Иррационал теңдеулерді шешу әдістері. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


Иррационал теңдеулер

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Иррационал теңдеулер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Иррационал теңдеулерді шешу әдістері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.2.2 - теңдеудің екі жағын n дәрежеге шығару әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу;

11.1.2.3 - айнымалыны алмастыру әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • иррационал теңдеулерді шешу үшін көбейткіштерге жіктеу, жаңа айнымалыны енгізу әдісін қолданады;
  • иррационал теңдеулерді шешеді.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • иррационал теңдеулерді шешу үшін керекті әдістерді ажыратады;
  • иррационал теңдеулерді шешеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • иррационалды теңдеулерді шешуді сипаттау үшін математикалық терминдерді пайдаланады және түсінеді;
  • жаңа айнымалыны енгізу әдісін талқылайды;
  • иррационал теңдеуді шешу кезінде айнымалының анықталу облысына түсініктеме береді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • n дәрежеге шығару
  • анықталу облысы
  • шешімі
  • бөгде шешім.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • ...радикалдан құтылу мен иррационалдық теңдеуді шештім.
  • бөгде шешімін алып тастағаныңызға көз жеткізіңіз

Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым-қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену, жаңаны тез игеруге дайын болу, өзгенің пікірін құрметтеу және тыңдай білу. Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысын, бірін-бірі және өзін-өзі бағалауда академиялық шынайылық қалыптастыру.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алгебралық формулалар, теңдеулерді шешудің көбейткіштерге жіктеу және жаңа айнымалы енгізу әдістері. Жоғары дәрежелі теңдеулерді шешу әдістері (биквадрат, квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулер). Квадрат түбір және оның қасиеттері мен мүмкін мәндер жиыны.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушылардың көңіл күйіне және сабаққа даярлығына көңіл аудару.

Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың ортасы

14 мин

5 мин

15 мин

  • Иррационал теңдеулерді шешу әдістері мен ерекшеліктеріне назар аудару, сыныппен талқылау.
  • Топтық жұмыс.
  • Оқушыларды топтарға бөлу (4 адам).
  • Мұғалім әр топқа тапсырмалар таратады.
  • 1 топ – бұл топта үлгерімі төмендеу, 2 топ – бұл топта үлгерімі орта, 3 топ– бұл топта үлгерімі жоғары оқушылар.
  • 1-топқа иррационал теңдеуді шешудің тәсілі көрсетілген, теңдеудің екі жағын да бірдей дәрежеге шығару тапсырмасы,
  • 2-топқа жаңа айнымалы енгізу арқылы шешу тапсырмасы, ал
  • 3-топқа теңдеудің берілуіндегі функциялардың ерекшеліктеріне назар аударатын тапсырма беріледі.
  • Оқушылар тапсырманы шешу жолын постерге орындап, тақтада қорғайды, ал басқа топтар шешімін дәптерге жазады.
  • Қорғау барысында мұғалім кемшіліктеріне назар аударып, түзетулер жасайды. Мұғалім әрекет етеді: оқушылардың өзін-өзі оқыту орындалу жағдайына.

Активити CLIL. True/False Dictation (Ақиқат/жалған, диктант). Қалыптастырушы бағалау. Жеке жұмыс.

Оқушылардың тақырыпты білу және түсіну (Блум таксономиясы бойынша) қаншалықты түсінгенін анықтау мақсатында келесі активити жүргізіледі. Оқушыларға кіші тақталар (Ламинатталған А4 парақтары, whiteboard) таратылады. Мұғалім тұжырымды оқиды, ал оқушылар кіші тақталарға ақиқат болса «Т» әріпін жазады (True), ал жалған болса, «F» әріпін жазады (False) да жоғары көтеріп мұғалімге көрсетеді. Осы активити арқылы қай оқушының тақырыпты игеру деңгейін бақылайды. Мұғалім бес сөйлем оқиды.

Критерийлер:

Егер оқушы 4-5 сұраққа дұрыс жауап берсе оқушылар оқу мақсатын игергендігі анық.

1. Иррационал теңдеу – айнымалысы квадрат түбірдің астында болатын теңдеу. (ақиқат)

2. иррационал теңдеу болады (жалған).

3. теңдеуінің шешімі х = 3 болады (жалған)

4. теңдеуінің шешімі а = 2 болады (жалған)

5. Иррационал теңдеулерді шешу кезінде барлық табылған түбірлерді берілген теңдеуге қойып тексеру керек. (ақиқат)

Активити Find Word (Сөзді тап).

Әр оқушыға 1 тапсырма(тест) таратылады, 12 оқушының әрбір үшеуінің тапсырмасы бірдей болуы тиіс. Тапсырманы әрқайсысы жеке орындайды. Тақтада төрт әріптен тұратын белгісіз сөз ілінген. Бұл сөздің әрбір әріпі тесттің дұрыс жауабының нұсқасы болып табылады. Егер тапсырмалары бірдей үш оқушы да тапсырманы орындап дұрыс жауабын тапса, онда олар тақтаға өз әріптерін жазады. Мұғалім оқушылардың шешімдерін тексереді. Соңында «Сабо» деген сөз пайда болады.

«Find Word» активитиі арқылы, «сабо» (деревянный башмак) деген сөз шығады. Ең алғаш ағаш аяқ киімдер жиі тараған мемлекеттер мен аудандар: Нидерланды, Бельгия, Галисия, Кантабрия, Литва, Дания, Швеция.

Мұғалім сабо туралы мәлімет бере отырып, оқушыларды әлемнің азаматы ретінде дамуына үлес қосады.

Бағалау: мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалайды. Егер оқушы тестті қате орындаған болса, тапсырмасы бірдей дұрыс орындаған оқушыға жібереді. Бұл жағадайда оқушылардың бірін-бірі оқытуы орындалуы тиіс.

Видеороликhttps://www.youtube.com/watch?v=5YhdS7rrxt8

Флипчарты, маркеры, клей

1-қосымша

https://bilimland.kz/ru/courses/math-ru/algebra/irraczionalnye-funkczii/lesson/metody-resheniya-irraczionalnyx-uravnenii

Уайтбордтар, маркерлер

2-қосымша

Презентация

3-қосымша

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия. Білім деңгейі өте жақсы, орта және төмен үш оқушыдан төмендегі сұрақтар бойынша бүгінгі сабақ туралы пікірін сұрау.

Нені үйрендім?

Нені білгім келеді?

Нені түсінбедім?

Үйге тапсырмасын және оны шығару жолына түсінік беру.

Теңдеуді шешіңіздер:

1.

2.

3.

https://bilimland.kz/ru/courses/math-ru/algebra/irraczionalnye-funkczii/lesson/metody-resheniya-irraczionalnyx-uravnenii

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Қабілеті жоғары оқушылар жұптық және жеке жұмыстар орындау кезінде басқа оқушыларға көмек көрсетеді

Оқушылардың жұптық және жеке жұмыстарға қатысуын бақылау, дұрыс бағыт беру үшін дер кезінде кері байланыс жасау. Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау.

Оқушылардың денсаулығы мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Психологиялық жағымды ахуал туғызу, сергіту сәтін ұйымдастыру.



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу