Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.1В Математикалық статистика элементтері | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар | |||||
Сабақтың түрі | Бекіту сабағы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.3.3.4 - таңдама бойынша кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын бағалау; | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларға берілген шартқа сәйкес вариациялық қатарлардың деректерін талдай білу дағдыларын қалыптастыру. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
- теңмүмкіндікті оқиғаның жалпы санының оқиғаның орындалу санына қатынасы ... ; - жасалған тәжірибелер жалпы санының тәжірибенің сәтті орындалу санына қатынасы ... ; - таңдама элеметтерінің мәндерінің көбейтіндісін олардың салыстырмалы жиілігіне көбейту ... ; | |||||
Құндылықтарды дарыту | Ұжымдыққа, өздігінен жұмыс істеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу. | |||||
Жаһандық азаматтылыққа тәрбиелеу | Тақырыптың жан-жақтылығын әр түрлі халықаралық әдебиеттерден тапсырмалар беру арқылы көрсету. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, экономика | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентациямен, графикалық калькулятормен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. | |||||
Бастапқы білім | Статистика элементтерін білу: салыстырмалы жиілік, арифметикалық орта, мода, медиана, дисперсия, вариациялық қатардың стандарттық ауытқуы. Ықтималдық теориясының элементтерін білу: ықтималдықтың классикалық анықтамасы, математикалық күтілім, дисперсия, кездейсоқ шаманың стандарттық ауытқуы. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы
| 1.Оқушылармен амандасу. Ынтымақтастық ортаны құру. 2.Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау. |
| ||||
Сабақтың ортасы 8 мин 10 мин 17 мин
| 3.Оқушылардың білімін жандандыру Полигон ,гистограмма, дисперсия және статистикалық қатардың стандарттық ауытқу ұғымдарын қайталау. Оқушылар статистика бөлімі бойынша қайталайды. Бірін-бірі толықтырады. 4-11 слайдтар. 4.Жұптық жұмыс Берілген деректер бойынша таңдалымның орта мәнін дисперсиясын, орташа квадраттық ауытқуын есептейді. Жиіліктер гистограммасы мен полигонын салады.Мұғалім таңдалым сипаттамаларының дұрыс табылғанын және полигон мен гистограмманың дұрыс салынуын әр жұпта бағалайды. Дескриптор
5.Жеке жұмыс Таңдама бойынша кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын есептейді , полигон ,гистограмма салады Дескриптор
Бағалау: оқушылар жеке жұмыс қорытындысы бойынша өзін-бірі бағалайды. Одан әрі мұғалім бағалау критерийлері бойынша кері байланыс береді. |
https://www.matburo.ru/ex_ms.php?p1=msv Гмурман В.Е. Теория вероятностей и математическая статистика: Учеб. пособие для вузов. – 9-е изд., стер. – М.: Высш шк., 2003. – 479с.: ил ISBN 5-06-004214-6
| ||||
Сабақтың соңы
| 6.Сабақты қорытындылау 7.Үй тапсырмасы 8. Рефлексия. |
| ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Дифференциация күрделендіру принципі бойынша жүргізіледі. | Материалды меңгеру деңгейін тексеру жеке, жұптық жұмыс кезінде өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы арқылы жүргізіледі. | Сабақ басында оқушылар кабинеттегі тәртіп ережелерімен , қауіпсіздік техникасымен таныстырылады. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?