Экологиялық факторлардың тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсері. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1А: Биосфера және экожүйелер

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Экологиялық факторлардың тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

  • Экологиялық факторларды жіктеу

 Сабақ мақсаттары

  • Терминдердің анықтамасын білу;
  • Абиотикалық фактор мен биотикалық факторларды ажырату;
  • Ағзаның экологиялық факторға байланыс бейімделу ерекшеліктерін анықтау

 Бағалау критерийлері

Экологиялық факторлар түрлерін біледі, ажыратады. Қоршаған орта факторларын биотикалық және абиотикалық факторларға жіктейді. Қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың таралуы мен тіршілік әрекетіне әсерін сипаттайды

 Тілдік мақсаттар

 

Экологиялық факторлардың тірі ағзалардың таралуы мен тіршілік етуіне әсерін сипаттайды, мысал келтіреді

Пәнге тән лексика мен терминология:

Биотикалық және абиотикалық факторлар, күн, жел, температура, селбесу

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Экологиялық факторлар: биотикалық, абиотикалық

Тірі ағзалардың таралуына … әсер етеді

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, академиялық әділдік, ашықтық, өмір бойы оқу, сыйластық

Пәнаралық байланыстар

Қоршаған ортаның бірлестіктері география пәнімен тығыз байланысты

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар ғаламтор желісімен, компьютермен, интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды

Бастапқы білім

Экожүйенің құрамдас бөліктерін біледі. Қоректік тізбек құра алады (7 сынып)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0 – 1

2 – 7

Ұйымдастыру кезеңі.

(Ж) Ой толғау: 1. Тарихи деректерден алынған: Австралияға тасымалданған жоңышқа не себепті тұқым бермеді? Бұл немен байланысты деп ойлайсыз? (оқушылар жұппен талқылап өз жауаптарын ұсынады

Ж/м: Себебі Автралияда жоңышқаны тозаңдататын арнайы аралар болмады.

2. Жоңышқа мен араның арасындағы байланысты қалай атайды?

Жаңа тақырыпқа көшу

Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау. Жетістік критерийлерін ұсыну.

Пәндік лексика және терминология

Интербелсенді тақта, презентация

8 – 12

(М) Мағынаны ашу. Мұғалім оқушыларды экологиялық фактордың анықтамасы мен түрлерімен таныстырады (бейнеролик бойынша).

Экологиялық факторлар-кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.

Абиотикалық факторлар – бейорганикалық ортаның тірі ағзаларға жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы

Биотикалық фактор, биогендік фактор — ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері.

Интербелсенді тақта, презентация,

https://www.twig-bilim.kz/film/biotic-factors-in-ecosystems-5536/ , https://www.twig-bilim.kz/film/abiotic-factors-in-ecosystems-5537/

13 – 20

(Т) «Атом және молекула» ойыны арқылы 2 топқа біріктіріп, келесі тапсырманы ұсыну:

І топ – Абиотикалық факторлар

ІІ топ – Биотикалық факторлардың ерекшеліктерін зерттейді.

ИТ, презентация,дидатикалық материал, ғаламтор желісі

21 – 29

(Т) Оқушылар жиналған ақпарат көздерімен бір – бірімен «Әткеншек» стратегиясы бойынша алмасады.

Әр топ алған білімдерін қолдана отырып келесі тапсырманы орындайды:

І топ – Бидай;

ІІ топ – Түлкіге әсер ететін экологиялық факторларды анықтау

Жұмысты бағалау үшін бағалау критерийлерін ұсыну. Мысалы,

  • Зерттеліп жатқан объектіге әсер ететін биотикалық факторлар анықталды (5 аргументтен кем емес);
  • Зерттеліп жатқан объектіге әсер ететін абиотикалық факторлар анықталды (5аргументтен кем емес);
  • Зерттеліп жатқан объекті тіршілік ету ортасына бейімделу ерекшеліктері анықталды (3 аргументтен кем емес)

ИТ, презентация

30 – 35

(Т) Жасалған жұмысты әр топ ұсынады

Қалған топ бағалау критерийлері бойынша бағалайды

ИТ, презентация

36 – 43

(Қ) Оқушылар алған білімдерін бекіту және тексеру мақсатында қалыптастыру жұмысын жасауды ұсыну

ҚБ парақшалары

44 – 45

(Ө) Рефлексия: «2 жұлдыз, 1 тілек». Оқушылар бүгінгі сабақтың екі маңызды кезеңін атап өтіп, келесі сабақта білгісі келетін бір тілегін айтады.

Үй жұмысы: «Өз өңіріңнің экожүйесі» тақырыбына эссе жазу

ИТ, презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар экологиялық фактор, абиотикалық және биотикалық фактордың анықтамасын біледі;

Оқушыларды көпшілігі экологиялық факторлардың ерекшелігін анықтайды;

Кейбір оқушылар зерттеліп жатқан ағзаға әсер ететін факторларды анықтайды

  •  Сұрақ – жауап стратегиясы;
  •  Берілген тапсырманы бағалау критерийлері бойынша бағалау;
  •  Қалыптастырушы бағалау жұмысы;
  •  Кері байланыс арқылы
  • Сабақты бастамас бұрын сергіту сәті өткізіледі;

-Партада отыру ережесін естеріңе түсіру;

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу