Иррационал теңдеулерді шешу әдістері. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар, сабақ 3

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 Иррационал теңдеулер

Мектеп: Көкшетау қаласындағы Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абдрахманова Нуржамал Айдархановна

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Иррационал теңдеулерді шешу әдістері

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.2.2 - теңдеудің екі жағын бірдей n-ші дәрежеге шығару әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу;

11.2.2.3 - айнымалыны алмастыру әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар: иррационал теңдеулерді екі жағын бірдей n-ші дәрежеге шығару әдісі және айнымалыны алмастыру әдісін есептер шешкенде қолдана алады және талдау жасау арқылы жауабын рәсімдейді.

Кем дегенде бес есепті шеше алады.

 Бағалау критерийлері

Оқушы

- иррационал теңдеулерді шеше алады, таңдап алынған шешуін дәйектей алады;

--теңдеудің мүмкін мәндерін таба алады;

  • иррационал теңдеулердің шешімінің бағалауын түсіндіреді;
  • теңдеудің таңдалған шешу тәсілін сипаттайды;
  • иррационал теңдеулердің түбірлерін іректеуді түсіндіреді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

иррационалды теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуді сипаттау үшін математикалық терминдерді пайдаланады және түсінеді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қазақша

Ағылшынша

Орысша

Теңдеу

Equation

Уравнение

Теңсіздік

Inequality

Неравенство

Рационалды

Rational

Рациональный

Иррационалды

Irrational

Иррациональный

Радикал

Radical

Радикал

Шешу

Solve

Решать

Шешім

Solution

Решение

Бөгде шешім

Extraneous solution

Постороннее решение.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қазақша

Ағылшынша

Орысша

... радикалды құтылу мен иррационалдық теңдеуді шештім.

Solve / I solved the irrational equation by isolating the radical and…

Решить / я решил (а) иррациональное уравнение, путем избавления от радикала... .

Бөгде шешімнен алып тастағаныңызға көз жеткізіңіз

Make sure you reject extraneous solutions.

Убедитесь, что вы исключили посторонние корни.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, сыныппен талқылауда коммуникативтік дағдыларын дамытады. Оқушылар есептерді шығару үшін шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, талап қоя біледі, топпен жұмыста қолдау көрсетеді. Академиялық шыншылдыққа, ынтымақтастыққа баулу. Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді.

 Пәнаралық байланыстар

Оқушылар 10-сыныпта логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді өткен. Теңдеулер мен теңсіздіктерді оңай шешу қабілеті оларға 11-сыныпта оқыған кезде септігін тигізеді. Физика мен химия пәндерінде формулаларды өрнектеу дағдысын шыңдайды.

АКТ қолдану дағдылары

Презентацияны қолдану, зерттеу жүргізгенде интернет ресурстарын қолдану

Бастапқы білім

Алгебралық формулалармен сенімді жұмыс жасау және сызықтық және квадраттық теңдеулерді сенімді шешу. қарапайым көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулерді шешді біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың басында оқушылардың зейіндерін шоғырландыруына назар аудару:

– оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын тұжырымдау;

– бағалау критерийлерін тұжырымдау үшін оқушыларды талпындыру;

– оқушылардың «жақын даму аймағын» және сабақтың күтілетін нәтижелерін анықтау.

Көңіл күй смайликтері бойынша оқушыларды ынталандыру

Презентация

Слайд 1-4

Сабақтың ортасы

6 минут

5 минут

22 минут

2 минут

1 минут

2. Үй тапсырмасын жұптарда өзара тексеру, сұрақ туындаған тапсырмаларды тақтада қарастыру

Дарытылатын құндылықтар: оқушылар жұпта үй тапсырмаларын тексеру арқылы өзара бағалау орындай отырып, академиялық адалдыққа, бір-бірін тыңдау және есту, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиеленеді.

Оқушылардың жұмыстарына НЗМ стратегиясы бойынша кері байланыс беріледі:

Нақты нәтиже...

Зейін салу керек…

Мақсатқа жету үшін...

3. Жұптық жұмыс. Оқушылардың білімдерін қайта жаңғырту. "Сұрақ-жауап" ойыны әрбір сұраққа дұрыс жауап беру арқылы 1 балдан қояды өзін өзі бағалау кестесіне.

  • Иррационал теңдеулерді шешу әдістері қандай?
  • Теңдеулердің қандай түрлерін білеміз?
  • Жоғары дәрежелі теңдеулерді шешудің қандай әдістерін білеміз?
  • Иррационал теңдеулерді шешкенде неге көңіл бөлуіміз керек?
  • Иррационал теңсіздіктерді шешкенде неге көңіл бөлуіміз керек?
  • Иррационал теңміздіктерді шешу алгоритмі.
  • Теңдеулерде көбейткішке жіктеу әдістері қандай?

Дарытылатын құндылықтар: оқушылар жұптардағы талқылау барысында жақындардың мәселелерін көре және түсіне білуге, өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдауға, құрметтеуге, сынға түсіністікпен қарауға тәрбиеленеді.

Кері байланыс

1.Тапсырманы орындау барысында қандай қиындық туындады?

2. Неліктен деп ойлайсыз?

3. Қандай қасиеттерді қайталау керек.

4. Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау.

Тапсырманың мақсаты: иррационал теңдеудің екі жағын бірдей тақ дәрежеге немесе жұп дәрежеге шығару және жаңа айнымалы енгізу арқылы теңдеулерді шеше білу. Оқушылардың білім деңгейін тексеру мақсатында. Академиялық шыншылдыққа, ынтымақтастыққа баулу дағдыларын дамытады.

Бағалау критерийлері:

  • Иррационал теңдеулердің мүмкін мәндерін таба біледі;
  • Теңдеудің екі жағын бірдей n-ші дәрежеге шығара алады;
  • Теңдеудің түбірлерін тауып, талдау жасай алады;
  • Теңдеуді жаңа айнымалы енгізу арқылы шеше алады;
  • Тексеру жасайды.

.

1. Теңдеуді шешіңіз : , жауабы: х= 2 3 балл

2. Теңдеуді шешіңіз: , 4 балл

3. Теңдеуді шешіңіз: 3 балл

4 . Теңдеудің түбірлерінің көбейтіндісін табыңыз: 4 балл

5. Теңдеуді шешіңіз: 3 балл

Дескрипторлар:

  • Иррационал теңдеулердің мүмкін мәндерін таба алады;
  • Теңдеудің екі жағын бірдей n-ші дәрежеге шығара алады;
  • Теңдеудің түбірлерін табады;
  • Теңдеуді жаңа айнымалы енгізу арқылы шеше алады;
  • Түбірлерін талдау жасайды;
  • Тексеру жасайды.

Кері байланыс.

1.Тапсырманы орындау барысында қандай қиындық туындады?

2. Неліктен деп ойлайсыз?

3. Қандай қасиеттерді қайталау керек.

4. Неге көңіл бөлу қажет?

Бағалау өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы

Үй жұмысы

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/irraczional-funkcziyalar/lesson/irraczional-tengdeulerdi-sheshu-adisteri

сайттың 3-8 тапсырмаларын орындау.

Презентация

Слайд 2-7

Қосымша 1

Слайд

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/irraczional-funkcziyalar/lesson/irraczional-tengdeulerdi-sheshu-adisteri

Қосымша 2

Слайд 8

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақ соңында жүргізілетін рефлексия:

Кері байланыс: «Бес бармақ» тәсілі:

  • бір– Басты мәселе (бүгінгі сабақтағы ең құнды мәселе).
  • екі– бірлесу (мен бүгін топта қалай жұмыс жасадым? кімге көмек бердім? кімді риза еттім?)
  • үш (Мен бүгін қандай білім алдым?)
  • төрт(Маған бүгінгі сабақ ұнадыма?)
  • бес– көңіл күй ахуалы(мен бүгінгі сабақта өзімді қалай сезіндім)

Слайд9

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты біроқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу.

өзін-өзі бағалау

бірін- бірі бағалау

мұғалімнің бағалауы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасының ережелерін еске салу

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу