Иррационал өрнектерді түрлендіру. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.1B бөлімі:n-ші дәрежелі түбірлер | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Иррационал өрнектерді түрлендіру | |||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ. | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 11.2.1.5 n-ші дәрежелі түбірдің қасиеттерін алгебралық өрнектерді түрлендіруде қолданады; x | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану арқылы алгебралық өрнектерді түрлендіре алады. | |||||||||||
Бағалау критерийлері | 1) рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдана алады; 2) ықшамдалған нәтижені таба алады. | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: кубтық түбір, үшінші дәрежелі түбір, n-ші дәрежелі түбір, санның тақ дәрежелі түбірі, санның жұп дәрежелі түбірі, n-ші дәрежелі түбірден шығару, рационал көрсеткішті дәреже, рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттері. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -... саны ... санының ... түбірі болады, себебі ...; -... саны ... санының ... дәрежелі арифметикалық түбірі болады, себебі ...; -... санның ... дәрежелі арифметикалық түбірі болмайды, себебі ...; арифметикалық түбірдің қасиеттері бойынша ... өрнектің ... үшін мағынасы бар. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика тарихы. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | теорялық материалды түсіндіруде бейнебаян қолданылады. | |||||||||||
Бастапқы білім | Дәреже, иррационал сан және арифметикалық квадрат түбір анықтамаларын білу, дифференциалдау ережелерін қолдану. Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану, квадраттық теңдеу және теңсіздіктерді шешу, у = х2, у = х3, функцияларының графиктерін салу және оның қасиеттерін анықтау. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы Ұ және М 2 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылау. | 1-3 слайдтар | ||||||||||
Сабақтың ортасы М және Ұ 5 минут Ұ 10 минут Ж 13 минут Ө 7 минут | Сабақта сыни ойлаудың күрделендіру қағидасы басымдық табады. Жаңа материал. Білу және түсіну. 1. Теориялық материалды bilimland сайтының бейнебаянымен түсіндіріледі. Рационал көрсеткішті дәреже қасиеттері ұсынылады және мұғалім әрбір қасиетке мысал тақтада көрсетеді. 2. Қасиеттерді қолданып есептер шығаруға дағдыландыру үшін әрбір оқушыға екі есептен ұсынылады және тақтаға шығып өз есептерінің шығару жолымен бөліседі. Бағалау: мұғалімнің бағалауы орын алады. Дескриптор
3. Жұптық тапсырма орындалады. Сәйкестендіруді орындау арқылы, рационал сан терминімен тығыз байланысты ғалымның атын табады. Ғалым туралы оқушылармен бірге диалог орнатады. Бағалау: бір-бірін бағалау орын алады, шықпаған есептерін бір-біріне түсіндіреді. Дескриптор
4. Оқушылар жеке тапсырманы орындайды. Есептеу жұмысын орындап, сандарды өсу ретімен орналастыруы керек. Бағалау: критерийі бойынша мұғалім өзі тексереді. Дескриптор
| № 1 Дидактика-лық материал № 2 Дидактика-лық материал № 3 Дидактика-лық материал | ||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | 1. Тақырыпты қорытындылау кезеңінде сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында INSERT техникасын қолданамын.
2. Бағалау. Жеке жұмыс бағалау критерийлері негізінде мұғалім тарапынан бағаланады. 3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. 4. Үйге тапсырма: оқулықтан 251-тапсырма. Өрнекті ықшамдаңыз:
| № 4 Дидактика-лық материал Шыныбеков Ә.Н., Алгебра және анализ бастамалары 11, Алматы, 2011, 79 б. | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Талқылауда барлық оқушының қатысатынына, идеяларын ортаға салатындығына, білімі төмен оқушылардың басқалардан тәуелді болмауына сынып оқушыларның сенімді болуы жоспарланған. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында INSERT техникасын қолданамын. | Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін. | Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?