Экологиялық фактор. Қоршаған орта факторлардың тірі ағзаларға әсері. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақжоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1АБиосфера және экожүйелер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Экологиялық фактор. Қоршаған орта факторлардың тірі ағзаларға әсері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- экологиялық факторларды жіктеу.

- қоршаған орта факторлардың тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін сипаттау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • экологиялық факторларды жіктей алу;
  • қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекетіне және таралуына әсерін сипаттайды.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- экологиялық факторларды биотикалық, абиотикалық және антропогендік факторларға ажырата алады;

- экожүйедегі және мекен ету ортасындағы биотикалық, абиотикалық және антропогендік факторларға 3 мысалдан келтіреді;

- қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекетіне және таралуына әсерін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:экологиялық факторлар, абиотикалық факторлар, биотикалық факторлар, жарық, температура т.б.

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Тірі ағзаға әсер ететін экологиялық факторлар.

Дағдылар

Өзін-өзі реттеу, әлеуметтік

Құндылықтарды дарыту

Ашықтық, өзіне және айналадағы құрмет, ынтымақтастық, академиялық әділдік.

Пәнаралық байланыстар

Химия, география, физика, экология.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, флипчарт

Бастапқы білім

Қоршаған орта 6-сынып

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-7 мин

7-12 мин

Сәлемдесу. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жақсы көңіл-күй қалыптастыру. Оқушылардың түгелдігін, сабаққа даярлығын қадағалау.

(І)Үй жұмысын тексеру. «Бинго» ойыны арқылы өткен тақырыпты тексеру:

Оқушылар үйренген терминдермен ойнайды

Оқушылар Бинго карточкасын алады

Сіз оларға жорамалдап берген сөздердің анықтамаларын атаңыз.

Егер анықтама карточкадағы сөзге сәйкес келеді деп санаса, оқушылар сөзді сызып тастайды. Сол уақытта «Бинго!» деп айғалау керек.

Оқушы өз карточкасында дұрыс сөздерді сызып тастағанына көз жеткізіңіз

  • оқушы «Бинго!» сөзін айғалағанда ойын тоқтатылады.
  • Продуценттер (түзушілер) - қоршаған ортадағы бейорганикалық заттардан фотосинтез немесе хемосинтез процесі нәтижесінде органикалық емес қоспалардан органикалық заттарды синтездеуші ағзалар(жасыл өсімдіктер).​
  • Биосфера - тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. 
  • Биогеоценоз - тіршілік ететін жер бетімен қоса (биотип), тipi организмдер (биоценоз) мен абиотикалық ортаның тарихи қалыптасқан жиынтығы.
  • Консументтер (тұтынушылар) - дайын органикалық заттарды пайдаланатын организмдер. ​
  • Қоректік тізбек — бұл өзара байланысты организмдер қатары, онда алдыңғы организмдер кейінгі организмдердің қорегі ретінде пайдаланылады
  • Экожүйе - зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы.
  • Редуценттер (ыдыратушылар) - органикалық заттарды бейорганикалық заттарға дейін ыдырататын организмдер.
  • Биоценоз – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығы.
  • Литосфера – жердің қатты қабаты

Продуценттер (түзуішілер)

Биогеоценоз

Консументтер (тұтынушылар)

Экожүйе

Биосфера

Редуценттер (ыдыратушылар)

Биоценоз

Қоректік тізбек

Литосфера

(W)Миға шабуыл:Оқушылардың алдында тұрған бөлме өсімдігіне қандай жағдайлар (факторлар) әсер етеді? (оқушылардың атаған факторларын мұғалім тақтаға нөмірлеп жазады. Барлық факторларды атағаннан кейін, балаларға оларды қалай жіктеуге болатындығы туралы сұрақ қойылады. Оқушылар өз ойларын білдіреді, топтастыру себебін түсіндіреді).

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты тұжырымдалады.

Бөлме гүлі, флипчарт

Сабақтың ортасы

12-17 мин

17-27 мин

27-32 мин

32-35 мин

(W)«Экологиялық факторлар» ұғымына анықтама беріледі, топтары анықталады.

Оқушыларды 3 топқа бөлу https://castlots.org/razdelit-na-gruppy/

(G) Нөмірленген суреттер беріледі. Әр топ ақылдасып, өздерінің факторларын тауып, дәптерге жазады.

1-топ абиотикалық факторлар. 1-суретте: жарық, топырақ, климат, t0-ра, ылғалдылық, ауа қысымы, жер бедері; 2- суретте: су, жарық, топырақ, климат, t0-ра, ылғалдылық, ауа қысымы, жер бедері; 3-суретте: жарық, топырақ, климат, t0-ра, ылғалдылық, ауа қысымы, жер бедері; 4- суретте: жел, жарық, топырақ, климат, t0-ра, ылғалдылық, ауа қысымы, жер бедері; 5-суретте: жарық, жер бедері, климат, t0-ра, ылғалдылық, ауа қысымы; 6-суретте: топырақ, жарық, климат, t0-ра, ылғалдылық, ауа қысымы, жер бедері; 7-суретте: жарық, климат, t0-ра, ылғалдылық, ауа қысымы, жер бедері, топырақ; 8-суретте: климат, t0-ра, ылғалдылық, ауа қысымы, жер бедері, жарық, топырақ.

2-топ биотикалық факторлар. 1-суретте: қасқыр, ағаштар, шөптесін өсімдіктер; 2- суретте: ағаштар; 3-суретте: ағаштар, шөптесін өсімдіктер; 4- суретте: шөптесін өсімдіктер; 5-суретте: ағаштар, шөп; 6-суретте: саңырауқұлақтар, шөптесін өсімдіктер; 8-суретте: ағаштар, еліктер.

3-топ антропогендік факторлар. 2- суретте: балық аулаған адамдар; 3-суретте: ауыл шаруашылықпен айналысқан адамдар; 5-суретте: қоқыс; 6-суретте: саңырауқұлақтар, шөптесін өсімдіктер; 7-суретте: фабрикалардан шыққан түтін, табиғи биогеоценоздың орнын басқан қала.

Бағалау: өзара бағалайды

Жұмыс аяқтағаннан кейін, тапсырма оқушылармен бірге тексеріледі, өзара бір-бірін дұрыстайды. Егер оқушылар экологиялық факторларды дұрыс жіктей алса, олар сабақтың мақсатына жетті.

Оқушыларға экожүйенің суреті көрсетіледі.

1. Экожүйені атаңыз.

2. Экожүйенің абиотикалық факторларын атаңыз.

3. Биотикалық факторлардың мысалдарын келтіріңіз. Қандай тірі ағзалар бір-біріне әсер етеді?

4. Бір тірі ағзалардың басқаларына әсері тоқтаса, не болады?

Қорытынды:

Үш топтың жұмысын саралау арқылы, бүгінгі тақырыпты қорытындылау.

Экологиялық факторлар дегеніміз не?

Экологиялық факторлар қандай топтарға жіктеледі?

Экожүйедегі және мекен ету ортасындағы биотикалық, абиотикалық және антропогендік факторларға 3 мысалдан келтіріңдер.

Презентация, экологиялық топтар берілген карточкалар

Презентация, суреттер

Сабақтың соңы

35-40 мин

Үйге тапсырма:

1. Суретті қолданып, экожүйені атаңыз.

2. Экожүйенің абиотикалық факторларын атаңыз.

3. Биотикалық факторлардың мысалдарын келтіріңіз. Қандай тірі ағзалар бір-біріне әсер етеді?

2) экологиялық факторлар, олардың жіктелуі тақырыбын қайталап келу, анықтамаларды жаттау.

Рефлексия

Мен түсіндім

Мен түсінбедім

Түсінгім келеді

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Экологиялық факторларды биотикалық, абиотикалық және антропогендік факторларға ажырата және мысалдар келтіре алады.

Топтық жұмыс кезінде төмен деңгейдегі оқушыларға жоғары деңгейдегі оқушы түсіндіруге тырысады.

Жеке жұмыс кезінде таратпа материалдармен жұмыс, суретпен жұмпыс немесе интернет желісін пайдалану арқылы тақырыпты түсінеді.

Жеке және топтық жұмысты бағалау. Мұғалім сабақтың соңында оқушылардың жұмысын бағалайды. Өзін-өзі бағалау

  • Бастапқы сабақта ҚТ бойынша инструктаж.
  • Оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау.

Жұптық жұмыс кезінде оқушылардың қимыл-қозғалыстарының қауіпсізігін қадағалау.

Көру қабілеті төмен оқушылар алдыңғы партада отырады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткенекі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу