Логарифмдік функция оның қасиеттері және графигі. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Көрсеткіштік және логарифмдік функция

Мектеп: Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Логарифмдік функция оның қасиеттері және графигі

Оқыту мақсаттары

11.3.1.15 Логарифмдік функция анықтамасын оның қасиеттерін біледі және графигін сала алады

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

  • Логарифмдік функция анықтамасымен және оның қасиеттерімен танысады және графигін салуды үйренеді

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Логарифмдік функция анықтамасымен және оның қасиеттерімен танысады және графигін салуды үйренеді

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Логарифмдік функция және оның қасиеттері мен графигі жайлы ой-толғаулар жүргізеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Логарифмдік функция, логарифм негізі, көрсеткіші, анықталу облысы, мәндер облысы, бірсарынды функция, өспелі функция, кемімелі функция

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Логарифмдік функцияның анықталу облысы

Логарифмдік функцияның мәндер облысы

 Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту берілген сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға, жағдайды талдауға, жаңа шарттарға бейімделуге, мәселе қоюға және шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, өзінің жұмысының сапасына жауап беруге, өзінің уақытын ұйымдастыруға дағдылану.

 Пәнаралық байланыстар

Физикада радиоактивті ыдырау

Бастапқы білім

Алгебралық формулалармен сенімді жұмыс жасау және сызықтық және квадраттық теңдеулерді сенімді шешу. қарапайым көрсеткіштік теңдеулерді шешу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

3-13

  • Ұйымдастыру кезеңі. Мақсат қою.

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары жасалады. Әрі қарай, мұғалім бағалау критерийлерін айтады, оқушылардың «жақын даму аймағы», сабақтың күтілетін нәтижелері айқындалады. Мұғалім оқушылардың психологиялық мобильдігіне ықпал етеді, оқушыларды диалогке даярлығын орнатады.

  • Қайталау

Мұғалім оқушыларға теориялық материалды қайталауға ықпал ететін сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты меңгеруге ықпал жасайды

  • келесі сандардың әрқайсысын негізі 5 болатын логарифм түрінде жазыңыздар.
  • теңдеуді шешіңіздер:
  • теңсіздіктерді шешіңіздер:
  •  у=f(x) функциясының өспелі немесе кемімелі екендігін анықтаңыз егер қайсыбір аралықта кез келген x1< x2 үшін, егер

а) f(x1) < f(x2) б) f(x1) > f(x2) орындалса.

Оқушылар қасиеттерді дәптерлеріне жазады, кейін мұғалім кейбір оқушылардан оларды ауызша айтуларын сұрайды. Сол кезде мұғалім оқушылардың математикалық тілді дұрыс қолдануына назар аударады, қажет болған жағдайда қателерін сыныптан сұрау арқылы түзетеді.

Бағалау критерийлері:

  • Логарифмдік ықшамдауды біледі;
  • Монотонды функцияның анықтамасын біледі;
  • Көрсеткіштік теңдеулерді шеше біледі

Презентация

Слайд 1-4

Презентация

Слайд 5

Сабақтың ортасы

14 - 20

21-22

23-38

Топтық тапсырма

Мұғалім сыныпты екі топқа бөлу арқылы 1-ші топқа

, ал 2-ші топқа болатын функцияларды координаталық жазықтыққа салуды ұсынады:

Талқылаудан соң мұғалім оқушылардың жұмысын бағалайды, оқушылар тұжырымдарын сыныпқа баяндайды және мұғалім дұрыс жауабын тақтада көрсетеді

Бағалау критерийлері:

  • Логарифмдік функцияның анықталу мен мәндер облысын дұрыс табады;
  • Координаталық осьті қиятын нүктесін дұрыс табады;
  • Логарифмдік функцияның монотондылық аралығын дұрыс табады;

Мұғалім оқушыларға тапсырма беріледі:

болғанда функция мен оның графигін сәйкестендір.

Оқушылар жұпта жұмыс істейді. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім оларды бағалайды, содан кейін мысалдарды көрсетеді

Бағалау критерийлері:

  • Логарифмдік функцияның графигін дұрыс сәйкестендіреді;

Жеке жұмыс.

Оқушыларға өз бетімен шығаруға тапсырмалар беріледі: міндетті және күрделі деңгей.

Оқушылар тапсырмаларды жеке орындайды, қажетінше мұғалім көмек көрсете алады. Орындау аяқталғаннан кейін мұғалім оқушы жұмыстарын бағалайды, сыныппен бірге типтік қателерді талдайды.

Міндетті деңгей

Бағалау критерийлері:

  • Логарифмдік функция қасиеттерін дұрыс қолданады
  • Логарифмдік функция графигін сала біледі;

Күрделі деңгей

Бағалау критерийлері:

  • Логарифмдік функция қасиеттерін дұрыс қолданады;
  • Логарифмдік функция графигін сала біледі;

Презентация

Слайд 6 - 7

Презентация

Слайд 8

Қосымша 1

Сабақтың соңы

38-40

  • Сабақты қорытындылау.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайта оралады, олардың жету деңгейін талқылайды. Келесі сабақтарды жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

Келесі тұжырымдарды толықтырыңыз:

  • Бүгін мен білдім...
  • Қызықты болды ...
  • Қиын болды ...
  • Мен ... тапсырмаларын орындадым
  • Енді мен ... істей аламын.

Презентация

Слайд 9

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Жеке жұмыс кезінде оқушыларға міндетті және күрделі деңгейлердегі тапсырмалар ұсынылады.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу