Экологиялық фактор. Қоршаған орта факторлардың тірі ағзаларға әсері. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


7.1А Биосфера және экожүйелер

Сабақтың тақырыбы: Экологиялық фактор

Сабақтың мақсаты: экологиялық факторларды жіктей алу.​

Экологиялық факторлар - ағзаға белгілі бір әсер беретін қоршаған ортаның қасиеттері.​

  • Биотикалық факторлар
  • Абиотикалық факторлар
  • Антропогендік факторлар

ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады.

бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы

айнала қоршаған

ортаға тигізетін адам баласы іс - әрекетінің тікелей немесе жанама әсері.

Мысалы: паразитизм, жыртқыштық, бәсекелестік және т.б.

Мысалы: температура, қысым, ылғалдық, жарық.

Мысалы: ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер, ауыл шаруашылығы салаларының дамуы

Температура - экологиялық фактор.Дене температурасының сипатына қарай барлық организмдерді екіге топтайды: пойкилотермді (дене температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелді өзгеріп отырады) және гомойтермді (дене температурасы тұрақты организмдер).

Ылғал. Ылғал да экологиялық факторлар ретінде организмге әсер етеді. Ылғал көбіне климатқа, құрлықтың температуралық белдеулеріне табиғат белдемдеріне байланысты болады. Кейбір жағдайда ылғал шектеуші фактор рөлін атқарады. Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары былай жіктеледі.

 Жарық. Күн энергиясы - шешушi экологиялық факторлардың бiрi. Атап айтқанда жарық жерде өмір сүретiндердiң барлығына дерлiгiн фотосинтез арқылы энергиямен және құнарлы заттарменқамтамасыз етеді, Tipi ағзалар үшiн сәуле толқынының ұзындығы оның қарқындылығы және сеулелендірудің ұзақтығы қажет. Күн сәулесінің спектрі үш аймаққа бөлiнедi, олар: ультракүлгiн, көрінетін және инфрақызыл сәуле шығару аймағы.

Қысым. Ауаның жер бетіне түсірген салмағы атмосфералық қысым немесе ауа қысымы деп аталады. Ауа қысымы биіктікке сәйкес азаюы адам ағзасына үлкен әсер етеді. Адам 3000м биіктікке көтерілгенде биіктік ауруымен ауыра бастайды: тез шаршайды, басы айналады, жүрегі айниды. 4000м - дегі биіктікте қан тамырлары жарылып, мұрнынан қан кетеді, есінен танады. Оған себеп ауа қысымының жалпылама азаюына байланысты оның құрылымындағы оттегінің де қысымы азаяды. Атмосфералық қысым барометр деп аталатын құралмен өлшенеді (грекше барос - салмақ, метрео - өлшеймін ).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу