Иррационал теңдеулер. Иррационал теңдеулерді шешу әдістері. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктер | ||
Сабақ: | Мұғалімнің аты-жөні: | |
Сынып: 11 А | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Иррационал теңдеулер. Иррационал теңдеулерді шешу әдістері | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.2.2.2 - теңдеудің екі жағын n дәрежеге шығару әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу | |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: иррационал теңдеудің анықтамасын біледі, қарапайым түрлерін шеше алу; Басым бөлігі: теңдеудің екі жағын n дәрежеге шығару әдісін қолдану арқылы квадрат теңдеуге келтіріп иррационал теңдеулерді шешу; Кейбір оқушылар: Иррационал теңдеулердің күрделенген түрлерін шеше алу. | |
Бағалау критерийлері |
| |
Тілдік мақсаттар | Айнымалы, теңдеу, иррационал теңдеу, теңдеудің түбірі, бөгде түбір. | |
Құндылықтарға баулу | Оқушылар ынтымақтастық ортада жұмыс жасайды. Бір бірімен қатынасқа түсе отырып, басқалардың пікірлерін тыңдауға, өз пікірін ашық айтуға дағдыланады. Есептерді талқылайды, өз ойын басқаларға жеткізе алады, дәлелдейді, қорытынды жасайды. | |
Пәнаралық байланыстар | Информатика, физика | |
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта, ғаламтор ресурстары, testcenter.kz сайты | |
Тақырып бойынша алдыңғы білім | Иррационал өрнектерді түрлендіру. |
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин 3 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу «Броундық қозғалыс» стратегиясы арқылы 3 топқа бөлінеді Психологиялық ахуал туғызу. Көбелектер таңдау. Осы көбелектерді ұстап отырып жаз мезгілін еске түсіріңіздер. Ал мен сендерге бір аңыз айтып берейін. Бұл оқиға ерте заманда болған. Бір қалада ақылды Ғалым деген данышпан мен оның сөзін қызғанып көре алмайтын Асан деген қатыгез адам өмір сүреді. Асан данышпан Ғалымға жауап бере алмайтындай бір сұрақ ойлап тапқысы келеді. Ол үшін ол шалғынға барып, көбелек ұстап алады да, оны алақанның ортасына салады. Асан данышпаннан сұрағысы келеді: «Менің қолымдағы көбелек тірі ме әлі өлі ме», - деп. Егер ол өлі десе, мен алақанымды ашам да, көбелек ұшып кетеді, ал егер тірі десе, мен алақанымды қатты қысамын, көбелек өліп қалады. Асан көбелекті ұстап алып, Ғалымға келеді: «Менің қолымда көбелек өлі ме, тірі ме?» - деп сұрайды. Сонда данышпан Ғалым былай деді: «Барлығы сенің қолыңда». Иә, өмірде кей кездерде келеңсіз оқиғалар болады, ештңе істегің келмейді. Онда данышпанның сөзін еске алыңыз " Барлығы сенің қолыңда". Осы сөз бүгінгі сабағымыздың ұраны болсын. Бүгін өтетін тақырыбымыз «Иррационал теңдеулер». Бұл тақырыпты игере отырып, сендер иррационал теңдеу және оның бөгде түбірлері ұғымымен танысасыңдар, иррационал теңдеуді шешу жолдарын үйренесіңдер. Сендердің алдарында «Жетістік картасы» жатыр. Онда сендер сәтті орындаған тапсырмаларыңды символмен және ұпай санымен белгілейсіңдер.
«!» - еркін қолдана аламын «+» - есептей аламын, кейде қателесемін «-» - тағы да жұмыс жасау керек Сабаққа алатын бағаларын – рейтингтік, нәтижесі жинаған ұпай сандарына байланысты
«Миға шабуыл» Сұрақтар: 1.а санының n-ші дәрежелі түбірі дегеніміз не? 2.Көбейтіндіден түбір шығару қалай орындалады? 3.Бөлшекпен түбір шығару қалай орындалады? 4.Түбірдің дәрежесі көрсеткішімен түбір таңбасының ішіндегі өрнектің көрсеткіші туралы ережені тұжырымда. 5.Түбірді дәрежеге шығару үшін не істеуге болады? 6.Түбірден түбір шығару қалай орындалады? «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау,әрбір дұрыс жауап 1 балл | Слайд Бағалау парақтары Слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 8 мин 8 мин 1 мин 12 мин 3 мин | Эйнштейн былай деген екен: «Маған саясат пен теңдеулер арсындағы уақытты бөлу керек. Бірақ, теңдеулер, маңыздырақ. Саясат айтылмыш кез үшін ғана өмір сүреді, ал теңдеулер мәңгі бақи өмір сүреді». «Аспайтын асу жоқ» дегендей бірнеше айлардан соң сендер студент атанасыңдар. Сонда сендерге өз бетімен көп жұмыс жасау керек болады. Сол себептен мен де сендерге «Иррационал теңдеулер» тақырыбын өз бетімен игеруді ұсынамын. «Түртіп алу» әдісі. Оқушылар анықтаманы оқиды, теориялық білімдерін кеңейтеді, қарындаштың көмегімен ойлаудың іске асуын белгілеп отырады: «v» - маған таныс, «+» - мен үшін жаңа, «-» - мен білетін түсінікке сәйкес келмейді, «?» - бұл туралы тереңірек білгім келеді. Оқыған анықтаманың нәтижесін әуелі жұпта, сосын топта талқылау. Саралау тапсырмаларын орындау А-деңгей В-деңгей С-деңгей
Сергіту сәті: «Математикалық би», функциялардың графиктерін қолмен көрсетеді. «Біреуі - үйде , үшеуі –қонақта» тәсілін қолданып, «Иррационал теңдеулер» тақырыбында ҰБТ-да кездесетін есептер шығару
«Дұрыс -Бұрыс» стратегиясы арқылы оқушылардың теориялық материалды игеруін тексерем
Өзін-өзі тексеру
Әрбір дұрыс жауапқа – 1 ұпай, есептеп «Жетістік картасына» енгізіңдер. | Оқулық Интерактивті тақта Бейнеролик Тест кітапшасы оtestcenter.kz сайты Слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | Рефлексия «Таңдау» әдісі.1. Мен сабаққызықты ________ қызықсыз болды деп ойлаймын.2. Мен сабақта: үйрендімкөп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.3. Мен басқалардымұқият ______________ зейінсізтыңдадым.4. Мен пікірсайыстарғажиі ______________ сирекқатыстым5. Мен сабақтағы өз жетістіктерімеризамын ____________ риза емеспін. Үй тапсырмасы
| Парақтар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Түртіп алу» әдісімен мен оқушылардың өз бетінші білім алуына ықпал жасап, бұрыннан таныс мәліметті жаңа мәліметпен ұштастыруды үйретем; өзін-өзі бағалауға ынталандырам, «Біреуі-үйде, үшеуі- қонақта» әдісін қолданып түсіндіру және сипаттау арқылы оқушылардың белсенді болуына ықпал жасаймын. қабілетті оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмалар беремін. | Әр тапсырмадан кейін дескрипторлар жасадым, «Дұрыс –бұрыс» стратегиясы, тест, өзін бағалау парағы «Жетістік картасын» қолдандым | Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен? | Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. Оқу мақсаты бағдарламадан алынды, сабақтың басында оқушылардың назарын шоғырландыруға назар аудардым, оқушылардың «жақын арадағы даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нəтижелерді анықтау мақсатында өзін-өзі бағалау жүргізілді. Сабақ барысында оқушыларда ақпаратты талдау жəне өңдеу, зерттеу, практикалық жұмыс, проблемалық жағдайды шешу арқылы білім қалыптасты. Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті деп айта аламын. Себебі, оқушылар топта да, жекелей де белсенділік танытып, берілген есептерді дұрыс шешіп тексеру арқылы дәлелдеді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: «Біреуі үйде, үшеуі қонақта» әдісі; 2: «Дұрыс – Бұрыс» әдісі арқылы оқушылар алған білімін бағалау; Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Оқушылар арасында бәсекелестікті күшейту; 2: Деңгейлерінің теңесуіне бағыттау; Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет? Оқушылардың қызығушылықтарының артқанын, білім деңгейлерінің көтерілгенін анықтадым. Қабілеті жоғары оқушылардың өз беттерімен ізденулеріне жағдай жасап, шығармашылық қабілеттерінің артуына ықпал етемін. |
Жетістік картасы
Сынып : 11
Оқушының аты-жөні,тегі
Тапсырмалар |
|
|
|
|
|
|
|
| |||||||||||||||
Ұпай | |||||||||||||||||||||||
Белгі «!» - еркін қолдана аламын «+» - есептей аламын, кейде қателесемін «-» - тағы да жұмыс жасау керек |
Бағалау шкаласы
Ұпай саны | Қорытынды баға |
26-30 | Тамаша! Ғажап! |
21-25 | Жақсы жұмыс жасадыңыз |
16– 20 | Бағытыңыз жаман емес |
0 - 15 | Тағы тырысып көріңіз |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?