Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелерін шешу. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.3А Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелерін шешу | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.2.2.11 - логарифмдік теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешеді; | |||||
Сабақ мақсаттары | Логарифмдік теңсіздіктерді шешуді үйренеді | |||||
Жетістік критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Логарифм, логарифмдік, көрсеткіштік функция Негізі бірден үлкен/ нөлден үлкен, логарифмделетін өрнек, ММЖ... Функция өседі/кемиді… | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өздігінен ақпаратты талдай алу, жағдаяттарды талдау, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді анықтау және шешім қабылдау, топпен жұмыс істей алу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу. Жоғарыда айтылған құндылықтар берілген сабақта жоспарланған жұмыстар бойынша іске асырылады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Логарифмдер физика, астрономия, сейсмология, химия секілді ғылымдарда қолданылады. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ қолданылады, интерактивті тақтада презентация көрсетіледі. | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар логарифмдік функция қасиеттерін біледі, логарифмдік теңдеулерді шеше алады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтың жоспарланған кезеңдері | ||||
Сабақ 1. Сабақтың басы 3 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі - оқушылардың зейінін шоғырландыруға - оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуға | Слайд 1 | ||||
Сабақтың ортасы 10 мин 20 мин 5 мин | II. Жаңа тақырып. А) Мұғалім №3 слайдтағы символдармен берілген жазбаны қарап сөзбен түсіндіруді ұсынады. Мұғалім қажет жағдайда, қарапайым логарифмдік теңсіздіктерді шешу ретін қарастыруға көмектеседі, Логаримделетін өрнектің мүмкін мәндер жиынына назар аударудың маңыздылығын көрсетеді. 1 мен 2 мысалдарды қадам-қадаммен қарастырады. Б) Логарифмнің кейбір қасиеттерін қайталау, және 3 мысалды шешу. III. Топтық жұмыс Оқушылар қарапайым логарифмдік теңсіздіктерді шешу алгоитмін қайталайды, топқа бөлінеді. Әр топ таратпа нұсқалардың біреуін шығарады. Деңгейлері бірдей тапсырмаларды орындағаннан кейін бірдей топтар жауаптарын тексеруге бірігеді. Қате шығарылған есептер талқыланып түзетіледі. Мұғалім дайын жауаптармен осы үрдісті басқара отырып, топтағы оқушылардың қайсысы дұрыс түсінік бере алатынын көрсетеді. Осы кезеңде фомативті бағалау жүреді. Жұмыс қорытындысы – барлық жауаптарды тексеру.
«Қосымша» таратпасы - теңдеулерді шешуді қайталау. | Слайд 2-3 Слайд 8-9-10 Қосымша 1 Қосымша 2 | ||||
Сабақтың соңы 2 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді. Бүгінгі тақырыпты меңгеру деңгейіне сәйкес келетін суретке стикерді жабыстыру жеткілікті. | Слайд 12 | ||||
Дифференциация Қабілетті жоғары студенттерге күрделі деңгейдегі тапсырмалар ұсынылады | Бағалау Оқушылардың өздерін бағалауы. Мұғалімнің сабақ бойы формативті бағалауы – тапсырмаларды дұрыс орындауын қадағалау. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды