынша мәтін

Биологияда көп жағдайда Жүйеленімнің орнына таксономия – өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жүйелеу топтарын жіктеу принципі туралы ілім қолданылады. Жануарлардың таксономиялық категориялары: тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түр. Бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы – туысқа (genus) жіктелінеді, жақын туыстар – тұқымдасқа (famіlіa), тұқымдастар – отрядқа (ordo), отрядтар – класқа (classіs), кластар – типке (phylum) біріктіріледі. Жануарлардың ең ірі жіктелімдік бірлігі – тип. Алғаш рет ғылымға тип терминін 1825 ж. француз зоологы А.Бленвиль (1777 – 1850) енгізген. Тип – ғасырлар бойы дамыған филогенетикалық жүйенің қорытындысы. Типке бірнеше класс біріктіріледі. Мысалы, бассүйексіздер, дөңгелекауыздылар, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер кластары хордалылар типіне жатады. Жүйелілік топтар өзара тармақтарға бөлінеді. Өсімдіктердің таксономиялық бірліктері –дүние, бөлім, класс, қатар, тұқымдас, туыс, түр деп жіктеледі.

Мүмкін болатын кесте нұсқасы. Кестенің формасын оқушылар өздері топта ақылдасып, толтыру қажет.

Жүйелену сипаттамасы

Өсімдіктерегі жүйелену түрі. Таксономиялық бірлік.

Жануарлардағы жүйелену түрі. Таксономиялық бірлік.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу