Қарапайым иррационал теңдеулер. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Иррационал теңдеулер.

Мектеп:

Күні

Мұғалім:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қарапайым иррационал теңдеулер

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.2.1 - иррационал теңдеудің анықтамасын білу, оның мүмкін болатын мәндер жиынын анықтай алу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар иррационал теңдеудің анықтамасын біледі, оның мүмкін болатын мәндер жиынын анықтай алады;

Бағалау критерийлері

теңдеудің мүмкін болатын мәндер жиынын анықтай алады

қарапайым иррационал теңдеулерді шешеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

рационал және иррационал көрсеткішті дәреже. Квадрат, куб, төртінші дәрежелі түбір, n-ші дәрежелі түбір n есе көбейту, бөлу, қосу, азайту, теңдеу , теңдеуді түрлендіру

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, әсіресе жұппен жұмыс істегенде қатысуы керек, сол сияқты талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысуы керек.

Оқушыларға есептерді шығару үшін шығармашыл болу керек, талап қоя білуі, жұппен жұмыста қолдау көрсете алуы керек.

Жұпппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді

Пәнаралық байланыстар

Информатика, физика. Түбір ұғымын білу алгебра мен анализде, математикада, сол сияқты физикада да маңызды.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Натурал және бүтін көрсеткішті дәреже, Арифметикалық квадрат түбір және оның қасиеттері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

5 минут

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру

Өткенді қайталау. Миға шабуыл

Оқушыларға парақшалар таратылады

Төмендегі теңдеулерді шешіңдер

1) 2) 3)

4) 5)

Бүгінгі сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындау. Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін талқылау.

Сабақтың ортасы

12 минут

15 минут

Оқу мақсаты:

11.1.2.1 - иррационал теңдеудің анықтамасын білу, оның мүмкін болатын мәндер жиынын анықтай алу;

Жаңа сабақ. Жаңа сабақ оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою, мысалдар келтіру арқылы түсіндіріледі. Иррационал теңдеулердің мүмкін мәндер жиыны мен бөгде түбірлеріне аса назар аударылады.

Миға шабуыл.

Анықталу облысын табыңыз. Презентация арқылы функцияның анықталу облысын табу қайталанады. Оқушылар тапсырманы орындайды.

Тақырыпты ашу үшін Бофорт есебін ұсыну.

Тапсырма: Бофорттың жел шкаласы желдің жылдамдығын өлшеуге жобаланған.

B - Beaufort саны, 0-ден 12-ге дейін өзгереді, оны мына формула бойынша табуға болады.

,

мұндағы s - жел жылдамдығы болады (миль/сағ).

B = 11 Бофорт санына сәйкес келетін желдің жылдамдығын табыңыз.

Қалай ойлайсыз, бұл қандай теңдеу болады?

Оны қалай шешу керек деп ойлайсыз?

Оқушыларға төмендегі сұрақтарға жауап беруді ұсыну:

Қандай теңдеулер иррационал теңдеу деп аталады?

Мұғалім оқушылардың жауабын тыңдап, презентациядан анықтаманы көрсетіп таныстырады.

Анықтама. Иррационал теңдеулер деп айнымалысы түбір таңбасының ішінде болатын теңдеуді айтамыз.

Иррационал теңдеулерге мысал келтіріңіз.

Презентацияда иррационал теңдеулерді ажыратуға тапсырма беріледі.

Мұғалім оқушылармен бірге талдайды.

Жұптық жұмыс.

𝑥 саны теңдеудің түбірі болады ма?

Бағалау:

Оқушылардың жауаптары презентациядағы дайын жауап арқылы тексеріледі.

Жұптық жұмыс.

Оқушыларға теңдеулердің мүмкін мәндер жиынын анықтауға 10 теңдеу ұсынылады.

Дискриптор:

  • мүмкін мәндер жиынын табу үшін дұрыс теңсіздіктер құрады;
  • теңсіздіктердің ортақ шешімін табады;
  • теңдеудің мүмкін болатын мәндер жиынын дұрыс анықтайды.

Мұғалім тапсырманы аяқтаған оқушыларға ретімен түрлі түсті таяқша таратады. Тапсырманы аяқтап болған соң бірдей түсті таяқшаға ие болған оқушылар бір топқа бірігеді. Бұл топта тапсырманы орындау жылдамдығы әр түрлі оқушылар топтасады.

Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

Тақырыпты пысықтау мақсатында жеке жұмыс орындату.

Оқушылар тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай орындайды.

Дискриптор:

  • мүмкін мәндер жиынын табу үшін дұрыс теңсіздіктер құрады;
  • теңсіздіктердің ортақ шешімін табады;
  • теңдеудің мүмкін болатын мәндер жиынын дұрыс анықтайды.

Кеспе парақ

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақты қорытындылау.

Бағалау.

Рефлексия.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үйге: №120-123 жұптары

Кеспе парақ

Алгебра және анализ бастамалары. 11сынып. Оқулық Әбілқасымова А.Е.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлік тапсырмалар мен жұптық жұмыс арқылы

Ауызша сұрақтар қою, қалыптастырушы бағалау

Оқытудың белсенді әдістері арқылы дене қимыл жаттығулары, тапсырмалардың көпшілігінде АКТ тиімді қолдану

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу