Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі. Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


«Келісілді»

Мектеп:

Мұғалім:

Математика пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні

Сынып: 11 « »

Бөлім: 10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау

Сабақтың тақырыбы

Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі. Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы

Оқу мақсаттары

11.4.1.10 - нақты көрсеткішті дәрежелік функция анықтамасын білу; дәреже көрсеткішіне тәуелді дәрежелік функция графигін салу;11.4.1.11 - дәрежелік функция қасиеттерін білу11.4.1.12 - нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысын табу ережелерін білу және қолдану;11.4.1.13 - нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табу ережесін білу және қолдану;

 Бағалау критерийлері

Оқушы

  • нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның анықталу облысын, мәндер жиынын табады;
  • дәреже көрсеткішіне тәуелді дәрежелік функция графигін таниды;
  • дәрежелік функция қасиеттерін тұжырымдайды;
  • дәрежелік функция қасиеттерін қолдана алады;
  • нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысын табу ережесін қолдана алады;
  • нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табу ережесін қолдана алады.

 Сабақтың мақсаты

Дәрежелік функцияның графигін талдау және дәрежелік функцияның туындысы мен интегралын табу дағдыларын қайталау және жүйелеу

 Мектеп құндылықтары

Топтық, жұптық жұмыстарда ашық болу, бір-бірін құрметтеу, ынтымақтастық қарым-қатынаста болу, академиялық шыншылдықты сақтау, өмір бойы білім алып, ізденуге дағдылану.

 Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаттары:Оқушылар:- дәрежелік функцияның графигін талдай алады;- туындыны табу және интегралдау әдістерінің түрлері туралы айта алады;Бөлім бойынша лексика мен терминология:­ функция- дәрежелік функция;­ бүтін көрсеткшті дәреже;­ дәрежелік функцияның графигі;­ туынды;­ интеграл;­ дифференциалдау;­ интегралдау.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:­ ... дәрежелік функция деп аталады;

­ дәрежелік функцияның дифференциалы… ;

­ дәрежелік функцияның интегралы…

 Алдыңғы білім

Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі. Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы

 Пәнаралық байланыс

физика.

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта мүмкіндіктері, Интернет қорлары

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

1-2 минут

Сабақтың басын ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару.

Презентация

Сабақтың басы

7 минут

Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару және өтілген материалды еске түсіру мақсатында сұрақ қоюды ұйымдастыру.

Сұрақтар ауызша түрде қойылады:

1. Төмендегі функциялардың анықталу облысын және мәндер облысын табыңыз:

,

2. Төмендегі функциялардың қайсысы өспелі және кемімелі?

,

3. фунциясы берілген, мұндағы – оң рационал сан.

санын 1 – мен салыстырыңыз, егер және егер

Оқушылардың жауабын тыңдау және талқылау. Оқушылар мынадай қорытындылар жасайды:

  • Егер дәреженің көрсеткіші бүтін емес сан болса, онда график I ширекте орналасады
  • Егер дәреженің көрсеткіші оң бүтін емес сан болса, функция өседі
  • Егер дәреженің көрсеткіші теріс бүтін емес сан болса, функция кемиді.

Презентация

Сабақтың ортасы

Практика-лық сабақ

12 минут

(5 минут +

2 минут бағалау +

5 минут талқылау)

Топпен жұмыс

15 минут

Жеке жұмыс.

Оқытушы оқушыларды екі нұсқаға бөледі.

Орындау уақыты – 5 минут

Жеке жұмыс жасау ережелері:

  • Жұмысты уақытында орындау
  • Тест сұрақтарына жауап беру
  • Жеке жұмыс нәтижелерін бағалау және оқытушымен бірге талқылау.

Орындап болғаннан соң, дайын жауаптарды оқушылармен бірігіп талқылау. Әрбір оқушы өзінің жұмысын бағалайды. Оқушыларға жұмыс орындау барысында кері байланыс беріледі.

Тапсырмаларды орындау. TARSIA пазлдарын қолдану.

Оқушылар әр топта 6 оқушыдан бөлеміз. Топтың ішінде 2 бөлімшелерге бөлінеді.

Бөлімшелердегі оқушыларға TARSIA-ның тапсырмалары беріледі.

Топта: бөлімшелердің біріне дәрежелік функцияның дифференциалдау тапсырмалары, екіншісіне интегралдау тапсырмалары беріледі. Оқушылар жұмыс парағында жазылған ережелермен танысады. Орындау уақыты – 13 минут.

Орындап болғаннан соң бөлімшедегі оқушылар бағалау үшін жинақталған TARSIA фигурасын көрсетеді. Басқа бөлімше оқушыларында дұрыс жинақталған математикалық домино болады. Соны қолданып тексеру жүргізеді. Тексеру барысында бағалау критерийлеріне мән беру керек.

Тексеру жүргізу – 2 минут.

Оқушының жеке жұмыс парағы

Презентация

Кесілген

TARSIA парақтары

Оқушының жұмыс парағы

Рефлексия

2 минут

Оқушылар үшін рефлексия сұрақтары:

Не білдім?

Неге үйрендім?

Не түсініксіз болды?

Нені жақсартуым керек?

Бағалау критерийлері

Білемін

Қолдана алдым

Жақсарту керек

Оқушылар бағалау критерийлері бойынша өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.

Рефлексия парағы

Үй тапсырмасы

2 минут

Үй тапсырмасын беру.

Үй тапсырмасы:

1. Өрнектерді салыстыр:

және және

және және

2. Теңдеуді шешіңіз:

Оқушының жеке жұмыс парағы

Саралау

Бағалау

ҚТ және денсаулық

Дифференциацияның күрделендіру қағидасы бойынша деңгейлік тапсырмалар орындайды. Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен топта жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетіледі.

Жеке жұмыста өзін-өзі бағалау. Топтардың басқа топтарды бағалауы

Белсенді қызмет түрлері

ҚТ бойынша нұсқаулық. Сынып бөлмесі сабақтан бұрын желдетілген. Сыныптағы орындық парталар түзу тур. Сыныптың іші жарық және сол жақтан түсуде. Сынып бөлмесі алғашқы дәрігерлік көмек қобдишасымен жабдықталған.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу