Тірі ағзалардың бес патшалығының жалпы сипаттамасы. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі систематикалық топтары. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1С: Тірі ағзалардың  көптүрлілігі

Мектеп: ХХБ НЗМ Өскемен

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Токтарбекова А.Т.

Сынып: 7

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Тірі ағзалардың бес патшалығының жалпы сипаттамасы. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі систематикалық топтары.

Осы сабақта қолжеткізілетін оқумақсаттары

(оқубағдарламасынасілтеме)

  • 7.1.1.1  жүйелеудің маңызын түсіндіру
  • 7.1.1.2  тірі ағзалардың жүйелік орналасуын анықтау

 Сабақ мақсаттары

  • Жүйелеу ұғымымен танысу;
  • Жүйелеу ұғымын бес патшалықты ажырата алу негізінде түсіну;
  • Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі систематикалық топтарын салыстырып, айырмашылықтарын айта алу;

 Бағалау критерийлері

 

 Дағдылар:

түсіну,білімін қолдану, талдау, бағалау

  • Жүйелеудің маңызын біледі;
  • Патшалықтарды ажарыта алады;
  • Жүйелеу ұғымымен танысады;
  • Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі систематикалық топтарын салыстырып, айырмашылықтарын айта алады;

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология: түрлер, сипаттамалық белгілері

бактерия, вирус, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, патшалық, тұқымдас, класс, отряд, қатар, туыс, түр.

кішкентай/қарапайым/үлкен/күрделі/көрінетін/көрінбейтін.

Бір жасушалы ағзада жасушаның құрамдас бөліктері бар/әр түрлі мүшелер/тек бір жасуша/көп жасуша/ішкі мүшелері/ ішкі мүшелері жоқ.

Бактериялар x болып табылды/бар, вирустар y болып табылды/бар, x болып табылмайды/жоқ х

 Құндылықтарды

 дарыту

Сыйластық: оқушылар сабақ барысында өзіне және өзгелерге кедергі келтірмейді, өзгенің ойын соңына дейін тыңдайды.

Мұғалім әркімнің пікірін тыңдап, өз ойын білдіреді.

Академиялық шыншылдық: өзара бағалау мен өзіндік бағалауда шыншылдық таныту.

Өмір бойы оқу: оқушы деңгейіне сәйкес өз бетімен тапсырмаларды орындау үшін тапсырманы орындау стратегиясын жоспарлайды. Орындаған тапсырмаға өзіндік рефлексия жасайды.

Ынтымақтастық: әркімнің ойы құнды қағидасын ұстану; өзара оқыту ортасын құру.

Патриотттық және азаматтық позиция табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және сақтау.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі. Систематикалық бірлік бойынша ағылшын тілінде терминдермен жұмыс жасау.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтада презентация.

Bilimland.kz, twig-bilim.kz

Бастапқы білім

Оқушылар «жіктеу», «тірі табиғат патшалығы», «омыртқалы және омыртқасыз жануарлар» (5-сынып) ұғымдарына анықтама бере алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

- Ұйымдастыру. Сәлемдесу.

  • Сайттан видео (0:53 сек.дейін) көрсету арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

https://twig-bilim.kz/film/factpack-classification-5433/

презентация

презентация 2

4-5 мин

Сабақтың ортасы

5-15 мин

15-25 мин

25-38 мин

  • Оқушыларды топқа бөлу. Топқа бөлу үшін оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында конфеттер ұсынылады.
  • Топтық жұмыс. Оқушыларға жүйелеу түсінігі бойынша мәтін беріледі. «Автобус аялдамасы» стратегиясы арқылы оқушылар бір аялдамадан екінші аялдамаға барған уақытта өз толықтыруларын енгізе алады.

Топтық жұмыс: «Систематика» және «таксономия» терминдері бойынша мәтінмен жұмыс. Мәтіннің нәтижесі бойынша кесте толтырады. Кестенің формасын оқушылар өздері топта ақылдасып, толтыру қажет. Постер құрып қорғайды. Таксономиялық бірліктер бойынша видео. Мұғалімнің талдауы.

Бағалау: Топтық жұмыс смайликтер арқылы бағаланады.

  • Жұптық жұмыс: оқушыларға басқа материкте мекендейтін жануарлардың суреттері беріледі, ағылшын тілінде терминдер беріледі, тапсырмадағы ұяшықтарға жануарларды орналастыру қажет. Оқушылардан оларды топтарға бөлуді және топтастыру себептерін жазуларын сұраңыз. Тілдік мақсаттар орындалады.
  • Жұптық жұмыс: оқушыларға түрлі ағзалардың суреттерін таратып, оларды 5 патшалыққа топтастырулары қажет. Әр жұптың жұмысы «бағдаршам» бағалаудың формальды емес түрі арқылы бағаланады.
  • Жеке жұмыс. Берілген ақпараттарды пайдаланып, бір өсімдікті систематикалық бірлікте жіктейді. Қабілеті жоғары оқушылар ағылшын тілінде терминдер қолдана алады.
  • Жеке жұмыс. Тақырып бойынша жеке жұмыс.

Презентация

Қосымша №1

PDF форматында тапсырма

Қосымша №2.

презентация

Қосымша №3.

Қосымша №4.

Сабақтың соңы

38-40 мин

  • Рефлексия:
  • Сен үшін не қиын болды?

-Жұмысты жақсарту үшін не істейсің?

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасыныңсақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар:

  • Топта ұйымдастыру жұмыстарын алады;
  • Сабақ бойындағы «Түрткі сұрақтар» оқушылардың ойын қозғауға, дамытуға арналады.
  • Таксономиялық бірліктерді толық жіктей алады.

Қабілеті орта оқушылар:

  • Топтық жұмыста мәтіннен анықтаманы дұрыс табады ;
  • Сабақ барысындағы деңгейлік сұрақтар тізбегі;
  • Систематикалық бірлікке жіктеуде мұғалімнің қолдауына жүгінеді

Қабілеті төмен оқушылар:

  • Деңгейлік сұрақтар;
  • Мұғалімнің қолдауы;
  • Топтық жұмыстарды формальды емес бағалау
  • Ынталандыру, қолдау көрсету;
  • Жеке жұмыс бағалау критерийлері бойынша бағаланады.
  • АКТ ара қашықтығын сақтау.

Сабақбойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

  •  Оқу мақсаттары дұрыс қойылған.
  •  Қалыптастырушы тапсырманы орындауда кейбір оқушыларда қиыншылықтар туындады.

Жалпы баға: Сабақта қойылған сабақ мақсаты мен оқу мақсаттарына жеттім.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу