Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңдеулер жүйесі. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


«Келісілді»

Мектеп:

Мұғалім:

Математика пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні

Сынып: 11 « »

Бөлім: 11.3А бөлім: Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер

Сабақтың тақырыбы

Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңдеулер жүйесі

Оқу мақсаттары

11.2.2.6 – көрсеткіштік теңдеулерді шешу әдістерін біледі және қолданады;

11.2.2.7 – көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шеше алады;

11.2.2.8 - логарифмдік теңдеулерді шешу әдістерін біледі және қолданады;

11.2.2.9 - логарифмдік теңдеулер жүйесін шеше алады.

 Бағалау критерийлері

Оқушы мақсатқа жетеді, егер:

– көрсеткіштік теңдеулерді шешу әдістерін біледі және қолданады;

– көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шеше алады;

- логарифмдік теңдеулерді шешу әдістерін біледі және қолданады;

- логарифмдік теңдеулер жүйесін шеше алады.

 Сабақтың мақсаты

– көрсеткіштік теңдеулерді шешу әдістерін біледі және қолданады;

– көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шеше алады;

- логарифмдік теңдеулерді шешу әдістерін біледі және қолданады;

- логарифмдік теңдеулер жүйесін шеше алады.

 Мектеп құндылықтары

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту.бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау

 Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаттары:

Оқушылар:

иррационалды теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуді сипаттау үшін математикалық терминдерді пайдаланады және түсінеді

Бөлім бойынша лексика мен терминология:

  • теңдеу
  • теңсіздік
  • рационалды
  • шешу
  • шешімі

бөгде шешім.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • Көрсеткішті/логарифмді теңдеуді шештім
  • Көрсеткішті/логарифмді теңсіздікті шештім

 Алдыңғы білім

Алгебралық формулалармен сенімді жұмыс жасау және сызықтық және квадраттық теңдеулерді сенімді шешу. қарапайым көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулерді шешу.

 Пәнаралық байланыс

Физика

 АКТ қолдану дағдылары

bilimland.kz порталымен жұмыс жасау

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

1 минут

Сабақтың басын ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару.Оқушыларды жұптарға бөлу.

Білімнің өзектілігі

Сабақ мақсатын қою

2 минут

Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын тұжырымдау және жазу.

Негізгі білімді белсендіру.

Бағалау критерийін құру.

Оқушыларға сабақтың тақырыбын тұжырымдауға, сабақтың мақсаттарын талқылауға, нәтиже және бағалау критерийлерін болжауға ұсыну.

Презентация

Жаңа материалды игеру

10 минут

Презентациядан көрсеткіштік теңдеулер мен логарифмдік теңдеулерді шешу әдістерін оқушылармен талқылау. Оқушылар маңызды ақпараттарды дәптерге конспектілейді. Оқушыларға логарифмнің негізгі қасиеттерін еске түсіруге мүмкіндік беріңіз. Оқушыларды жұптарға бірігіп логарифм туралы бар білгендерін жазуды ұсыныңыз.

Оқушыларға көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер жүйесін шешуде, алгебралық теңдеулерді шешудегі әдістер қолданылатынын ескертіңіз. Көп жағдайларда теңдеулер жүйесін шешудің қандай да бір әдісін қолданбас бұрын жүйенің әр теңдеуін неғұрлым қарапайым түрге түрлендіру керектігін айта кетіңіз.

Презентация

Жаңа материалды бекіту

12 минут

Оқушыларға жұптық жұмыста келесі тапсырмаларды орындауды ұсынуға болады: Мұғалім жұптардың жұмыстарын тексереді. Әр жұп мүшелерінен топ құрап, өзара оқыту процесін жүргізуді ұсыныңыз.

1-тапсырма. Көрсеткіштік теңдеулерді шешіңіз:

Дескриптор: Оқушы

- Көрсеткіштік теңдеулерді шешу әдісін таңдайды;

- Көрсеткіштік теңдеулерді шешеді.

Жауабы: 1) -3; 2) 0; 3) 1; 4) 0;0,5; 5)1;4; 6)

2-тапсырма. Логарфимдік теңдеулерді шешіңіз:

2.1.

2.2.

2.3.

2.4.

2.5.

2.6.

Дескриптор: Оқушы

- Логарифмдік теңдеулерді шешу әдісін таңдайды;

- Логарифмдік теңдеулерді шешеді.

Жауабы: 1) 2;9; 2) ; 3) -3;5; 4) ; 5)16; 6) .

Оқушылар таппсырманы орындап болған соң дайын жауаптарымен өздерін тексеріп бағалайды.

Рустюмова, И. П. Пособие для подготовки к единому национальному тестированию (ЕНТ) по математике: учеб .-метод, пособие. - Алматы, 2005.

Жаңа материалды бекіту

12 минут

Білімдерін бекіту үшін оқушыларға «көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер жүйесі» тақырыбы бойынша әр түрлі есептер ұсынылады. Оқушылар берілген есептерді жеке орындайды. Тапсырмалар оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай таңдалған. Мұғалім дер кезінде кезінде кері байланыс береді. Берілген тапсырмаларды орындап болған соң оқушылар критерийлер бойынша бағалайды.

Жеке жұмыс

3-тапсырма. Логарфимдік теңдеулер жүйесін шешіңіз:

3.1. 3.2.

3.3. 3.4.

Дескриптор: Оқушы

- Логарифмдік теңдеулер жүйесін шешу әдісін таңдайды;

- Логарифмдік теңдеулер жүйесін шешеді.

Жауабы: 1) (3;5),(5;3); 2) (8;4),(-8;-4); 3) (4,5;0,5); 4) шешімі жоқ.

4-тапсырма. Көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шешіңіз:

4.1. 4.2.

4.3. 4.4.

Дескриптор: Оқушы

- Көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шешу әдісін таңдайды;

- Көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шешеді.

Жауабы: 1) ; 2) ; 3) ; 4) (1;2).

Мұғалім оқушылардың жұмыстарындағы қателіктер болса, түзетіп, нәтижелерін талқылауды ұйымдастырады, логарифмдік функцияның қасиеттері туралы қорытынды тұжырымдарды жүйелейді.

Бағалау критерийлері

Білемін

Қолдана алдым

Жақсарту керек

  • Бірдей негізге келтіру
  • Көбейткіштерге жіктеу
  • Жаңа айнымалы енгізу
  • Біртекті теңдеулер
  • Логарифмдеу
  • Бірнеше әдістің комбинациясы
  • Логарифм анықтамасын қолдану арқылы
  • Потенциалдау
  • Жаңа айнымалы енгізу
  • Логарифмдерді бірдей негізге келтіру арқылы
  • Екі жағын да логарифмдеу

Рустюмова, И. П. Пособие для подготовки к единому национальному тестированию (ЕНТ) по математике: учеб .-метод, пособие. - Алматы, 2005.

Рефлексия

3 минут

Оқушылар үшін рефлексия сұрақтары:

Не білдім?

Неге үйрендім?

Не түсініксіз болды?

Нені жақсартуым керек?

Оқушылар бағалау критерийлері бойынша өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын беру.

Үлестірме материалда

Саралау

Бағалау

ҚТ және денсаулық

Дифференциацияның күрделендіру қағидасы бойынша деңгейлік тапсырмалар орындайды. Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен топта жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетіледі.

Жеке жұмыста өзін-өзі бағалау. Топтардың басқа топтарды бағалауы

Белсенді қызмет түрлері

ҚТ бойынша нұсқаулық. Сынып бөлмесі сабақтан бұрын желдетілген. Сыныптағы орындық парталар түзу тур. Сыныптың іші жарық және сол жақтан түсуде. Сынып бөлмесі алғашқы дәрігерлік көмек қобдишасымен жабдықталған.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу