file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Иррационал теңдеулер мен олардың жүйелері. Иррационал теңсіздіктер. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


Математика ӘБ жетекшісі:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10-11 сыныптардағы Алгебра және Анализ бастамалары курсын қайталау

Мектеп: НИШ ФМН г. Тараз

Мерзімі:Мұғалім

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Иррационал теңдеулер мен олардың жүйелері.

Иррационал теңсіздіктер.

Сабақтың түрі

Қайталау сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқумақсаттары:

11.2.2.1 - иррационал теңдеудің анықтамасын білу, оның мүмкін мәндер жиынын анықтай алу;

11.2.2.2 - теңдеудің екі жағын бірдей n-ші дәрежеге шығару әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу;

11.2.2.3 - айнымалыны алмастыру әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу;

11.2.2.4 - иррационал теңдеулер жүйелерін шеше алу

11.2.2.5 - иррационал теңсіздіктерді шеше алу

 Сабақмақсаттары:

- иррационал теңдеулерді және иррационал теңдеулер жүйесін шешеді;

- иррационал теңсіздіктердің шешеді;

 Бағалау критерийлері:

Оқушылар

-иррационал өрнектің мүмкін мәндер жиынын таба алады;

- иррационал теңдеулерді шешеді;

- иррационал теңдеулер жүйесін шешеді;

- иррационал теңсіздіктерді шешеді.

 Тілдік мақсаттар:

 

 Оқушылар:

-иррационалды теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуді сипаттау үшін математикалық терминдерді пайдаланады және түсінеді.

 Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, өмір бойы оқу құндылықтарын жұптық, топтық жұмыстар жүргізі арқылы дамыту.

 Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

-Сәлемдесу;

-Оқушыларды түгелдеу;

-Үй тапсырмасын тексеру;

- Оқушыларды 3 топқа бөлу

Сабақ мақсатын қою

3 минут

Оқушылардың назарын сабаққа аудару және сабақта қарастырылатын оқу мақсатын анықтау үшін Тапсырма 1 ұсыну.

Тапсырма 1. Ұсынылған теңдеулердің ішінен иррационал теңдеулерді анықтаңыз

  • Ендеше оқушылар сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыздар?- деген сұрақ қойылады.

Мұғалім оқушыларға сабақ мақсатын және бағалау критерийлерін құруға ұсыныс жасайды.

Презентация

Слайд 1

Презентация

Слайд 2,3

Сабақ барысы

8 минут

13-15 минут

10-12 минут

Иррационал теңдеулерді шешу алгоритмін еске түсіру мақсатында «Қатесін табуға» арналған есеп беріледі (Қосымша 1).

Тапсырма 1.

1. Бірінші есеп ММЖ табудың маңыздылығына негізделеді.

2. Екінші есеп оқушылар арасында талқылау жүргізілу мақсатында (шығарылу жолы дұрыс есеп) беріледі.

3. Үшінші есеп жаңа айнымалы енгізу тәсілін тиімді пайдалануға беріледі.

Оқушылар топта қатесін табады, әр топ бір-бір есептің жауабын айтады.Қалған топтар кері байланыс береді. Қате презентацияда жөнделеді. Қорытындылай келе иррационал теңдеулерді шығарудағы негізгі мәселелер айтылып өтіледі.

Келесі тапсырманы орындау үшін «Аялдама» әдісі қолданылады. Үш «Аялдамада» үш түрлі есеп ұсынылады және топтарға әр аялдамада есеп шығаруға 3-4 минут уақыт беріледі. Жұмыс соңында әр топ өзін тақтадағы жауаптар бойынша тексереді. Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылайды, қажет жағдайда бағыттаушы сұрақтар қойып бағыт-бағдар береді.

1-аялдама тапсырмасы (Қосымша 2). Мүмкін мәндер жиыны қалай анықталатынын көрсетіңіздер. Жауаптарыңызды түсіндіріңіздер.

Жауабы:

2-аялдама тапсырмасы қима – қағаздар түрінде беріледі (Қосымша 3).

Тапсырма. Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесімен сәйкестендіріңдер:

3-аялдама тапсырмасы (Қосымша 4). Әр топқа иррационал теңдеулер жүйесіне байланысты есептер беріледі.

1 – топқа:

2 – топқа:

3 – топқа:

Презентацияда иррационал теңсіздікті шешуге арналған есептер көрсетіледі. Әр оқушы тапсырманы өз бетінше орындап, презентациядағы дайын жауаппен өзін-өзі тексереді.

Тапсырма 3. Иррационал теңсіздіктерді шешіңіз:

Презентация

Слайд 4,5,6

http://www.myshared.ru/slide/1148984/

https://www.yaklass.ru/materiali?mode=lsntheme&themeid=4

Қорытындылау

2 минут

Үйге тапсырма.

Мақсатқа жетудегі оқушылардың рефлексиясы.

«Бір минуттық эссе» рефлексиясы бойынша оқушы өзінің оқу мақсатына жеткен-жетпегендігін айқындайды. Бірнеше оқушыдан жазған ессемен бөлісу ұсынылады.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу