file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Иррационал теңдеулерді шешу әдістері. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Иррационал теңдеулер

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Иррационал теңдеулер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Иррационал теңдеулерді шешу әдістері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.2.2 - теңдеудің екі жағын n дәрежеге шығару әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу;

11.1.2.3 - айнымалыны алмастыру әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • иррационал теңдеулерді шешу үшін көбейткіштерге жіктеу, жаңа айнымалыны енгізу әдісін қолданады;
  • иррационал теңдеулерді шешеді.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • иррационал теңдеулерді шешу үшін керекті әдістерді ажыратады;
  • иррационал теңдеулерді шешеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • иррационалды теңдеулерді шешуді сипаттау үшін математикалық терминдерді пайдаланады және түсінеді;
  • жаңа айнымалыны енгізу әдісін талқылайды;
  • иррационал теңдеуді шешу кезінде айнымалының анықталу облысына түсініктеме береді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • n дәрежеге шығару
  • анықталу облысы
  • шешімі
  • бөгде шешім.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • ...радикалдан құтылу мен иррационалдық теңдеуді шештім.
  • бөгде шешімін алып тастағаныңызға көз жеткізіңіз

Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым-қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену, жаңаны тез игеруге дайын болу, өзгенің пікірін құрметтеу және тыңдай білу. Топтық және жұптық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысын, бірін-бірі және өзін-өзі бағалауда академиялық шынайылық қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Осыған дейін меңгерілген білім

Алгебралық формулалар, сызықтық және квадраттық теңдеулерді шешу әдістері. Квадрат түбір және оның қасиеттері мен мүмкін мәндер жиыны.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушылардың көңіл күйіне және сабаққа даярлығына көңіл аудару.

Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың ортасы

14 мин

20 мин

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

Жеке жұмыс.

Оқушыларға өткен тақырыпты қайталау және қалыптастыру мақсатында тест тапсырмаларын 1-қосымшаны ұсыныңыз. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды, мұғалім дайын жауаптарды оқиды. Оқушылар бірін-бірі тексереді, алған баллдары бойынша кері байланыс беріліп бағаланады.

Тест тапсырмалары:

1. Теңдеуді шешіңіз: .

 А) 14; В) 16; С) Жауабы жоқ; D) 4; E) 24.

2. Теңдеуді шешіңіз: .

 А) 1; 3; В) 3; С) 0; D) 0; 3; E) 0; 1.

3. Теңдеуді шешіңіз: .

 А) -1; 2; В) -1; С) ; 0; D) -2; 1; E) 2.

4.Теңдеуді шешіңіз: .

 А) 3; В) 6; С) 4; D) 1; E) Түбірі жоқ.

5. Теңдеуді шешіңіз: .

 A) 0; B) -25; C) 25; D) 5; E) түбірі жоқ.

6. Теңдеуді шешіңіз: .

 A) -3; B) 9; C) 10; D) 7; E) -5.

7. Теңдеуді шешіңіз:

А) 2; B) 3; C) 4; D) 2; 3; E) 3; 4.

8. Теңдеуді шешіңіз:

А) -1; B) 2; C) 2; -1; D) 0; -1; E) 0.

9. Теңдеуді шешіңіз:

А) 1; B) 10; C) 1; 9; D) 9; E) 18.

10. Теңдеуді шешіңіз:

 A) 0,5; B) 0,25; C) 1,5; D) -0,5; E) түбірі жоқ.

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

D

Е

Е

Е

С

С

Е

С

D

Е

Жұптық жұмыс. Иррационал теңдеуледі шешу дағдыларын қалыптастыру үшін оқушыларға 2-қосымша деңгейлі тапсырмаларын ұсыныңыз. Оқушылар бұл тапсырмаларды орындау барысында қиын немесе түсініксіз болған жағдайда бір-біріне қолдау көрсете алады немесе мұғалімге сұрақ қойып сыныпта еркін бола алады.

Дифференциация: Тапсырмалар оңайдан күрделіге қарай деңгейлі түрде беріледі. Бірін-бірі оқыту орындалу үшін, білім деңгейі әртүрлі оқушылар жұптасып отырады. Тапсырмаларды орындау барысында бір-бірінен көмек алуына немесе мұғалімнен кері байланыс алуына болады.

Бағалау критерийі: иррационал теңдеулерді шешу үшін керекті әдістерді ажыратады және иррационал теңдеулерді шешеді.

Дескрипторы:

- өрнектерді дұрыс түрлендіреді;

- иррационал теңдеулерді шешу әдісін таңдайды;

- анықталу облысына байланысты дұрыс жауабын анықтайды.

Бағалау: Оқушылар бірін-бірі және мұғалім оқушыларды жауап парағы бойынша тексеріп бағалайды.

1-қосымша

2-қосымша

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия. Білім деңгейі өте жақсы, орта және төмен үш оқушыдан төмендегі сұрақтар бойынша бүгінгі сабақ туралы пікірін сұрау.

Нені үйрендім?

Нені білгім келеді?

Нені түсінбедім?

Үйге тапсырмасын және оны шығару жолына түсінік беру.

Теңдеулерді шешіңіз:

1. 2. . 3. . 4. .

5. теңдеуінің шешімі жатқан аралықты көрсетіңіз:

А) [3;21); B) [3;21]; C) [0; 20]; D) (21;30); E) (-28;21).

6. Теңдеудің үлкен түбірін табыңыз:

3-қосымша

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Қабілеті жоғары оқушылар жұптық және жеке жұмыстар орындау кезінде басқа оқушыларға көмек көрсетеді

Оқушылардың жұптық және жеке жұмыстарға қатысуын бақылау, дұрыс бағыт беру үшін дер кезінде кері байланыс жасау. Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау.

Оқушылардың денсаулығы мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Психологиялық жағымды ахуал туғызу, сергіту сәтін ұйымдастыру.



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу